23.Қан түкіру кезіндегі жеделмейірбикелік көмек Науқастың бас жағын көтеріңкі жатқызу.
Түкіргішті қолдануды үйрету және оны дез ертіндісімен толтыру.
Физикалық күштемеге, ыссы тамақ ішуге тиым салу.
Дәрігерге дейін дайындап қою: гемостатикалық дәрілік препараттарды: этамзилат, викасол, аминокапрон қышқылы.
24.Кеуде ауырсыну себептері Кеуде ауырсынуы негізінен плевраның зақымдануына байланысты. Қалыпты жағдайда плевра қуысында 2-3 мл шамасында плевра беттерін майлап тұратын сұйықтық болады. Сондықтан висцералды және париеталды плевра бір-бірімен үйкеліспейді. Плевра қабынғанда оның беттеріне фибрин жиналып, адыр-бұдырлық пайда болады, плевра беттерінің бір-бірімен үйкелісуіне жағдай туады.
Ауырсыну туғызатын негізгі тыныс алу мүшелерінің аурулары:
1. Құрғақ плеврит.
2. Крупозды пневмония.
3. Өкпе туберкулезі.
4. Өкпе инфарктісі.
5. Пневмоторакс
6. Өкпе ісігі.