Технологиялық белгісі –тауарды дайындауға ғылыми ізденістерді қолдануы мен оны енгізудегі жобаларды қолданысы арқылы жүргізіледі.
Дифференциалданбаған немесе көпшілікке арналған маркетинг стратегиясын қолданғанда сегменттер арасындағы айырмашылықты ескермейді. Мұнда сегменттік талдау жүргізілмейді, нарық біртұтас болып қарастырылады. Мұның негізгі мақсаты – өнімнің белгілі бір түрін неғұрлым көп сату.
Дифференциалданған маркетинг – әрқайсысына жеке маркетингтік тақырыптың неігзгі сұрақтары ұсынылатын екі немесе одан да көп айырмашылықтары бар маңызды нарық сегментінің болуын талап етеді. Кәсіпорын әртүрлі тауарларды ұсына отырып, нарықтың қамтылған әрбір сегментіне тереңдей еніп, өткізу көлемін өсіруге үміттенеді.
Шоғырланған маркетинг –кәсіпорын өз ресурстарын бір немесе бірнеше субнарық қажеттіліктерін қанағаттандыруға шоғарландырады. Мұны ресурстары аз кәсіпорындар қолданады.