3 Дәрістін қысқаша курсы



бет25/56
Дата21.10.2022
өлшемі6,02 Mb.
#154427
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   56
Байланысты:
Агро УМКД

3.7. Тақырып 7. Синхронды машинаның құрлым мен типін белгілеу. Анық полюсті және анық емес подюсті Синхронды машина.Синхронды генератордың сипаттамасы. .
Ұсынылатын әдебиет:
- Брускин Д.Э.,Зохорович А.Е.,Хвостов В:С. Электрические машины ч.1,2 .М.:Высшая школа 1987.
- Костенко М.П,Пиотровский Л.М., Электрические машины, ч.1,2. М.: Энергия 1978.
- Кацман М.М. Электрические машины . М.: Высшая школа,1990.
- Капылов И.П. Электрические машины. М. Высшая школа, 2000
Синхронды машиналар өзара қайтымды электр машиналары болып табылады. Олар құрылыстық өзгеріске түспей – ақ механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын генератордың немесе электр энергиясын механикалық энергияға айналдыратын қозғалтқыштардың орнына да қолданылады.
Синхронды машинаны қолдану аймағы. Синхронды машиналар электр энергиясының генераторы ретінде де, қозғалтқыштар ретінде де қолданылады. Дегенмен, ол ЭҚК үшфазалы жүйесінің электромеханикалық көзі ретінде кеңірек тараған. Дүниежүзінде электр энергиясын өндіруді айнымалы тоқтың синхронды машинасы – үшфазалы синхронды генератор атқарады. Синхронды айналысқа түсетін алғашқы қозғалтқыштың түріне қарай, турбогенераторлар (механикалық энергия көзі бу трибунасы), гидрогенераторлар (механикалық энергия көзі гидравликалық турбиналар) және дизельгенераторлар (механикалық энергия көзі – іштен жанатын қозғалтқыш – дизель). Жылу электр станцияларында (ЖЭС) және атом электр станцияларында (АЭС) турбогенераторлар, ал гидростанцияларда (ГЭС) – гидрогенераторлар орнатылады. Дизель генераторлар негізінде жұмысында электр энергиясы апатты жағдайда да, болмай қалуы тиіс нысандарда қосалқы энергия көзі (банктер, әскери нысандар және т.б.) ретінде қолданылады. Аз және орташа ауқымды электр энергияларын тұтынатын жерлерде, оларды пайдалану, асинхронды қозғалтқыштарды пайдалануға қарағанда экономикалық жағынан тиімділігіне қарамастан, синхронды машиналар қозғалтқыш ретінде сиректеу қолданылады. Сондықтан қозғалтқыштар, арнайы жасалатындарынан басқа, қуаттылығы 100 кВт және одан жоғары етіп конструкцияланады. Қуаттылығы жоғары синхронды қозғалтқыштар (СҚ) қуат коэффициенті Ñîsφ және пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) сондай – ақ, олардың тұтыну кезіндегі (желідегі) кернеудің төмендеуіне аса сезімтал еместігінен, асинхронды қозғалтқыштармен бәсекелесе алады. Синхронды қозғалтқыштардың айналдыру моменттері бірінші дәрежелі кернеуге (Ì Ξ U),, ал АҚ-екінші дәрежелі кернеуге пропорционал (Ì Ξ U2) ал технологиялық жұмыс тәртібінің сапасына әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет