19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері


Революциялық процестер. Кубадағы және Чилидегі революциялар



бет162/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

Революциялық процестер. Кубадағы және Чилидегі революциялар. Аймақтың кейбір елдерінде (Гватемала, Боливия, Никарагуа, Сальвадор) соғыстан кейінгі жж. дамудың толғағы жеткен мәселелерін шешу үшін белсенді, революциялық әрекеттер қолданылды. 50-70 жж. аса маңызды оқиғалар Кубадағы және Чилидегі революциялар болды. Кубада 1953 ж. жас революционерлер тобы адвокат Фидель Кастроның басшылығымен генерал Фульхенсио Батистаның диктаторлық режиміне (1952-1959) қарсы көтерілді. Фидель Кастроның тобы 1953 ж. 26 шілдеде Сантьяго қаласындағы әскери бекніске шабуыл жасады, бірақ сәтсіздікке ұшырады. 1956 ж. желтоқсанда Ф.Кастро аралдың шығысында тауда партизан соғысын бастады. Оған халық қолдау көрсетіп, 1959 ж. 1 қаңтарда диктатураны құлатып, революцияның жеңісімен аяқталды. Көтерілісшілер революциялық үкімет құрып, оны Фидель Кастро басқарды. Аралда революциялық өзгерістер басталды. Революционерлердің Ф.Кастро бастаған радикалдық қанаты қоғамның экономикалық және әлеуметтік негіздерін халықтың кедей топтарының пайдасына батыл түрде өзгертуді жақтады. Бұларды, олардың ойынша, еңбекшілердің бұқаралық ұйымдарына арқа сүйей отырып, революциялық диктатура іске асыруға тиіс болды.

Бірақ революциялық режим жағдайында Кубаның дамуы көптеген қайшылықтар мен қарамақайшылықтарға тап болды. Куба өзіне қарсы экономикалық блокада жариялаған АҚШ-пен экономикалық байланыстарының үзілуі, жағдайды шиеленістіре түсті және көп қаржы мен адам ресурстарын қорғаныс мақсатына тартуға мәжбүр етті. 60 жж. басында-ақ халықты азық-түлікпен және күнделікті қажетті тауарлармен карточка жүйесі арқылы іске асырыла бастады. Куба басшылығы 60 жж. жедел түрде «коммунистік қоғам орнатуға» бағыт ала бастады. Деревняларда жеке шаруашылықтар жойылды. Мемлекеттік сектор барлық жердің 60 % өз қолына шоғырландырды. Нарықтық және тауар-ақша қатынастары жойылды. Еңбекақы төлеуде теңгермешілік, жұмыс уақытынан соң тегін, коммунистік еңбек енгізілді. Жедел индустриаландыру мен қант өндірісін шұғыл арттыруға артылған үміт ақталмады.

1961 ж. Кубаның негізгі революциялық саяси ұйымдары бірікті. Біртұтас партия 1965 жылдан бастап коммунистік деп аталды. Оның Бірінші хатшысы болып Фидель Кастро сайланды. Осы кезден бастап ол елдегі билікке монополиясы бар бірден-бір партияға айналды. Ф.Кастро бастаған ауыстырылмайтын партиялық-мемлекеттік басшылықтың шексіз билігі, орталықтандырылған мемлекеттендірілген экономиканың үстемдігі 60 жж. солшыл бюрократиялық тоталитарлық режимнің қалыптасуына алып келді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет