2. Пәнді оқыту бағдарламасы – syllabus



бет2/7
Дата25.08.2017
өлшемі1,75 Mb.
#26754
1   2   3   4   5   6   7

1. Перспектива сурет теориясының негізі. Кµне заманнан бастап адам суретті тасқа, қағазға, теріге бейнелеген. Леонардо да-Винчи алғашқы суретші ретінде перспективаның теориясын дәлелдеген. Қазіргі заманда дизайнерлер, суретшілер осы теорияны кеңінен қолданады.


3. Орталық және параллель проекциялау және олардың қасиеттері.

Сызба геометриясында кеңістіктегі кез-келген фигураның кескінін жазықтыққа проекциялау әдісімен тұрғызады. Проекциялау орталық және параллель болып бөлінеді. Орталық проекциялауда проекциялаушы сәулелер бір нүкте арқылы өтеді. Ал, параллель проекциялау орталық проекциялаудың жеке жағдайы болады, себебі проекция ортасы шексіздікте орналасады. Бұл жағдайда проекциялаушы сәулелер параллель болады.

3. Проекциялаушы аппарат және оның элементтері.

Проекциялық аппарат - бірнеше жазықтықтан тұратын конструктивтік элемент. Проекциялық аппарат - суретті қалай салу керек екенін түсіндіретін материалдық объект. Проекциялық аппарат - зат жазықтығы, картиналық жазықтық, суреттік жазықтықтан тұрады.

4. Картина және оның элементтері.

Проекциялаушы аппарат пен картина элементтері сурет салушының бағытымен байланысты болғандықтан, өзара байланысты болып келеді. Картина жазықтығы немесе картина, тігінен алынады.

Көкжиек жазықтығы - көру нүктесі арқылы өтеді және зат жазықтығына параллель орналасады.

Басты көру сәулесі - көру нүктесінен картинаға түсірілген перпендикуляр.

Картинаның басты нүктесі - басты көру сәулесінің картинамен қиылысу нүктесі.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Орталық проекциялау әдісі дегеніміз не?

2. Параллель проекциялау әдісі дегеніміз не?

3. Проекциялаушы аппарат және оның элементтерін атаңыз.

4. Нәрсе кескінін салуда картинаның қандай элементтерін анықтау керек?

Әдебиет:

1. Методика обучения черчению. Под ред. Е.А. Василенко. М., Просвещение, 1990.Стр.16-19

2. Дембинский С.И., Кузьменков В.И. Методика преподавания черчения в средней школе. М., Просвещение, 1977. Стрь16-23.

3. Эйдельс Л.М. Методика преподавания черчения. М., Просв., 1968. Стр. 19-32.

4. Дембинский С.И. Основы методики обучения черчению. М., Просв., 1966. Стр. 112-117.

2 апта.

Кредит сағат 3

2 дәріс

Тақырып: Мектептегі сызу оқулығына талдау.

Дәрістің мазмұны:

1. 9 сынып оқушыларына арналған сызу пәні бағдарламаларының құрылымы.

2. Орындауға міндетті графикалық тапсырмалар.

3. Әдістемелік нұсқау.



Дәріс мақсаты: Нүкте мен түзу перспективасын тұрғызу ережелерін үйретіп, перспектива заңдылықтарын, картинамен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: орталық перспектива, параллель перспектива, проекциялаушы аппарат, картина, дистанциялық нүкте, көкжиек т.б.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

1. Зат жазықтығындағы шексіз түзу перспективасы.

Түзу сызықтар кеңістікте шексіз. Зат жазықтығына тиісті кез-келген бағыттағы шексіз түзу картина табанымен қиылысқан нүктеде шектеледі. Зат жазықтығына тиісті шексіз түзуді картинада кескіндегенде көкжиек сызығында жатқан шектік нүктемен шектеледі.

2.Жалпы жағдайдағы түзулер.

Зат және картина жазықтығына қандай да бір бұрыш жасай орналасқан түзулер жалпы жағдай түзулері деп аталады. Түзулердің кеңістікте орналасуына қарай жоғары және төмен бағытталған болып бөлінеді.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Жалпы және жеке жағдай түзулері қалай орналасады?

2. Шексіз түзу перспективасын қалай тұрғызады?

3. Жоғары бағытталған түзулер дегеніміз не?

4. Төмен бағытталған түзулер дегеніміз не?

5. Түзулер өзара қалай орналасуы мүмкін?



Әдебиет: 1. Есмухан Ж.М. Черчение. Алматы. Мектеп, 2005г.

2. Черчение. Учебник для общеобразовательной школы. Под ред. Виноградова В.Н. М., Просвещ., 1987.

3. Методика обучения черчению. Под ред. Е.А. Василенко. М., Просвещение, 1990.Стр.16-19

4. Дембинский С.И., Кузьменков В.И. Методика преподавания черчения в средней школе. М., Просвещение, 1977. Стрь16-23.


3 апта

Кредит сағат 5

3 дәріс

Тақырып: Сызу пәнін шетелде оқыту әдістемесіне қысқаша тарихи шолу.

Дәрістің мазмұны:

1. Ежелгі Египеттегі бейнелеу өнері және сызу.

2. Ежелгі Грекиядағы бейнелеу өнері және сызу.

3. Шумер мемлекетіндегі бейнелеу өнері және сызу.



Дәріс мақсаты: Түзулердің перспективасын тұрғызу ережелерін үйретіп, перспектива заңдылықтарын, картинамен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: орталық перспектива, параллель перспектива, проекциялаушы аппарат, картина, дистанциялық нүкте, көкжиек, жеке және жалпы, горизонталь т.б.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Ерекше жағдайдағы түзулер.

Зат және картина жазықтықтарына кез-келген бұрыш жасай орналасқан және басты көру сәулесі жазықтығына параллель түзу ерекше жағдай түзуі деп аталады.

2. Мұндай түзулер бағытына қарай жоғары және төмен бағытталған болып бөлінеді. Жоғары бағытталған ерекше жағдай түзуі горизонт үстінде орналасқан басты вертикаль сызықта жатқан шеткі нүктемен шектеледі, ал оның проекциясы картинаның басты нүктесімен беттеседі.

3. Төмен бағытталған ерекше жағдай түзуі горизонт астында орналасқан басты вертикаль сызықта жатқан шеткі нүктемен шектеледі, ал оның проекциясы картинаның басты нүктесімен беттеседі.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Жоғары бағытталған түзу дегеніміз не және оның шеткі нүктесі қайда орналасады?

2. Ерекше жағдай түзулері дегеніміз не?

Әдебиет: 1) Үлкен Совет энциклопедиясы., том 4,6,8.

1. Методика обучения черчению. Под ред. Е.А. Василенко. М., Просвещение, 1990.Стр.16-19

2. Дембинский С.И., Кузьменков В.И. Методика преподавания черчения в средней школе. М., Просвещение, 1977. Стрь16-23.
4 апта

Кредит сағат 7

4 дәріс

Тақырып: Сызу пәнін шетелде оқыту әдістемесіне қысқаша тарихи шолу.

Дәрістің мазмұны:


  1. ХҮІІІ ғасырдағы тау-кен мектептері.

  2. Классикалық гимназиялар.

  3. Халықтық училищелер.

  4. Шыншыл гимназиялар.

Дәріс мақсаты: Жазықтықтың перспективасын тұрғызу ережелерін үйретіп, перспектива заңдылықтарын, картинамен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: орталық перспектива, параллель перспектива, проекциялаушы аппарат, картина, дистанциялық нүкте, көкжиек, жеке және жалпы, горизонталь т.б.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Жазықтықтың перспективасы. Жазықтықтар кеңістікте әртүрлі тәсілмен беріледі: бір түзудің бойында жатпайтын үш нүкте арқылы, бір түзуде жатпайтын нүкте және түзу арқылы, параллель екі түзу арқылы, айқас түзулер арқылы және геометриялық фигура арқылы, мысалы, үшбұрыш. Осылардың перспективасын картиналық жазықтықта тапсақ, кеңістіктегі жазықтық анықталады.

1. Зат жазықтығының шектік түзуі. Түзу сызықтар шексіз, кµбінесе интерьер немесе сурет салған кезде шектелген сызықтар кездеседі. Шексіз жалғасқан зат жазықтығы перспективада картина табанына параллель шектік түзумен шектелген, яғни бұл түзу көкжиек сызығы болып табылады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Жазықтықты картинада қандай тәсілдермен беруге болады?

2. Зат жазықтығының шектік түзуі дегеніміз не?

3. Жазықтықтың ізі дегеніміз не?



Әдебиет: 1.Дембанский С.И., Кузьменко В.И. Методика преподавания черчения в средней школе. М., Просвещ., 1977 Стр.11-16.

2. Ботвинников А.Д. Об актуальных вопросах методике обучения черчению. М., 1977.

3. Кузин А, А. Краткий очерк историй развития чертежа в России. М., Учиздат, 1955.

Кредит сағат 9

5 дәріс

Тақырып: Кеңес үкіметі тұсындағы сызу пәнін оқыту әдістемесіне талдау жасау.

Дәрістің мазмұны:


  1. ГУС бағдарламасы.

  2. А.С.Макаренко бағдарламасы.

  3. Еркін оқыту әдістемесі.

  4. Геометриялық сызба әдістемесі.

Дәріс мақсаты: Жазықтықтардың перспективасын тұрғызу ережелерін үйретіп, перспектива заңдылықтарын, картинамен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: орталық перспектива, параллель перспектива, проекциялаушы аппарат, картина, дистанциялық нүкте, көкжиек, жеке және жалпы, горизонталь т.б.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Жеке жағдайдағы жазықтық. Кеңістікте жазықтық зат және картина жазықтықтарына қатысты орналасатыны бізге белгілі. Түзулер сияқты, олардың да жалпы, жеке және ерекше жағдайлары болады. Зат және нәрсе жазықтықтарына перпендикуляр орналасқан жазықтық жеке жағдай жазықтығы деп аталады.

1. Кез-келген бағыттағы вертикаль жазықтық. Бөлмеде жазықтықтың бұл жағдайына ашық тұрған есікті қарастыруға болады. Картинаға кез- келген бұрыш жасай орналасқан жазықтық кез-келген бағыттағы вертикаль жазықтық деп аталады.

2. Горизонталь жазықтық. Зат жазықтығына параллель жазықтық горизонталь жазықтық деп аталады. Бөлмеде мұндай жазықтықтарға еден мен төбе сәйкес келеді. Кез-келген горизонталь жазықтық үшін шектік түзу көкжиек сызығы болып табылады.

3. Көлбеу жазықтық. Картинаға перпендикуляр, зат жазықтығына кез-келген бұрыш жасай орналасқан жазықтық көлбеу жазықтық деп аталады. Мұндай жазықтыққа бөлменің оң немесе сол жақ қабырғасына көлбеу ілінген картина сәйкес келеді.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Қандай жазықтықтар жалпы жағдай жазықтықтары деп аталады?

2. Жазықтықтардың қандай жағдайы жеке деп аталады?

3. Жеке жағдай жазықтықтары дегеніміз не?

4. Жеке жағдай жазықтықтарының әр түрлі орналасуын картинадағы қандай белгілері көрсетеді?

Әдебиет: 1. Ботвинников А.Д. Основы методики обучения черчению. М., Просв., 1968. Стр. 58-96

2. Василенко Е.А. Методика обучения черчению. М., Просв.,1990. Стр. 12-16.

3. Дембинский С.И. и др. Методика преподавания черчения в средней школе. М., Просв. 1977. Стр. 11-16.
6 апта

Кредит сағат 11

6 дәріс

Тақырып: Сызуды оқыту барысындағы дидактикалық принциптер.

Дәрістің мазмұны:


  1. Ғылымилық принципі.

  2. Жүйелілік және реттік принципі.

  3. Көрнекілік принципі.

  4. Принцип сознательности и активности.

  5. Принципы прочности усвоения знании.

Дәріс мақсаты: Түзулердің және жазықтықтардың перспективасын тұрғызу ережелерін үйретіп, перспектива заңдылықтарын, картинамен жұмыс жасау, масштабтарды қолдану дағдысын қалыптастыру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: орталық перспектива, параллель перспектива, проекциялаушы аппарат, картина, дистанциялық нүкте, көкжиек, жеке және жалпы, масштаб, горизонталь т.б.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Сызбада сандық масштабтар қолданылатыны белгілі. Архитектуралық құрылыс жобаларында салынатын объекінің өлшемдері жүз есе кішірейтіледі және кішірейту масштабы көрсетіледі (М1:100). Ал, сағат механизмінің сызбасында өлшемдер үлкейтіліп, үлкейту масштабы көрсетіледі (М2:1).

1. Перспективалық ендік масштаб. Картина табанына параллель түзу бойына түсірілген масштаб, ендік масштаб деп аталады.

2. Перспективалық биіктік масштабы. Зат жазықтығына перпендикуляр түзу бойына тұрғызылған масштаб, биіктік масштабы деп аталады.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Картина масштабы дегеніміз не?

2. Тереңдік масштабы дегеніміз нее?

3. Масштабтық нүкте дегеніміз не және қандай жағдайда қолданылады?

4. Ендік масштаб дегеніміз не?

5. Тереңдік масштабы дегеніміз не?



Әдебиет: 1. Методика Обучения черчению. Под. ред.Е.А. Василенко М., Просв., 1990. Стр.28-31.

2. Ботвинников А.Д. Основы обучения черчению. М., Просв., 1990. Стр. 256-279.

3. Севастопольский Н.О. Уроки черчения в средней школе. М., Просв., 1981. Стр. 18-25.

4.Дембинский С.И. Методика преподавания черчения в средней школе. М., Просв., 1977. Стр. 43-51.


7 апта

Кредит сағат 13.

7 дәріс

Тақырып: «Проекциялау түрлері» тақырыбын оқыту әдістемесі..

Дәрістің мазмұны:

  1. Параллель проекциялау әдістері / тік және қиғаш бұрыштап/.

  2. Орталық проекциялау әдісі.

Дәріс мақсаты: Түзулердің және жазықтықтардың, бұрыштардың перспективасын тұрғызу ережелерін үйретіп, перспектива заңдылықтарын, картинамен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: орталық перспектива, параллель перспектива, проекциялаушы аппарат, картина, дистанциялық нүкте, көкжиек, жеке және жалпы, горизонталь т.б.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Картинада горизонталь жазықтыққа көлбеу бұрыштың перспективасын тұрғызу.

Горизонталь жазықтықта жатқан бұрыштың перспективасын тұрғызу үшін оның нақты шамасын көру нүктесімен беттестіріп, жақтарын көкжиек сызығымен қиылысқанша созады. Қиылысу нүктелері іздеген бұрышымыздың жақтарының шектік нүктелері болады да, ал төбесі кеңістіктің кез-келген жерінде берілуі мүмкін.

1. Картинада горизонталь жазықтыққа көлбеу бұрыштың нақты шамасын анықтау.

Горизонталь жазықтықта орналасқан бұрыштың нақты шамасын анықтау үшін оның жақтарын көкжиек сызығымен қиылысқанша созады, шектік нүктелерін белгілейді. Көру нүктесімен беттескенде шыққан бұрыш картинада берілген бұрыштың нақты шамасы болып табылады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Зат немесе картина жазықтығына тиісті берілген бұрыштың перспективасын қалай тұрғызады?

2. Горизонталь түзудің картинаға көлбеу бұрышының перспективасын қалай тұрғызады?

Әдебиет: 1.Есмухан Ж.М Черчение, 9 Кл. Алматы, Мектеп, 2005г. Стр.32-40.

2. Методика изучения черчения. Под ред. Василенко Е.А. М., Просв., 1990. Стр. 102-105г.

3. Дембинский С.И., Кузьменко В.И.Методика преподавания черчения в средней школе. М., Просв., 1977. Стр. 193-196.
8 апта

Кредит сағат 15

8 дәріс

Тақырып: Сызу кабинеті. Оқыту процесінің жабдықталуы.

Дәрістің мазмұны:


  1. Сызу кабинеті.

  2. Оқытудың техникалық құралдары.

  3. Көрнекі құралдар.

Дәріс мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау, қималарды орындауда кездесетін шарттылықтарды білуге дағдыландыру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: қималар, оңашаланған, қабаттасқан, симметриялы, симметриялы емес, қиюшы жазықтық.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

1) Қима туралы түсінік.

Сызбаны орындағанда көріністер саны ең аз болуы, бірақ нәрсенің пішінін осы сызба бойынша анықтауға жеткілікті болуы керек. Қима деп нәрсені жазықтықпен ойша қиғаннан шыққан фигураның кескінін айтады. Қимада нәрсе ойша кесіледі де, оның қиюшы жазықтықта орналасқан бөлігі ғана кескінделеді.



2) Қабаттасқан қималар.

Сызбада орналасуына қарай қима қабаттасқан және оңашаланған қималар болып бөлінеді. Қабаттасқан қима нәрсенің көрінісін шектейтін сызықтардың ішінде орындалады. Қабаттасқан қима фигурасын шектейтін сызық жіңішке тұтас болады. Қабаттасқан қима нәрсе көрінісін оқуды қиындатады, кейде қиманың өзін де түсіну қолайсыз болады.



3) Оңашаланған қималар.

Оңашаланған қима сызбада бос орынға салынады, оны негізгі тұтас жуан сызықпен шектейді. Негізгі тұтас жуан сызық нәрсенің көрінетін контурының кескіні үшін де қолданылады. Оңашаланған қиманы қима сызығының созындысына орналастыруға болады.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Қабаттасқан қима дегеніміз не?

Оңашаланған қималар қалай орналастырылады?

Қиюшы жазықтықтың ізінің бағытына қарай қималар қалай болып бөлінеді?

Қималар сызбада қалай белгіленеді?

Қималар қалай штрихталады?

Қималарды орындауға арналған графикалық тапсырмалар. «Біліктің» қимасын орындау.

Көріністер. Қосымша және жергілікті көріністер тақырыбын қайталау.



Әдебиет: 1.Методика обучения черчению. Под ред. Е.А. Василенко. М., Просв,1990 Стр.71-79

2. Дембинский С.И. Методика преподавания черчения в общеобразовательной школе. М., Просв., 1977.Стр.112-143.

3. Ботвинников А.Д. Основы методики обучения черчения. М., Пров.,1966 г. Стр. 417-427.
9 апта

Кредит сағат 17.

9 дәріс

Тақырып: Сызудан оқу жұмыстарын жоспарлау.

Дәрістің мазмұны:


  1. Мұғалімнің сабаққа әзірленуі.

  2. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.

  3. Сабақ конспектісі.

Дәріс мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау, тіліктерді орындауда кездесетін шарттылықтарды білуге дағдыландыру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: тілік, қарапайым және күрделі тіліктер, тік, көлденең, көлбеу.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Ішкі құрылысы тек бір қиюшы жазықтықпен анықталмайтын тетікбөлшектер өндірісте жиі кездеседі.Мұндай жағдайларда бірнеше қиюшы жазықтықтардың көмегімен алынған тіліктер қолданылады.

Екі немесе одан да көп қиюшы жазықтықтардың көмегімен алынған тіліктер күрделі тіліктер деп аталады. Осы қиюшы жазықтықтардың өзара орналасуына қарай, күрделі тілік сынық және сатылы болып екіге бөлінеді.

1) Сатылы және сынық тіліктер.

Сатылы тілікте қиюшы жазықтықтар өзара параллель болады, ал сынық тілікте олар доғал бұрыш жасап қиылысады.

Сатылы тілік жүргізілген қиюшы жазықтықтардың проекциялар жазықтықтарына қарағандағы орнына байланысты горизонталь, фронталь және профиль сатылы тілік болуы мүмкін. Қиюшы жазықтықтардың біреуінен екіншісіне өтетін жерлерге бұрылу белгілері қойылады.

Сынық тілікте қиюшы жазықтықтардың біреуін олардың қиылысу сызығынан айналдырып, екіншісімен беттестіреді. Сонда қима проекция жазықтығына параллель бір жазықтықта орналасады.



2) Күрделі тіліктерді орындау.

Сатылы фронталь тілік алдыңғы көріністің орнына, сатылы горизонталь тілік үстіңгі көріністің орнына, ал сатылы профиль тілік сол жақ көріністің орнына салынады.

Сынық тілікте беттескен қиюшы жазықтықтар негігі проекция жазықтықтарының біреуіне параллель болса, онда сынық тілік оған сәйкес көріністің орнына салынады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Тіліктердің белгіленуі қандай?

Қималардың штрихталуы.

Сатылы тілікті орындағанда қиюшы жазықтыққа түскен кескін қалай орындалады?

Нәрсенің ішкі және сыртқы пішінінен толық мағұлмат алу үшін сызбалар қандай байланыста орындалады?

Сызбада қажетті тіліктерді орындауға машықтануға арналған графикалық тапсырмалар.

Күрделі тіліктер тақырыбын қайталау. Тіліктер тақырыбына берілген графикалық тапсырмаларды аяқтау.

Әдебиет: 1. Василенко Е.А. и др. Методика обучения черчению. М., Просв., 1990. Стр.59-65.

2. Дембинский С.И. Методика преподавания черчения в средней школе. М., Просв., 1977.Стр.76-94.

3. Ботвинников А.Д. Основы методики обучения черчению. М., Просв., 1966. Стр. 388-395.

4. Ройтман И.А., Эйдельс Л.М. Методика преподавания черчения. М.,Просв.,1983. Стр. 71-76.


10 апта

Кредит сағат 19.

10 дәріс

Тақырып: Сызудан сабақ типтері мен құрылымы.

Дәрістің мазмұны:

  1. Жаңа материалды оқыту сабағының құрылымы.

  2. Қайталау және бекіту сабақтарының құрылымы.

  3. Оқушылыардың шеберлігі мен дағдысын бекіту сабағы.

  4. Бақылау сабағы.

  5. Аралас типтегі сабақ.

  6. Проблемалық сабақ.

Дәріс мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау, бұрандаларды, бекіту бұйымдарын орындауда кездесетін шарттылықтарды білуге дағдыландыру.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: бұрандама, сомын, бұрама сұқпа, бұрама, бұранда адымы, шайба.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Тетікбөлшектердің қозғалмайтын, бірақ оңай ажыратылатын қосылыстары бөлшектердің ажырайтын қосылыстары деп аталады. Бекіту бөлшектері біріктірілуде үш әдістің бірімен кескінделеді: конструктивтік, ықшамдалған және шартты.

1) Бұрандама кескіні. Ол сырық тәрізді, басы деп аталатын жағына қарама – қарсы ұшында бұрандасы бар тетікбөлшек. Бұрандалы ұшының ұзындығы оның цилиндр пішінді бөлігінің диаметріне, ал бұрандаманың жалпы ұзындығы біріктірілетін тетікбөлшектердің қалыңдықтарына байланысты анықталады.

2) Сомын кескіні. Ортасында бұрандалы тесігі бар, бұрандама мен ұстастырманың ұштарына бұрау үшін жасалған тетікбөлшекті сомын (гайка) деп атайды. Сомындарды да болаттан жасайды және олардың бұрандалары метрикалық болады. Сомынның сыртқы пішіні алты жақты призма, төрт жақты призма және цилиндр тәрізді болып келеді.

3) Бұрамасұқпа қосылысы. Бұрамасұқпа қосылыстар бµлшектенетін қосындыға жатады. Олар стандарт бойынша орындалады. Бұрамасұқпаның бұрамалары жуан негізгі сызықпен кµрсетіледі.

4) Бұрама қосылысы. Бұрама қосылыс екі немесе одан кµп бµлшектерді қосады. Бұраманың µлшемі, бұрманың диаметрімен және берілген стандартпен белгіленеді.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Тетікбөлшектерді болтпен біріктіру үшін қандай типтік тетікбөлшек керек?

Болттарды бастарының пішіндері бойынша қалай ажыратады?

Бұрамасұқпа деп қандай тетікбөлшекті айтады?

Графикалық жұмыстарды талдау.

Тақырыппен жұмыс.



Әдебиет: 1. Василенко Е.А. и др. Методика обучения черчению. М., Просв., 1990. Стр.59-65.

2. Ботвинников А.Д. Основы методики обучения черчению. М., Просв., 1966. Стр. 388-395.

3. Дембинский С.И. Кузьменко В.И. Методика преподавания черчения в общеобразовательной школе. М., Просв., 1977.Стр.73-74

4. Ройтман И.А., Эйдельс Л.М. Методика преподавания черчения. М., Просв., 1983.Стр. 106-110.

5.Черчение. Пособие для студентов пединститутов. Под ред. А.В. Буровцева. М., Учиздат, 1967г. Стр.83-86.

11 апта

Кредит сағат 21.

11 дәріс

Тақырып: Сызу пәнін оқытудың әдістері.

Дәрістің мазмұны:


  1. Әңгімелеу.

  2. Түсіндіру.

  3. Сұхбат.

  4. Дәріс.

  5. Бағдарлау.

  6. Модельдеу және құрастыру.

Дәріс мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау ережелерін, эскиздеу туралы жалпы түсінік, эскиздеуді орындаудың этаптарын үйрету.

Тақырыпта қолданылатын сөздер: түпнұсқа, типтік, стандарт, бет бұдырлығы, дөптілік, штангенциркуль, микрометр, шаблон.

Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:

Эскиздер туралы жалпы мағлұматтар. Эскиздердің қолданылуы. Эскизді орындауға қажетті материалдар мен аспаптар. Эскизді орындау әдістері. Сызбаларды эскиздері бойынша орындау. Тетікбөлшекті өлшеу тәсілдері.

Эскиз деп өндірісте тек бір рет қана пайдалануға арналған конструкторлық құжатты айтады. Эскиз нәрсенің кескіндерінен және басқа да мәліметтерден тұрады. Эскизде нәрсе өзара перпендикуляр жазықтықтарға тік бұрыштап проекциялау әдісімен, сызу аспаптарының көмегінсіз кескінделеді. Сондықтан эскизде масштаб болмайды. Эскиз миллиметрлік қағазға орындалады.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет