1.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы


Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері



бет61/95
Дата26.01.2022
өлшемі158,56 Kb.
#114953
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   95
Байланысты:
гос 1 ЖАУАПТАРЫ

31.Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.
Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі дене тәрбиесінің міндеті- негізгі қимыл әрекеттерін меңгеру,мектептегі дене тербиесіне даярлау,ауырулардың алдын алу және дене мәдениеті амалдарын қолдану арқылы денсаулықты нығайту болып табылады.Бала бақшалардағы дене тәрбиесі амалдарына базалық спорт түрлерінің бастапқы негіздері (жеңіл атлетика,гимнастика, қозғалыс және спорт ойындары, шаңғы тебу, жүзу) және қимыл-қозғалыс әрекеттерінің элементтері(төмпешіктен түсу, жылтыр мұзбен сырғанау, кедергілерден өту, өрмелеу және т.б.)кіреді.Дене қуатын жан-жақты дамыту үшін бүлдүршіндерге дене тәрбиесі процесі кезінде қимыл шеберлігін, дағдысын,бастапқы икемділктерін игеруге көмектесу керек.Сондықтан мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі жеткіншектерді дене тәрбиесіне баулу және тәрбиелеу ісі негізгі мектепке дейін жүргізілгені жөн.Жалпы дене шынықтыру денсаулықты нығайтуға, дене қуатын барынша арттыруға, қимыл ептілігіне дағдылануға бағытталған.Барлық дене тәрбиесі жаттығулары, сабақтары, адам денсаулығын нығайтуға арналуы тиіс.Балабақшалардағы сабақтардың нәтижесі олардың көлемі мен жаттығуды орындау қарқынына байланысты.Оқытушы өсіп келе жатқан организмнің биологиялық заңдылықтарын,жас ерекшеліктері мен барлық мүмкіндіктерін білуі керек, педагогикалық тәсілдерді және дәрігерлік бақылауды жақсы меңгеруі қажет.Сонда ғана ол денсаулықты нығайту жолында жемісті жұмыс істей алады. Дене тәрбиесі сабағы оқу бағдарламасының және сабақтың өткізілу жоспарының негізінде жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет