5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ


Жауаптары. Ең алғаш «Алтын адамды» көрген  кезде сіз қандай ойда болдыңыз?



Pdf көрінісі
бет122/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Жауаптары.
Ең алғаш «Алтын адамды» көрген 
кезде сіз қандай ойда болдыңыз? 
 
Есік обасында қазба жұмыстары қалай жүрді? 
Археолог ретінде сізді не қызықтырды?
Обадағы тоналған мәйіттің «Алтын адамға» қандай 
қатысы болуы мүмкін деп ойлайсыз? 
Тапсырмалардың біреуін таңдап, орындаңдар
1. Есік обасынан табылған маңызды үш заттың 
тізімін жасаңдар. 2. "Алтын адам" ескерткіші сақтар 
өмірі туралы не айтады?" деген сұрақ төңірегінде 5-6 
сөйлемнен тұратын әңгіме құрастырыңдар. 3. «Алтын 
адам» археологиялық жәдігерінің ашылуының 
маңызы зор» деген тұжырымды қолдайтын үш 
дәйек келтіріңіз. Оқушылар өз қабілеттеріне қарай 
тапсырмаларды таңдап, орындайды. Оқушылар 
сабақ барысында алған білімдерін қолдануы 
шарт. Сабақтың соңында оқушылар ескерткіштің 
маңыздылығы олжалардың көп табылуында емес, 
олардың сақ өмірі туралы неғұрлым мол ақпарат 
беруімен бағаланатынын түсінуі тиіс. 
Жауаптары.
1. «Алтын адам», күміс тостаған
қанжар-ақинақ. 2. "Алтын адам" ескерткіші сақтар 
өмірі туралы не айтады? Сақ қорғандары тас, топырақ 
үйінділерінен тұрады. "Алтын адам" ескерткіші 
шамамен ІV-ІІІ ғасырларға жатады. Үлкен үйінділерде 
патша мен тайпа көсемдері жерленген. Патша, тайпа 
көсемдері обаларынан алтын бұйымдар табылған. 
"Алтын адам" ескерткішіндегі бұйымдар сақтардың 
қолөнері жақсы дамығандығын айғақтайды. 3. "Алтын 
адам» археологиялық жәдігерінің ашылуының 
маңызы зор. Себебі, біріншіден, "Алтын адам" 
Қазақстан аумағындағы ғалымдардың зерттеуіне 
арналған сақтардың қолөнері, қоғамдық құрылысы 
туралы тың деректер болып табылды. Екіншіден
"Алтын адам" алтын бұйымдарымен әлемге әйгілі 
болды. Үшіншіден, "Алтын адам" тәуелсіздігіміздің 
символына айналды.
Бағалау мүмкіндіктері
"Анықтаңдар" айдарындағы «Есік обасында та-
былған олжалар археологтарға сақтар туралы қан-
дай мәлімет бере алады?» деген зерттеу сұрағының 
негізінде оқушылар зерттеу жүргізіп, дәлелдер іздей-
ді. Археологтан сұхбат алу үшін бірнеше сұрақтар 
құрастырады. "Тапсырмалардың біреуін таңдап 
орындаңдар" тапсырмалары оқушы деңгейіне лай-
ықталған. Есік обасынан табылған маңызды үш зат-
тың тізімін жасайды. "Алтын адам" ескерткіші сақтар 
өмірі туралы не айтады?" деген сұрақ төңірегінде 5-6 
сөйлемнен тұратын әңгіме жазады. «Алтын адам» ар-
хеологиялық жәдігерінің ашылуының маңызы зор» 
деген тұжырымды қолдайтын үш дәйек келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет