Теңсіздік - экономикалық ресурстарға, әлеуметтік құндылықтар мен саяси билікке қол жеткізу үшін әлеуметтік топтардың (страталар, таптар, касталар, топтардың) әртүрлі мүмкіндіктері.
Әлеуметтік теңсіздік-бұл адамдардың өмірлік мүмкіндіктерінің теңсіздігі, яғни олардың әлеуметтік игіліктерге (байлыққа, билікке, білімге, беделге және т. б. шектеулі ресурстарға тең қол жеткізбеуі)
Теңсіздік ғылыми және қоғамдық дискурстың мәні болған кезде ғана түсініледі. Сонда теңсіздік өмір сүре бастарды деп айтуға болады
Әлеуметтік теңсіздік туралы айту мүмкіндігі болу үшін екі танымдық операция жасау керек (К.Эдер, антрополог):
1.Әлеуметтік әлемді тік жіктеу
2.Класстарға бөлінген индивидтерден тұратын, теңдік идеалынан ауытқыған тік жіктелген әлемді жариялау
Әлеуметтік-экономикалық теңсіздік мәселесі жаһандық дағдарыспен байланысты. Қазақстан сияқты шикізатты экспорттаушы, дамушы мемлекеттерде нақ осы мәселе белең алуда. Әлеуметтік теңсіздік нарықтық экономика саясатын ұстанып отырған барлық елдерге тән. Әлеуметтік теңсіздік әлеуметтік белсенділіктің қалыптасуына, адам капиталының өсуіне жағдай жасайды. Бірақ, шамадан тыс әлеуметтік теңсіздік социумның (қоғам) тұрақты дамуына қауіп төндіреді.
Білім берудегі теңсіздік. Негізінен, мектептер ешкімнің байлығына, дәулетіне, әлеуметтік жағдайына қарамай барлығына тең қарауға міндетті. Дегенмен, әлеуметтік теңсіздік туралы жүргізілген жаһандық зерттеулердің бірінде мүлдем олай еместігі белгілі болды. Мамандардың айтуынша, жыл сайын байлар мен кедейлер арасындағы білім айырмашылығы артып барады.
Зерттеу нәтижелеріне сенсек, 60 мемлекетте ең бай және ең кедей адамдар арасындағы білім алу жасында үш жыл айырмашылық бар. Сонымен қатар аз қамтылған отбасыларда шыққан он баланың тек біреуі ғана бай отбасынан шыққан балалардың білім нәтижесіне жетеді екен.
Білім беруді мәртебе - айқындау құралы ретінде қолдану, түрлі әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар үшін қолжетімді білім берудегі мүмкіндіктер теңсіздігін күшейтіп отыр. Кедейлер оқитын мектептерде оқушылар тар сынып бөлмелерінде бір мұғалімнің орнына келген басқа мұғаліммен немесе жақында ғана оқуын бітірген, тәжірибесіз оқытушымен бірге стандарт тестілеуге дайындалады. Шығармашылық қабілет-дағдыларын дамыту деген атымен болмайды. Студенттер автомеханик немесе косметолог кәсіптеріне мамандана алады. Бірақ олардың мектептері есептеулерді, шығармашылық жазбаларды немесе АР (біліктілік арттыру) сыныптарын ұсына алмайды. Мектеп қандай бағдарлама ұсынғанымен сынып бөлмелерінде жылыту жүйесі дұрыс болмаса, оқушылар ескі оқулықтарды бөлісуге мәжбүр болса, білім алу қиындай түседі. Керісінше, бақуатты адамдардың балалары заманауи сыныптарда және ғылыми лабораторияларда білім алып, көптеген тілдерді, зерттеу тақырыптарын және АР сыныптарын таңдай алады. Кеңесші қызметшілер оқушылардың талабына сай беделді оқу орнына түсуге көмектеседі. Ең таңдаулы АҚШ колледждеріне бірінші курс студенттерінің 55 пайызы табыстың 25 пайызына иелік ететін отбасылардан келеді. Сол сияқты аралас табысты қоғамда қаржысы жеткілікті оқушылар кедей балаларға қарағанда, әртүрлі бағдарламалары бар, жақсы оқу орнына қол жеткізе алады.
4. Қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі міндеттерінің біріне халық денсаулығына қоршаған орта (әлеуметтік және табиғи) факторларының кешенді әсерінің сипатын анықтау, әлеуметтік-экономикалық жағдайларды ескере отырып халық денсаулығының қалыптасуы тенденциясы мен заңдылықтарын зерттеу жатады.
Қоғамдық денсаулықтың қалыптасуы факторлардың кешенді әсер етуімен байланысты, оларды төмендегідей негізгі топтарға бөлуге болады:
- саяси (мемлекеттік әлеуметтік саясат, денсаулық сақтау саласындағы саясат, денсаулық сақтауды мкемлекеттік реттеу, денсаулық сақтау саласындағы құқықтық актілер және т.б.);
- әлеуметтік-экономикалық (бір тұрғынға шаққандағы ІЖӨ, денсаулық сақтау жүйесінің қаржыландырылуы, еңбек және тұрмыс жағдайы, тамақтану, денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдастырылуы, өмір сүру салты және т.б.);
- табиғи-климаттық, экологиялық (қоршаған орта жағдайы және ластануы);
- биологиялық (жас, жыныс, тұқым қуалаушылық, ұлты, дене бітімі, жүйке жүйесі типі және т.б.б).
Түрлі аурулар кезіндегі әлеуметтік және биологиялық факторлардың ара қатынасы біртекті емес, дегенмен негізгі роль әлеуметтік компонентке: жағдайлар мен факторларға беріледі.
Әлеуметтік жағдайлар- бұл өндірістік қатынастардың көріну түрі, әлеуметтік-экономикалық құрылыс және қоғамның саяси құрылымы
Әлеуметтік факторлар - әр адам үшін әлеуметтік жағдайлардың көрінісі: еңбек және демалыс жағдайы, үй тұрмысы, тамақтануы, білімі, тәрбиесі және т.б.
Қоғамдық денсаулық сақтаудың қол жеткізген жетістіктерінің ішінде медициналық-әлеуметтік және эпидемиологиялық зерттеулерді айта кету керек, осы зерттеулер нәтижесінде халық денсаулығына әсер ететін факторлар (қатер факторлары) тобы және олардың үлесі анықталды.
өмір сүру салты және жағдайлары – 49-53%, барлық әсердің орташа 50% (темекі тарту, ішімдікті шамадан тыс қолдану, үйлесімсіз тамақтану, стресстік жағдайлар, зиянды еңбек жағдайлары, гиподинамия, нашар материальдық-тұрмыстық жағдайлар, наркотик қолдану, дәрі-дәрмектерді артық қолдану, семьяның тұрақсыздығы, жалғыздық, мәдени және білім деңгейінің төмендігі, урбанизация және т.б.)
- генетикалық факторлар - 18-22%, орташа 20% (тұқым қуалаушылық ауруларға бейімділік)
- қоршаған орта - 17-20%, орташа 20% (климат, ауа, су, топырақтың зиянды заттармен ластануы, жоғары гелиокосмостық, радиациялық, магниттік және т.б.б сәулеленулер)
- денсаулық сақтау - 8-10%, орташа 10% (профилактикалық шаралардың тиімсіздігі, медициналық көмек сапасының төмендігі, медициналық көмектің дер кезінде көрсетілмеуі).
Барлық БДҰ тарихындағы ең ірі зерттеу проектісінің нәтижесінде (2002 ж) жалпы деңгейде халық аурулығы мен өлім көрсеткішінің деңгейін анықтайтын 10 негізгі қатер факторы белгіленді: тамақтану жеткіліксіздігі, темекі тарту, артериялық гипертензия, сумен қамтамасыз ету, санитария, сонымен қатар жеке және тұрмыстық гигиенаның қанағаттанарлықсыз жағдайы, гиподинамия, кәсіби зияндылықтар, қауіпті секс, ішімдікті артық қолдану, атмосфералық ауауның ластануы.
Сонымен, қоғамдық денсаулықты қалыптастырудағы әлеуметтік факторлардың негізгі ролі өмір сүру жағдайлары мен салты арқылы жанама түрде әсер етеді.
Қазіргі зерттеушілер денсаулықтың қалыптасуы ғылыми түсінігінде медициналық-әлеуметтік жағдайлармен шектеліп қоймай, өмір салтын философиялық және әлеуметтік түсіндірулерді қолдана отырып кең түрде қоғамдық бағытта қарастыруда.
Өмір салты – тарихи нақты әлеуметтік қатынастарға тән жеке немесе топтық өмір сүру формасы, немесе белгілі бір қоғамдық-экономикалық формациямен анықталатын адамның күнделікті өмір сүруі ерекшелігін сипаттайтын түсінік.
Өмір салты 4 категориядан тұрады:
- өмір деңгейі – адамдарның материальдық және мәдени қажеттіліктерінің қанағаттандырылу дәрежесін сипаттайтын және сандық бейнеленетін экономикалық категория (жалпы ұлттық өнім мөлшері, халықтың нақты табысы, медициналық көмектің өол жетімділігі және қамтамасыз етілуі, жұмыс күнінің ұзақтығы және т.б.)
- өмір сапасы - адамдарның материальдық және мәдени қажеттіліктерінің қанағаттандырылуын өмір стандарты немесе деңгейімен салыстыра отырып сапалық сипаттайтын әлеуметтік категория (еңбекпен, тамақтану сапасымен, медициналық көмек деңгейімен қанағаттандырылу және т.б.)
- өмір стилі – жеке тұлғаның немесе адамдар тобының белгілі бір мінез-құлық типін сипаттайтын, ұдайы өндірілетін ерекшелік, манера, дағдылар, ұнатушылық, әуестілікпен бейнеленетін әлеуметтік-психологиялық категроия.
- өмір тәртібі – қоғамдық-саяси формацияда өндірістік қатынастардың жүйесін сипаттайтын әлеуметтік-экономикалық категория.
Өмір салты критерилері мен бағалаудағы ерекшеліктерге қарамастан халық денсаулығын қалыптастыруда әлеуметтік факторлардың ролі барлық халықаралық денсаулық сақтаумен мойындалған.
Өмір салты бойынша әр түрлі ауруларға бейім келетін әлеуметтік топтар ажыратылады, олар қатер топтары деп аталады:
- демографиялық: балалар, қарттар, жалғыз бастылар, жесірлер, мигранттар, қашқындар;
- кәсіби қатер: денсаулыққа зиян келтіретін өндірістерде жұмыс жасайтын жұмысшылар (ауыр машина жасау, химиялық, металлургиялық өнеркәсіп, транспорт және т.б.);
- функциональдық, патологиялық жағдайлар: жүкті әйелдер, дене салмағы аз шала туылған балалар, генетикалық қатері бар, туа пайда болған ақаулары бар адамдар, бала жастан мүгедектер
- төмен материалдық, кедейллік, қайыршылық өмір деңгейі: кедейлер, материалдық жағдайы төмендер, жұмыссыздар, жартылай жұмыс күнімен жұмыс істейтіндер, «тұрақты мекен-жайы жоқтар».
- девианттық мінез-құлқы бар, психопаттық, әлеуметтік-психологиялық және т.б. коллизий адамдар: алкоголиктер, нашақорлар, токсикомандар, жезөкшелер, жыныстық ауытқулары бар адамдар, психикалық денсаулығы және тәртібінде ақаулары бар адамдар (невропаттар, психопаттар және т.б.); психикалық және физикалық ақаулары бар, діни топтарға жататындар, сектанттар және т.б. .
Барлық аурулардың ішінде әлеуметтік маңызды аурулардың орны ерекше, олардың тізімін медициналық-әлеуметтік қолдау көрсету үшін қосымша немесе жеңілдетілген шаралар қабылдау мақсатында үкіметпен белгіленеді: онкологиялық және қатерлі қан аурулары, диабет, ревматизм, жүйелі қызыл жегі, балалар церебральді параличі, психикалық аурулар, миокард инфаркті және т.б.
Денсаулықтың әлеуметтік детерминациялығын мойындау денсаулық мәселесін әлеуметтік тұрғыдан кең түрде қарастыру қажеттігіне негіз болды, сонымен қатар денсаулықты қамтамасыз ету денсаулық сақтау ұйымдары мен органдарының тікелей жауапкетшілігі мен міндеті аясынан шығып кетеді.
Денсаулықты сақтау және нығайту мемлекеттің, жұмысберуші және әр азаматтың ынтымақтастық жауапкершілігі болып табылады, ол халықтың тікелей белсенді араласуы арқасында сектораралық қарым –қатынас жолымен жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |