2-тақырып макроэкономикалық КӨрсеткіштер мақсаты


ҚБТ = жеке табыс – мұраға салық – мүлік салығы – табыс салығы



бет4/8
Дата22.02.2022
өлшемі26,58 Kb.
#132850
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
107727446116 2 макроэкон көрсеткіштер
АҚҚУЛАР ҰЙЫҚТАҒАНДА, Compass RUS CH2, Baktorazov Kazakstan.pdf, 14. Жансейт Имангали ТПГС-19-3, Глоссарий Толешов Нургиса, 7.1-ресурс
ҚБТ = жеке табыс – мұраға салық – мүлік салығы – табыс салығы
Ұлттық есепшоттар жүйесінің көрсеткіштері жиынтық өнім мен жиынтық табысты тек сандық тұрғыдан ғана бағалайды, олар халықтың өмір сүру сапасын және әл-ауқаттылық деңгейін сипаттай алмайды, сонымен қатар, бұл көрсеткіштер ғылыми-техникалық прогрестің және экономикалық өсудің жағымды және жағымсыз салдарларын да есепке алмайды. Ал тұрғындардың өмір сүру сапасын және әл-ауқаттылық деңгейін ұлттық байлық, таза экономикалық әл-ауқат және жан басына шаққандағы ЖІӨ сияқты көрсеткіштер анықтайды.
ЖҰӨ-ді есептеу үшін бағаның өзгеруін ғана емес, сонымен қатар, қайта есептеуді де ескеру қажет. Қайта есептеу мәселесі қалай орын алады? Көптеген өнімдер базарға түспес бұрын өндіріс сатыларынан өтеді. Сондықтан көптеген өнімдердің құрамдас бөлшектері бірнеше рет сатып алынады. Қайта есептеуді болдырмас үшін ЖҰӨ-ді есептегенде тек соңғы өнімнің нарықтық бағасы ғана алынады.
Соңғы өнім – бұл соңғы пайдалану үшін сатып алынатын өнім.
Аралық өнім – өңдеуге және қайта қымбатқа сатуға арналған өнімдер. Мысалы, машинаның дөңгелегі.
Тәжірибеде қайта есептеуді болдырмас үшін тек қосылған құнды есептейді.
Қосылған құн – бұл шикізат пен материалдарға кеткен шығындарды шегергендегі өнімнің нарықтық құны. Кез келген тауардың құны шикізат бағасынан, басқару шығынан, жұмысшы жалақысынан тұрады. Сондықтан біз өнім құнынан барлық шикізат пен материалдарға кеткен шығындарды шегерсек, онда қалған бөлігі қосылған құнды құрайды.
ЖҰӨ-нің құрамына мыналар кірмейді:

  • мемлекеттік трасферттік төлемдер, зейнетақылар, шәкіртақылар, жәрдемақылар, сақтандыру төлемдері;

  • қор нарықтарындағы бағалы қағаздарды сату;

  • ұсталған тауарларды сату (second-hand).

ЖҰӨ-ді есептеу үшін мынадай үш әдіс қолданылады:

  1. шығындар бойынша (соңғы пайдалану әдісі);

  2. табыстар бойыншы (бөлу әдісі);

  3. қосылған құн бойынша (өндірістік әдіс).

Шығындар бойынша ЖҰӨ-ді есептегенде барлық экономикалық агенттердің шығындары қосылады.
ЖҰӨ = С+I+G+Xn
мұндағы, С – үй шаруашылықтарының тұтыну тауарларына жұмсайтын шығындары (тамақ, киім-кешек, тұрғын үй төлемдері, демалыс шығындары, ұзақ пайдаланылатын тауарларды сатып алуға кететін шығындар және т.б.). Мұнда үй салуға немесе сатып алуға жұмсалатын шығындар есептелмейді. Олар инвестициялық шығындарға кіреді.
І – фирмалардың инвестициялық шығындары (машиналар, станоктар, шикізат, құрылысқа кететін шығындар және т.б.). Инвестицияны жалпы және таза деп бөледі. Егер жалпы инвестициядан өндіріс үдерісінде ескірген машиналар мен станоктарды жаңартуға жұмсалған шығындар бөлігін (амортизация) шегерсек, онда таза инвестицияны табамыз.
Таза инвестиция = Жалпы инвестиция – Амортизация
G – мемлекеттік шығындар, яғни тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы (мектеп, аурухана, жол құрылысы, мемлекеттік аппарат пен әскерді ұстауға кететін шығындар, т.б.). Мұнда трансферттік төлемдер кірмейді.
Xn – бұл таза экспорт деп аталады, яғни сыртқы сауда байланысының сальдосы, немесе экспорт пен импорт арасындағы айырмашылық. Егер экспорт импорттан жоғары болса, онда таза экспорт оң болады, керісінше болса, онда экспорт теріс мәнді болады.
Табыстар бойынша ЖҰӨ-ді есептегенде барлық экономикалық агенттердің табыстары қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет