Әл-Фарабидің ізгілік философиясы
Әл-Фараби дүниетанымының рухани және теориялық бастаулары. Әл-
Фарабидің энциклопедизмі. Адам мен қоғам болмысы, жаратылыстану
мәселелері. Әл-Фараби онтологиясының негізгі принциптері. Ақыл туралы
ілім. Әл-Фарабидің логикалық-гносеологиялық зерттеулерінің мақсаты,
сипаты мен мазмұны. Ізгілік қаласы және бақыт ілімі. Оның музыка туралы
ілімінің эстетикалық қырлары. Әл-Фараби философиясының тағылымдары
мен тарихи маңызы.
Махмұт Қашқари және Жүсіп Баласағұн дүниетанымының мәні
мен ерекшеліктері
Түркі өркениетіндегі сөздік жасау дәстүрі. Махмұт Қашқаридың түрік
сөздігінің құрылымы және ондағы мәдени-әлеуметтік тарихи тәжірибе
үлгілері (мысалдар, мақал-мәтелдер, жырлар, аңыздар). Сөз этимологиясы
және тарихи сана. Түрік сөздігінің қазақ философиясындағы орны.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіндегі философиялық-
дүниетанымдық мәселелер. Оның шығармашылығындағы рационалистік
дәстүрлер, космологиялық, онтологиялық, гносеологиялық және әлеуметтік-
этикалық мәселелер.
Достарыңызбен бөлісу: |