3. Зерттеу әдістері: экг



бет3/29
Дата23.02.2023
өлшемі90,5 Kb.
#169964
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
3. Зерттеу дістері экг
Документ (1), Документ, КОНКУРС-СКОРАЯ, ryabushko1
Рентгенографияда аортальды конфигурация (етікке ұқсайды)
Қуыстарды катетеризациялау арқылы қысымды өлшеу(сол қарыншада, аортада)

27 жастағы әйел аймақтық терапевтке тексерілуге келді. Шағымдары: құрғақ жөтел, жүргенде пайда болатын ентігу, жүрегінің ретсіз соғуы, бастың айналуы, әлсіздік. Анамнезінен: 15 жастан бері кардиолог есебінде тұрады. Объективті: жалпы жағдайы орта ауырлықта.Сипап қарағанда – жүрек тұсында диастолалық діріл сезіледі.Перкуссияда:жүректің шала тұйық шекарасы: жоғары шегі 2-ші қабырға аралықта. Жүрек аускультациясында І тонның күшеюі,және «бөдене ырғағы», жүрек ұшында диастолалық шу естіледі. ЖСЖ 92 рет 1 минутта


1. Негізгі және қосымша шағымдарын ажыратыңыз?
2. Негізгі және қосымша синдромдарды бөліңіз және сипаттаңыз.
3. Негізгі синдромды дәлелдеу үшін ең қажетті зерттеулерді және анықталатын өзгерістерді сипаттаңыз.
1.Негізгі шағымдар құрғақ жөтел, жүргенде пайда болатын ентігу, жүрегінің ретсіз соғуы,
Қосымша шағымдар бастың айналуы, әлсіздік.
2.Синдромдар
Жүрек қақпақтарының зақымдалу синдромы ( Митральды стеноз) : жүрек тұсында диастолалық діріл сезіледі. жүректің шала тұйық шекарасы: жоғары шегі 2-ші қабырға аралықта. Жүрек аускультациясында І тонның күшеюі,және «бөдене ырғағы», жүрек ұшында диастолалық шу.
Астеновегетативті синдром: бастың айналуы, әлсіздік


ЭКГ(сол жүрекшенің гипертрофия белгілері) Р mitrale
ЭхоКГ митральды қақпақтың тесігінің диаметрін анықтау, жармаларын,қуыстарын тексеру
ФКГ шуды тіркеу, тондардың амплитудасын тексеру
Рентгенографияда митральды конфигурация (жүрек мықынының тегістелуі)
Қуыстарды катетеризациялау арқылы қысымды өлшеу(сол жүрекшеде)

32 жастағы әйел терапевтке шағымданып келді:жиі бастың ауруы, айналуы, жай отырғанда ентігу, жүрек тұсында сыздап ауырсыну, жүректің тез соғып кетуі, жалпы әлсіздік, жұмысқа қабілетінің төмендеуі. Анамнезінен: өзін 1 жыл көлемінде ауру санайды, ауруын баспамен байланыстырады. Дәрігерлерге қаралмаған, үйде өз бетінше антибактериальді ем, диуретиктер қабылдап жүрген. Бала кезінде дене қызуы жоғарылап, буындары ауырған. Ауруханада емделіп, жағдайы жақсарған, қайта дәрігерге қаралмаған. Қарағанда: Тері қабаттары бозғылт, акроцианоз байқалады: беттерінің көкшіл қызаруы. Пальпацияда жүрек ұшында дистолалық діріл сезіледі. Перкуссияда-жүректің жоғарғы шекарасы ІІ қабырға аралықта. Жүрек аускультациясында: жүрек ұшында І тонның күшеюі, өзгермеген ІІ тон, митральды қақпақшаның ашылу үні,диастолалық шу естіледі.


1. Негізгі және қосымша шағымдарын ажыратыңыз?
2. Негізгі және қосымша синдромдарды бөліңіз және сипаттаңыз.
3. Негізгі синдромды дәлелдеу үшін ең қажетті зерттеулерді және анықталатын өзгерістерді сипаттаңыз.
1.Негізгі шағымдар жай отырғанда ентігу, жүрек тұсында сыздап ауырсыну, жүректің тез соғып кетуі
Қосымша шағымдар жиі бастың ауруы, айналуы, жалпы әлсіздік, жұмысқа қабілетінің төмендеуі.
2.Синдромдар
Жүрек қақпақтарының зақымдалу синдромы ( Митральды стеноз) : жүрек ұшында дистолалық діріл сезіледі. Перкуссияда-жүректің жоғарғы шекарасы ІІ қабырға аралықта. Жүрек аускультациясында: жүрек ұшында І тонның күшеюі, өзгермеген ІІ тон, митральды қақпақшаның ашылу үні,диастолалық шу
Астеновегетативті синдром: бастың ауруы, айналуы. әлсіздік, жұмысқа қабілетінің төмендеуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет