№1 дәріс Фармакологияға кіріспе. Жалпы фармакология. Афференттік жүйке
жүйесіне әсер ететін дәрілер: Жергілікті анестетиктер
Фармакология – pharmakon – дәрі, logos – ғылым деп аударылады.
Фармакология – дәрі–дәрмектердің жануарлар және адам организміне әсерін зерттейтін
ғылым. Дәрі - белгілі бір емдік немесе профилактикалық әсер беру үшін қолданылатын
химиялық зат. Фармакологияның негізгі міндеттері – дәрінің организмге әсерін зерттеу,
жаңа дәрілерді іздестіру.
Фармакологияның даму тарихы.
Фармакологияның даму тарихы адамзаттың даму
тарихымен бірдей өте ұзақ. Ежелгі дәрілер әртүрлі өсімдіктерден
және жануарлар
ағзаларынан алынды.
Гиппократ- (
б.э. ІҮ-ІІІ ғ. бұрын өмір сүрген) - ертедегі медицинада қолданылған
дәрілерді бір жүйеге келтірген.
Клавдий Гален
(ІІ ғ.) – алғашқы рет дәрілік өсімдіктерді балласт заттардан тазартқан.
Абу Али-ибн-Сина
(Х-ХІ ғ.) - өз заманында қолданылған дәрілерді, олардың қабылдау
тәсілдерін бір жүйеге келтірген.
Парацельс
(ХҮ-ХҮІ ғ.) –
иатрохимияның негізін салушы, медицинаға ауыр
металдарды дәрі ретінде енгізді.
ХҮІІІ ғасырдың аяғында – ХІХ ғасырдың басында фармакология ғылым ретінде дами
бастады. Маңызды жетістіктері :
1785 ж. – оймақгүл препараты жүрек ауруларын емдеу үшін қолданылды.
1806 – 1831 жж.
- өсімдіктерден морфин, атропин, хинин алкалоидтар бөлініп
шығарылды.
1844 – 1847 жж. -
азоттың шала тотығы, хлороформ наркозға қолданды.
ХІХ ғ. 30 жылдары – сөндірілген әк дезинфекциялайтын дәрі ретінде қолданылды.
1879 ж. – нитроглицерин ашылды.
1901 ж. - химиотерапияның негізгі принциптері құрастырылды.
1921 ж. – инсулин ашылды
1929 ж. – пенициллин ашылды
1950 ж.– аминазин табылды
1970 ж. – простагландиндер ашылды
1980 ж. – СПИД–ке қарсы азидотимидин ашылды.
Советтік фармакологияның белгілі ғалымдары:
Павлов И.П.
– ащы, сілтілі заттардың ас қорыту
жолының қызметіне әсерін,
ОЖЖ әсер ететін дәрілердің әсерін зерттеді. Психофармакологияның негізін қалады.
Кравков Н.П.
– Совет фармакологиясының негізін қалаушы. Дәрілердің құрама
әсерін
зерттеді, патофармакологияның негізін қалады. Венаға наркоз беруді ұсынды.
Клиникаға құрама наркозды енгізді. 1926ж. Ленин сыйлығына ие болды.