2. Диплом жұмысының (жоба) тақырыбына қойылатын талаптар


Диплом жұмысының (жобаның) жазылу ережелеріне қойылатын талаптар



бет3/10
Дата14.12.2021
өлшемі41,54 Kb.
#127103
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Академиялық жазу Осөж Сөж тапсырмасы 14-15апта Абылұлы Мағжан Иско-303

3. Диплом жұмысының (жобаның) жазылу ережелеріне қойылатын талаптар

1. Диплом жұмысын (жобасын) жазу үшін әрбір студентке кафедраның ұсынуымен ғылыми жетекші тағайындалады;

2. Диплом жұмысының (жобаның) ғылыми жетекшісі болып академияның профессорлары, доценттері, тәжірибелі оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері немесе ғылыми зерттеулері мен ғылыми жарияланымдары студенттің мамандығына сәйкес келетін басқа ұйымдардың ғылыми қызметкелері мен жоғары білікті мамандары тағайындалады.

3.Диплом жұмысының (жобаның) ғылыми жетекшісі:

1) дипломдық жұмысты(жобаны) орындауға тапсырма береді;

2) студентке диплом жұмысының (жобаның) орындалуының толық барлық кезеңіне күнтізбелік кесте құрастыруға көмектеседі;

3) студентке керекті негізгі әдебиеттерді, анықтама және мұрағаттық материалдарды,типтік жобалар мен тақырып бойынша басқа да дерек көздерін ұсынады;

4) студенттің күнтізбелі кестесінің орындалуын бақылап отыру үшін кеңес беру кестесін анықтайды;

5) диплом жұмысының (тараудың) барлық тарауларының көлемін анықтап, диплом жазушы мен кеңес берушінің жұмысын үйлестіріп отырады;

4.Диплом жұмысына (жоба) тапсырма студенттердің дайындаған бастапқы материалдары мен дерек көздерінің сипаттамаларынан, сұрақтар тізімінен, ұсынылатын әдебиеттер тізімінен, кестелік материалдардың тізімінен (кесте, диаграмма, үлгі), диплом жұмысының (жоба) күнтізбелік кестесінен тұрады.

Диплом жұмысының (жоба) тапсырмасын кафедра меңгерушісі аяқталу мерзімін көрсете отырып бекітеді;

5.Әр тараудың орындалу кезеңдері көрсетілген жұмыстың күнтізбелік кестесі толық мерзімге құрастырылып, ғылыми жетекшімен келісіледі;

6.Керек болған жағдайда диплом жұмысының (жобаның) ғылыми жетекшісінің ұсынуымен кафедра дипломдық жұмыстың (жобаның) жеке тараулары бойынша ғылыми жетекшілікке бөлінген уақыт есебінен кеңесшілерді шақыруына болады;

6. Кеңесші болып профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар мен академияның ғылыми қызметкерлері, сондай-ақ, басқа ұйымдардың ғылыми қызметкерлері тағайындалуы мүмкін. Кеңесшілер өздеріне белгіленген тарауларын тексеріп, қол қояды;

7. Бітіруші кафедралар дипломдық жұмысты (жобаны) орындауды бастағанға дейін мемлекеттік білім стандартына сәйкес дипломдық жұмысқа (жобаға) қойылатын талаптар белгіленетін әдістемелік нұсқауларды әзірлеп студенттерді қамтамасыз етуі тиіс.

8. Кафедра меңгерушісі дипломдық жұмыстың (жобаның) орындалуы бойынша есеп беру уақытын белгілейді. Осы уақытта студент ғылыми жетекші мен кафедра меңгерушісі 7 алдында жауап береді. Олар дипломдық жұмыстың (жобаның) дайындық дәрежесін анықтап, ол туралы факультет деканына мағлұмат береді.

9. Диплом жұмысы (жоба) мамандық бойынша негізгі әдебиеттерді (оқулықтарды, оқу құралдары, монографияларды, дәріс курстарын, журналдарды, соның ішінде шетел тіліндегі, нормативтік әдебиеттерді және т.б.). терең оқып, зерттеу арқылы орындалады;

10.Әрбір дипломдық жұмыстың(жоба) тапсырмалары жеке және перспективті теориялық,практикалық сұрақтарды дайындау тапсырмаларымен сәйкес болуы қажет;

11.Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі мәтіні шығармашылық ойын, зерттеу әдістерінің негіздемесін, есептеу әдістері мен компьютерлік технологиялар арқылы алынған есептеулерді, жүргізілген тәжірибелердің сипаттамаларын, оларды талдау мен қорытындыларын, нұсқаулардың техникалық-экономикалық салыстыруын толық ашып, иллюстрациялар, графиктер, эскиздер, диаграммалар, схемалар және т.б. өңделуі керек.

12.Диплом жұмысын (жоба) студент академияда, мекемелерде (театрларда), өндірісте,ұйымдарда, ғылыми, жобалық -конструкторлық және т.б ұйымдарда орындалуы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет