Бақылау сұрақтары:
1. “Серке” газеттің жабылуына басты себеп не болды?
2. “Қазақ газетінің” редакторы кім?
3. “Искра” газеті қандай бағытты ұстанды?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразайұлы Ф. Қазақ журналистикасының тарихы. - А., 1996.
2. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж. Алты алаштың ардақтылары. 1-кітап. – А., 1994.
3. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очерктері. – А., 1981.
4. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – А., 1996.
5. «Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дәуітов С.,
Сақов Қ. – А., 1998.
9-10 - дәрістер. «Айқап» журналы және оның идеялық бағыты.
5.1 “Айқап” журналының қазақ журналистикасындағы орны.
5.2 “Айқап” журналының шығарушылары мен редакторы.
5.3 Журналдың жабылу себебі не?
“Айқап” журналының алғашқы саны Троицк қаласында 1911 жылдың қаңтарында жарық көрді.Оның шығарушысы,редакторы демократ ақын, жазушы Мұхаметжан Сералин болды.Ол журналды алғаш жұрттан қарызға алып, пайда серіктікке пай жинай жүріп шығарды.Біраз уақыттан соң журнал өз қаржысымен шыға бастады,оған жәрдемдесушілер де табылды.Дегенмен қаржының тапшылығынан алғашқы жылы айына бір реттен, кейде шағын көлемді болып жарық көрді.
Жәрдемдесушілер көбейіп және өзі қаржыға ие болғаннан кейін, яғни 1912 жылдан бастап журнал айына екі реттен, 12-24 бет көлемде шықты. Профессор Қ.Бекқожиннәң дәлелдеуінше “Айқаптың” тиражы 1000 дана болған.Жалпы, журналдың бес жыл ішінде 89 саны жарық көрген.
“Айқаптың” алғашқы санындағы “Қызмат иесі мырзаларға” деген мақалада: “Журнал шығарудағы мақсат атақ шығару, білім сату емес, халыққа қызмет ету болды... Журналымызға “Айқап” деп есім бердік... Біздің халықтың “Айқап!” демейтұғын қай ісі бар! “Қап!” дегізген, құпияда өткен істеріміз көп болған соң журналымыз өкінішімізге лайық “Айқап” болды,- деп жазылды.
“Айқап” әр материалдың мазмұны мен тақырыбына жете көңіл бөліп отырды. Бірінші бетіне елдің ішкі өмірінле болған жаңалықтар, ресми хабарлар, екінші, үшінші беттерінде “Ашық хат” деген айдармен оқырман хаттарын жариялаған. Проблемалық мақалалар (жер туралы, сьезд, сайлау т.б тақырыптар) бойынша 4 – 6 беттерде орналасқан. “Фельетон”, “Хабарлар” бойынша айдарымен материалдар журналдың орта тұсынан орын алған. Ал шетел жаңалықтарын , көңіл айтулар мен басқармадан ескертулерді , жаңа кітап туралы рецензияларды журналдың соңғы беттерінен оқуға болатын.
“Айқаптың” , “Өлең-жыр” , “Фельетон” , “Хабаршыларымыздан” , “Ашық хат” , “Басқармадан жауап” деп аталған тұрақты айдарларының болуы оның жұмысындағы ұқыптылықты , жүйелікті танытады. Журналдың безендіру мәселесіне де жете көңіл бөлгенін жоғарыдағы айдарлар бойынша жарияланған материалдардан ацқын аңғаруға болады.
Журнал бетінде кейде “Одан-бұдан”, “уақиғалар”, “Мұсылмандар түсінуге тиісті мәселелер” деген айдарлар бойынша да материал жарық көрді. Кейін оларды алмастырған “Хабаршыларымыздан”, “Хабарлар” айдарлары журналдың соңғы кезіне дейін тұрақты шығып тұрды.
“Айқаптың” хатшысы болып 1911-1912 жылдары Әкірам Ғалимов, 1913-1914 жылдары Сұлтанмахмұт Торайғыров істеді. Қызметкер , тілші, автор болып Жиһанша Сейдалин, Спандияр Көбеев, Сәкен Сейфулин, Бейімбет Майлин, Сәбит Дөнентаев, Бақытжан Қаратаев , Молдағали Жолдыбаев, Бекмырза Бекжанов, Есенғали Хасаболатов т.б. қатысты.
“Айқап” және оның редакторы сол кезгі саяси-әлеуметтік мәселенің ең бастысы- жер мәселесі екенін жақсы түсінген. Мұны олар бектік-феодалдық құрылысқа қарсы күрес барысында батыл көтере білді,
“Айқап” қазақ байларының озбырлығын, еңбекшілердің үстем тапқа, самодержавиеге наразылығын, ашу-ызасын білдіретін материалдар да жариялады.
Достарыңызбен бөлісу: |