44. Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың өмірі,қызметі және мемлекеттілігінің қазақстандық қазіргі моделін құрудағы рөлі


жылғы 20 мамырдағы 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 қадам Ұлт жоспары



бет22/38
Дата07.02.2022
өлшемі83,94 Kb.
#84293
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38
Байланысты:
шпор

60. 2015 жылғы 20 мамырдағы 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 қадам Ұлт жоспары.
«100 нақты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары. 
Бұл ерекше құжатта мемлекеттiң, қоғамның алдында орындалуы аса қажет болып тұрған бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жолдары көрсетілген. 
Бiрiншi институционалдық реформаны, яғни «Кәсiби мемлекеттiк аппарат құру» үшiн 15 нақты қадам белгiленген. Құжаттың осы бөлімінде кадрларды іріктеудің, бағалаудың нәтижесінде жоғарлаудың жолдары қарастырылған. Құжаттың кадрдан басталуы дұрыс та. Өйткені, еліміздің әлеуметтік – экономикасының дамуы олардың біліктілігіне, іскерлігіне халық алдындағы адалдығына тікелей байланысты. Iлгергi қалыптасқан тәжiрибеде тағайындалған басшы, ол өз ретiнде мемлекеттiк қызметтегi бұрынғы кадрлардың барлығын жаңартуға тырысатын. Соның салдарынан жаңа лауазымға тәжiрибесi аз, бiлiктiлiгi төмен кадрлар қызметке қабылданып жататын. «Жүз нақты қадам» талабы, бұдан бөлек. Онда «Мемлекеттiк қызметке қабылдау төменгi лауазымдардан басталуы тиiс» және ол «Iскерлiк қасиеттер негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс» деп көрсетiлген. Қала бердi, мемлекеттiк қызметке бiрiншi рет қабылданушылар үшiн мiндеттi түрде үш және алты айлық сынақ мерзiмi белгiленбек. Сол арқылы қызметке сәйкестiлiгi анықталмақ. Бұл қадам кадрлар даярлау, лауазымға ұсыну кезiнде олардың өмiр тәжiрибесiне ден қойылып, оларды ағайын-туыстық, рулық, дос-жарандық жолымен iрiктеуге тыйым салынбақ. Лауазымды жұмыстарға кадрлар iрiктеуге конкурстық әдiстердi енгiзу. «Заңның үстемдiгiн қамтамасыз ету» үдерiсiнде нақты 19 қадам ұсынылған. Бұл кешендi бөлiмде заңның үстемдiгiн қамтамасыз ету барысында сот төрелiгiне көбiрек мән берiлген. Әсiресе, қазiргi iс жүргiзудегi бес сатылы сот жүйесiнен үш сатылы сот төрелiгi жүйесiне өту ұсынылған. Мақсат – сот төрелiгiн жеңiлдету, оңтайландыру және уақытын қысқарту. Институционалдық реформаның үшiншi жүйесi «Индустрияландыру және экономикалық өсiм» деп аталып, өз ретiнде 50 нақты қадамнан түзiлген. Аталмыш «Нақты қадам» ең үлкен жүйе болып қоғамның негiзi болып саналатын экономикаға оның даму бағытын белгiлейтiн индустрияландыруға бағышталған. Бұл блокта әлiге дейiн өз шешiмiн таппаған экономиканың түрлi салаларындағы мәселелер бойынша нақты қадамдар белгiленген. Әсiресе, назар аударылған iс-шаралар: салық салу жұмыстарын жетiлдiру; кеден саясатын оңтайландыру; азаматтардың кiрiсi және шығысын жариялауды кезең-кезеңiмен енгiзу; өндiрiс салаларындағы мемлекеттiк монополиялардан бiрте-бiрте бас тарту; экономиканың басым секторындағы халықаралық бiрлескен кәсiпорындар құру; әлемнiң негiзгi қаржы орталықтарымен арақатынасты дамыту және Астанада халықаралық қаржы орталығын құру, т.б Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары Қазақстан халқын жарқын бо­ла­шаққа бастайтап, ел бірлігін нығайта отырып, орнықты дамуға кеңінен жол ашады «100 нақты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары. Жоспардың негізгі мақсаты «Аурулардың сыртқы белгілерін» сылап-сипап қою емес, оларды «жүйелі емдеу» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды», – делінген маңызды құжатта. «Кәсiби мемлекеттiк аппарат құру» үшiн 15 нақты қадам белгiленген. Олардың әрбiр қадамын шынайы iске асыруда үкiмет органдары арнаулы iс-шараларды жасап шығарып, олардың орындалу уақытын және жауапты тетiктерiн белгiленуi шарт. Iлгергi қалыптасқан тәжiрибеде тағайындалған басшы, ол өз ретiнде мемлекеттiк қызметтегi бұрынғы кадрлардың барлығын жаңартуға тырысатын. Соның салдарынан жаңа лауазымға тәжiрибесi аз, бiлiктiлiгi төмен кадрлар қызметке қабылданып жататын. «Жүз нақты қадам» талабы, бұдан бөлек. Онда «Мемлекеттiк қызметке қабылдау төменгi лауазымдардан басталуы тиiс» және ол «Iскерлiк қасиеттер негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс» деп көрсетiлген. Институционалдық реформаның үшiншi жүйесi «Индустрияландыру және экономикалық өсiм» деп аталып, өз ретiнде 50 нақты қадамнан түзiлген. Аталмыш «Нақты қадам» ең үлкен жүйе болып қоғамның негiзi болып саналатын экономикаға оның даму бағытын белгiлейтiн индустрияландыруға бағышталған. Бұл блокта әлiге дейiн өз шешiмiн таппаған экономиканың түрлi салаларындағы мәселелер бойынша нақты қадамдар белгiленген. Әсiресе, назар аударылған iс-шаралар: салық салу жұмыстарын жетiлдiру; кеден саясатын оңтайландыру; азаматтардың кiрiсi және шығысын жариялауды кезең-кезеңiмен енгiзу; өндiрiс салаларындағы мемлекеттiк монополиялардан бiрте-бiрте бас тарту; экономиканың басым секторындағы халықаралық бiрлескен кәсiпорындар құру; әлемнiң негiзгi қаржы орталықтарымен арақатынасты дамыту және Астана халықаралық қаржы орталығын құру, т.б.
Бұл нақты қадамдар «Нұрлы жол» бағдарламасын, экономиканы әртараптандыру, қарқынды индустрияландыру сияқты Қазақстан экономикалық құрылымын түбегейлi өзгертуге, оның тиiмдiлiгiн жүзеге асыруға жол ашатын нақты iс-әрекет болып табылады.
Институционалдық реформаның жүзеге асуындағы «Бiртектiлiк пен бiрлiк» деп аталған бөлiмде өз ретiнде алты шынайы қадамдардың жүзеге асырылуы ұсынылған. Яғни, «Мәңгiлiк ел» патриоттық актiсi жобасын әзiрлеу; Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» кең көлемдi жобасын әзiрлеу және жүзеге асыру; азаматтық бiртектiлiктi нығайтудың «Менiң елiм» ұлттық жобасын әзiрлеу және жүзеге асыру; «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын әзiрлеу және жүзеге асыру, т.б.(«Мәңгiлiк ел», «Менiң елiм» қадамдары қазақстандықтардың бiртектiлiгiн нығайтады, қоғамның бүтiндiгiн қалыптастыру үшiн жағдай туғызады.Төртiншi институционалдық реформаны қоғам өмiрiне қолданудағы айрықша ерекшелiк – «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын әзiрлеу және жүзеге асыру. Мектептiк бiлiм берудiң қолданыстағы оқу бағдарламаларына «Мәңгiлiк ел» құндылықтарын енгiзу. Бұл нақты қадам арқылы Қазақстан жастарын «Мәңгiлiк ел», «Үлкен ел – үлкен отбасы», «Менiң елiм», «Нұрлы жол», «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы», «Нұрлы болашақ» идеяларын оқып, өз бойына сiңiрiп, қоғамның белсендi азаматтарын тәрбиелеп, жетiлдiруге тiкелей көмектесу.Институционалдық реформаның бесiншi түрi «Есеп беретiн мемлекеттiлiктi қалыптастыру» оны жүзеге асыру үшiн «Он нақты» қадам ұсынылған. Бұл қадамдардың әрбiрiн жүзеге асыру үшiн өз алдына дербес iс-шаралар кешенiн iстеп шығуға тура келедi. Оны амалға асыру үшiн арнайы ұлттық комиссия құрылған. Қорыта келгенде, «100 нақты қадам» атты жоспар елімізді тағы бір белеске көтеруге қызмет етеді. Оған күмәнім жоқ. Өйткені біз бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу міндетін алға қойғанбыз. Ол жетістікке қол жеткіздік. Дүниежүзілік институттар барлық көрсеткіштер бойынша табыстарымызды көрсетіп отыр. Елбасы өркендеген отыз елдің қатарына қосылу туралы жаңа міндет қойды. Ал аталған жоспар дамыған отыз елдің қатарына ену жолында жасалып жатқан тағы бір қадам деп айтуға болады. Аталған жосапарды сапалы жүзеге асыру үшін бір үйдің баласындай жұмыла жұмыс атқаратын боламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет