1. Тірі ағзаларды халық емшілігінде тиімділігін анықтау



бет18/19
Дата20.04.2020
өлшемі0,81 Mb.
#63072
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Дәрілік өсімдіктер
pdf1537978379, sro(20170512-17855) (1), бала даму картасы 2021, 21858P (1)
Ескерту: наркүміс улы дәрі болғандықтан, көз ауруына, ішуге, сыртқы ауруларға пайдаланғанда, дәрінің проценттік мөлшеріне ерекше көңіл бөлу керек. Дәрі шыны тығында құмырада сақталады. Сақталу мерзімі 24 сағаттан артпауы тиіс.

Тотияйын

Жинау және өңдеу. Мыс кендірінен қазылып алынады. немесе күкірт қышқылы мен мысты химиялық жолмен әрекеттестіру арқылы да алуға болады. Бұл зат ауада оңай ыдырайтындықтан, аузы берік ыдыста сақ-талады. Кермек дәмді, улы болады.

Ем болатын аурулары


  1. Бидайдың үлкендігіндей тотияйынды шыны түбіне құйған сиыр сүтіне езіп, дәрі әзірлейді. Теміреткінің айналасын тазаланған инемен шабоктап, қанды сары-суын шығарып, әзірленген дәріні күніне екі-үш рет жағады.

  2. Баспа болғанда (тамақ жедел қабыну), 7 г тотияйын мен 15 г жібек құрт қозасынан (қуырып) қосып талқандап, тамақтың ішіне үрлейді (сілекейді жұтпау керек).

3.Уытты ісіктің аузы шықпай, сыздап ауырғанда, тотияйын мен торғайдың саңғырығынан аз мөлшерде талқандап, суға араластырып, ісікке таңады.

  1. Құтырған ит қапқан жараның уытын қайтару үшін тотияйынды талқандап, жараның аузына таңады.

  2. Құлақ қуысына шыбын тышқанда, аз мөлшердегі тотияйынды сірке суына езіп, құлаққа тамызады.

  3. Күйдірілген тотияйыннан аз мөлшерде алып, балға араластырып, геморройға жағады.

  4. Трахома (көз ауруы) болғанда, 0,25 г күйдірілген тотияйынды суға езіп, сүзгіден өткізіп, көзге тамызады. Халық емшілері мұрынның ішіндегі өспе еттерді емдеу үшін де тотияйынды пайдаланады.

  1. Тамақтан уланғанда құстыру үшін 0,5 г тотияйынды 50 мг суға езіп, минут сайын бір қасықтан ішсе, асқазан бүрлерін тітіркендіріп, құстырады да, іштегі уды сыртқа шығарады.

  2. Құлақтын бұлығына, құрт жеген тісті емдеуге де аз мөлшерде тотияйынды пайдаланады.

Ішуге 0,3-0,6 г. Денеге қажетті мөлшерде жағады. Ескерту: тотияйын улы болғандықтан, байқап пайдаланған жөн.

ТАБИҒИ МЫС

Жылтыр, сары түсті металл. Кей кездерде қоңырқай түсті, тотыққан темір төріздес келеді. Қатты болғанымен, оңай бөлінеді. Мыс кенінің орындарынан алынады.

Жинау жөне өндеу. Қазып алынғаннан кейін, тазартып өңдейді. Табиғи мысты алғаннан кейін, металл ыдысқа салып, отқа күйдіреді. Әбден қызғанда, сірке суымен суарады. Кептіріп, тағы, да отқа өртеп, қыздырып кептіріп, қыздырған сірке суына тағы бір рет суарса ұсақталады. Оны көлеңкеде кептіріп сақтайды. Кермек дәмді.

Ем болатын аурулары

Сіңірлерді бекемдеп, мертіккен сүйектерді дәнекерлейді.

Жығылып жарақаттануға, сыныққа табиғи мыстан 30 г, мақсары, аю балдырғаннан 24 грамнан, жер-кенеден 15 г қосып талқандап, 6 грамнан дәрілік сары арақпен ішеді.

Пайдалану мөлшері: 3- 9 г. Денеге белгілі мөлшерде жағады құрамында қос күкіртті темір және басқа заттар бар.

СІРКЕ СУЫ

Сірке суы - жидек шырынынан немесе күріш, бидай және басқа дақылдардан өндірілген жеміс. Қытайдың барлық жерлерінде өндіріледі. Демі ащы, қышқыл болады.



Ем болатын аурулары

  1. Босанғаннан кейінгі қан аздыққа, бас айналуға қыздырылған темір ыдыстың ішіне сірке суын құйып, аузынан шыққан буға мұрынды ыстайды. Дәмді ішке тартып, буымен тыныс алады.

  2. Мұрыннан қан тиылмағанда, қара бұрышты талқандап, оны сірке суына араластырып, аз мөлшерде шылап етін салып, жаншып ішеді.

  3. Тамақ ісіп, жұтқыншақ бітіп тынышсызданғанда, жас саяғызға су қосып жаншып, иілінен жарым кесе, сірке суынан жарым кесе қосып араластырып, құс қанатының үлпілдегімен дәріні тамақтың ішіне күніне бірнеше рет жағады.

  4. Тіс қақсағанда, алақаттың тамыр қабығының бір үлесін сірке суына қайнатып, қайнатнасымен ауызды шаяды, сондай-ақ ұзақ тұрған сірке суынан 120 мл, сары бұрыштан б г алып, қайнатып, ауызды шайқайды.

  5. Күн өткенде, пар моншадан ыс тигенде немесе запыраннан бас ауырғанда, сірке суына орамалды шылап, мандайға басса, ауру тарқайды.

  6. Жұқпалы тұмаудың алдын алу үшін 7 л сірке суын темір ыдысқа құйып, пештің үстіне қайнатып, үйдің ішін үш күн бойы сірке суының буымен буландырса, тұмау жұқпайды.

  1. Сірке суы құлақ ауруларына да таптырмас ем. Сірке суын құлаққа тамызса, есту қабілетін күшейтіп, құлақ ішіндегі бұлықты тазалайды.

  2. Пиязды жұқалап жапырақтап турап, сірке суына салып, бірнеше күндей күн нұрына қыздырып, онан соң күнде таңертең 6 грамнан ішсе, ауыздағы сасықты кетіреді. Сірке суына тұз қосып, ауызды шайқаса, тістің еттерін қуырып, түбін бекемдейді.

9. Пиязды аз мөлшөрдегі сірке суына шылап, жылы жерге қойып ашытып, 7 күннен кейін күніне екі рет бөлгілі мөлшерде ішсе, жөтелді тиып, қақырықты босатып, демікпені бәсеңдетеді.

  1. Бұзылған тағамдардан уланғанда, сірке суын жылытып ішсе, уытты тарқатады. Асқазанда ұйыған қанды немесе тамақтарды айдайды.

  2. Сірке суын жылытып жақса немесе сүртсе, тіпті мақтаға шылап, таңып қойса, ісікті қайтарады. Сыздап, қызып ауырғанды да басады.

  3. Ұсақ буын ревматизміне де сірке суы ем ретінде қолданылады. Сірке суына аз мөлшерде күкірт салып, ол еріген соң, мақтаны шылап, ауырған буындарға таңса, қақсағанды басып, ауырғанды тоқтатады.

  4. Сірке суына ағаш күлін илеп, ісіген жерге таңса, лимфа туберкулезінің ісінуін қайтарады, сыздауды тоқтатады.

  1. Сірке суы өттен, көкеністерден уланғанда ем болады.

  2. Аяқтың сіңірлері қайрылып немесе созылып ауырса, сірке суын ысытып, оған түйенің жүнін немесе мақтаны шылап, ауырған жерге танса, ауырғанды басады, уытты қайтарады.

  3. Бетке түскен секпілді кетіру үшін торғай жұмыртқасына азырақ су қосып, сірке суына араластырып, бетке жағады.

  4. Соя бұршақты сірке суына қайнатып, анаға жегізсе, баланың түсуін тездетеді. Бала жолдасы түспесе де осы едісті қолдануға болады.

  5. Торғай саңғырығының сірке суына езіп, жараға таңса, жара оңай ауыз алады.

Пайдалану мөлшері: үлкендерге 20 - 30 г. Сірке суының құрамында сірке қышқылы, сірке эфирі тәрізді заттар бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет