1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану


тақырып. Экономика, жаһандану және еңбек. Популяция, урбанизация және әлеуметтік қозғалыстар



бет47/52
Дата07.12.2022
өлшемі281,75 Kb.
#161697
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
Тезисы Социология каз.2020 г.

10 тақырып. Экономика, жаһандану және еңбек. Популяция, урбанизация және әлеуметтік қозғалыстар.

1.Еңбек, оның функциясы мен мазмұны. Кәсіп және еңбек.


2. Жаһандық қоғам
3. Халық демографиясы және урбанизация үдерісі.
4. Әлеуметтік қозғалыстар.

Әлеуметтік процестерді зерттейтін көптеген ғылымның қарастыру аймағында бұрыннан еңбек тұрады. Еңбек адамзаттың бір белгісі болып табылады, өйткені ол адамзат қоғамының қалыптасу процесінде пайда болды, қоғамды жасады және қоғамда ғана ойлануға тұрарлық болды.


Еңбек туралы ғылым жүйесінде, ең алдымен, қоғамдық еңбек және табиғат пен қоғамның өзара әрекетінің біртұтас процесі ретінде тұлғаның әлеуметтік мәнінің өзара байланысын зерттейтін философия туралы айтуға болады.
Еңбек психологиясы адамның еңбек қызметінің психологиялық ерекшеліктерін зерттейді, кәсіби бағдар мен кәсіби іріктеу әдістерін әзірлейді.
Еңбек гигиенасы ғылымының басты қарастыру аясында тиімді қоршаған ортаны жасау, адам ағзасына арналған шарттар мен өзара әрекет ету мәселесі тұрады; эргономика адамның техникалық жүйелерімен өзара әрекетін зерттейді.
Экономикалық әлеуметтаным қоғам өмірінің мынадай екі негізгі саласын зерттейді: экономикалық және әлеуметтік, қызметкерлердің өндірістік аядағы мінез-құлқы, субъектінің өндірістің әлеуметтік тиімділігін арттырудағы рөлі, сондай-ақ экономикалық мәдениет пен экономикалық мінез-құлық. Оның қарастыру аясында экономиканы әлеуметтік-экономикалық реттеу механизмдері, адамның еңбекке деген қарым-қатынасы, еңбек ықшамдығы, еңбек нарығы, жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық тұр. Экономикалық саланың әр түрлі екендігі негізінде әлеуметтік проблематика саласы да бөлек, экономикалық әлеуметтаным да ғылым ретінде өзінің құрылымы бар, яғни тақырыптық бөлімдер мен бағыттардан тұрады. Олардың негізгілері мыналар болып табылады: еңбек әлеуметтанымы, кәсіптер мен істер; бөлгіштік, мүліктік қатынастар әлеуметтанымы; ұйымдастыру әлеуметтанымы; басқару әлеуметтанымы.
Экономикалық әлеуметтану экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттегенде белгілі бір әдістемелік қағидаларға сүйенеді. Олар:
1.Қандай да бір экономикалық процестерді зерттеу объектісіне айналдырғанда экономикалық әлеуметтану өндірістегі әрбір таптың оның ішінде топтың, жіктің мұң-мұқтажы, мүдде, талап –тілегі тұрғысынан зерттейді.
2.Қандай да бір әлеуметтік талдау жүргізбесін, экономикалық әлеуметтану өндірістегі әлеуметтік топтардың, оның жіктерінің меншік формасына қатынасын, әл-ауқатының дәрежесін, өмір сүру жағдайларын нақтылы еске алып отырады.
3.Экономиканы, ондағы қатынастарды дамытуға әлеуметтік факторлардың тигізетін әсерін және экономикалық қатнастардың әлеуметтік қатынастарға, процестерге тигізетін әсерін ескереді.
4.Әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуде әлеуметтік, яғни, адам факторына басты назар аударады.
5.Экономикалық және әлеуметтік мәселелерді тығыз байланыста қарап, шешілетін практикалық мәселелерді де бірыңғай байланыста қарауға бағыттап отырды.
6.Шаруашылық тетігімен салыстырғанда әлеуметтік тетіктің ықпалы басым түсетінін әр уақытта ескеруді қажет етеді.
7.Экономикалық және әлеуметтік саясаттың тығыз байланыста болатынын есте ұстау.
Айта кететін бір жайт, экономиклық әлеуметтану жеке-дара әлеуметтану теорияларымен, мысалы, еңбек әлеуметтануы ұйым және басқару әлеуметтануымен де айналысады. Экономикалық әлеуметтанудың зерттеуіндегі басты айырмашылық – ол жалпы экономикалық және әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің даму заңдылығын зерттейді. Ал, заңдылықтар деген не? Олар осы байланыс, қатынастардың ең тұрақты, қайталанатын, қажетті, мәнді, басты жақтарының жиынтығы. Әлеуметтануда заңдылықтарды даму тенденциялары деп те айтады.
Осы құбылыстар мен процестердің қатынастары мен байланыстарының негізінде экономикалық әлеуметтану, бір жағынан, әлеуметтік алуан түрлі топтардың, жіктердің мұң-мұқтажын, мүддесін, талап – тілегін қанағаттандырып, іске асыру жағын ойластырса, екінші жағынан, жалпы экономикалық дамудың факторлары мен алғы-шарттарын, экономикалық және әлеуметтік дамудағы байланыс – қатынастардың мәнін зерттеп, анықтайды. Экономикалық әлеуметтік қатынастарға ықпалын, әлеуметтік топтарға бөлінудің экономикалық себептерін ашу, экономика дамуының әлеуметтік факторларын талдап көрсету қажет. Мысалы, экономиканың кейбір әлеуметтік мәселелері, атап айтсақ, қызметкерлердің білім және мамандық, үй-тұрмыс, жалақы, табыс, кірісі, бала тәрбиелеу, т.б. біршама дұрыс шешілген, ал, өндіріс жүйесіндегі топтардың, олардың ішіндегі жіктердің қоғамдық өндіріс орындарындағы іс-әрекеттері мен мінез-құлықтары әлі осы уақытқа дейін зерттелмей келеді. Бұл өте маңызды, өзекті мәселе. Бұл мәселені дұрыс шешпейінше өндіріс қарқынмен дамиды, еңбек өнімділігі жоғарылайды, сапалы тауарлар көп шығарылады деп айту қиын. Өйткені өндірістегі өндірілген өнімді бөлу, айырбастау, тұтыну, оларды жоспарлап, жұмысты дұрыс ұйымдастыру арқылы жүргізу осындағы әр түрлі адам топтарына – олардың мінез-құлқына тікелей байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет