6B06149 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған «AZhN 1202– АҚпараттық ЖҮйелер негіздері»


Басқарудың жергілікті және бірлескен ақпараттық жүйелері



бет23/66
Дата13.09.2023
өлшемі3,7 Mb.
#180956
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66
Байланысты:
umkd akparatt k zhuieler negizderi 2022
Протозология
Басқарудың жергілікті және бірлескен ақпараттық жүйелері
Ақпараттық басқару жүйесін (АБЖ), өзара әрекеттесетін элементтердің кешендік жиынын және шешімдер қабылдау және белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін ақпараттар жинау, өңдеу, сақтау және ұсынуға арналған олардың байланысының кешенді жүйесін қолданатын, үдерістер жүйесі ретінде сипаттауға болады.
Қазір енді осы және басқа дәрежеде автоматтандырылған ақпараттық басқару жүйесі қолданылмайтын кәсіпорынды табу мүмкін емес. Ақпараттық жүйе ұйымның бір бөлігі болып табылады. Сонымен бірге, бар ұйымның жұмысының тиімділігі, көбінесе оның АБЖ тиімді атқарылуына тікелей байланысты болады.
Жергілікті ақпараттық басқару жүйесі — кәсіпорынды басқарудың жекелеген қызметтерін (бухгалтерлік есеп, өткізу, жабдықтау, дайын өнім есебі, қойма шаруашылығы, автокөлікті басқару, кадрлар есебі, маркетинг және т.б.) жүзеге асыратын қарапайым ақпараттық жүйелер.
Қазіргі уақытта жекелеген қызметтерді автоматтандыру, мысалы, бухгалтерлік есеп немесе дайын өнімді өткізу, көптеген кәсіпорындар үшін өтілген кезең болып есептеледі. Өз қызметін басқаруды автоматтандыру кезінде тек жергілікті ақпараттық жүйелермен ғана шектелетін кәсіпорындар, заманауи жағдайларда бәсекеге қабілетті бола алмайды. Тәжірибе, толық атқарымдық ақпараттық жүйенің міндетті түрде біріктірілген немесе бірлескен болуы қажет екендігін көрсетеді.
Біріктірілген ақпараттық жүйелер, экономикалық нысанмен (фирмамен, кәсіпорынмен, ұйыммен) барлық басқару қызметтерін автоматтандыру үшін арналған. Сонымен бірге фирма немесе корпорация филиалдар, бөлімшелер, кеңселер және т.б. арасындағы аймақтық бытыраңқылықта болуы мүмкін. Корпорация деп иерархиялық құрылымы бар және құрамына ең әртүрлі ауқымдағы және қызмет бейініндегі кәсіпорындар кіретін күрделі шаруашылық субъектті атайды.
Біріктірілген ақпараттық жүйелер — салыстырмалы түрде жаңа жүйелер санаты, сондықтан да осы салада қолданылатын технология әлі төтеп берген жоқ. Мысалы, кейбір авторлармен «біріктіру» және «корпоративті» терминдерін синонимдер ретінде, басқалары бірлескен ақпараттық жүйелерді, (корпорацияларды) аймақтық ынтымақсыз кәсіпорындарға арналған жүйе ретінде қолданады.
Біріктірілген корпоративтік ақпараттық жүйе (БКАЖ)—кәсіпорынның барлық қызметтерін автоматтандыру үшін қолданылатын және қызметтерді жоспарлаудан бастап өнімдерді өткізуге дейінгі барлық жұмыс кезеңерін қамтитын жүйе. Олар барлық деңгейлерде үдерістерді автоматтандыруға бағытталған және корпоративтік басқаруды қолдау құралдарын иеленген. БКАЖ бірыңғай ақпараттық кеңістікте жұмыс істейтін және кәсіпорын қызметінің сәйкес бағыттарын қолдау қызметтерін орындайтын (жоспарлау, талдау және қаржылық есеп, өндіріс, маркетинг, адами ресурстар және т.б.) бір қатар үлгілерді (қосалқы жүйелер) кіреді. Ақапараттық жүйелердің замануаи нарық жағдайын талдау, дәл осы шаруашылық қызметті басқарудың біріктірілген жүйесіне сұраныстың тұрақты өсу беталысын көрсетеді. Біріктірілген корпоративтік жүйелерге үлкен ауқымды
жүйелерді жатқызуға болады - бір қала бойынша болатын, цехі, қоймасы, дүкендері мен сол немесе басқа дербестілік дәрежесіндегі өзге бөлімшелері бар орташа кәсіпорындардың ақпараттық жүйелерінен, көрсетілімдік корпорациялардың ақпараттық жүйелеріне дейінгі.Орташа БКАЖ, корпорацияның бірлескен дерекқорын жүргізу және кез келген шаруашалық қызмет түрлері бойынша шоғырландырылған есепті алу мүмкіндігі сияқты корпоративтік қолдау құралдары бар.
Ірі БКАЖ, атап көрсетілген қралдардан басқа, көп атқырымдық кәсіпорын топтарын басқару үдерістерін анағұрлым терең қолдау мүмкіндіктерін иеленген. Бірінші кезекте, бұл жерде деректерді интерактивтік аналитикалық өңдеу технологиясы (OLAP— OnlineAnalyticalProcessing) қолданылатын, корпоративтік талдау құралдарын атап өткен жөн.
Біріктірілген ақпараттық жүйе, бірыңғай бағдарламалықаппараттық тұғырнама мен жалпы дерекқорға құрылған.
Ондағы жекелеген атқарымдық қосалқы жүйелер, ақпараттарды өңдеудің бірыңғай технологиялық үдеріс негізінде өзара әрекет етеді, сол үшін кәсіпорында есептеу желісін ұйымдастыру қажет. Желіні құру жолдары басқару аппаратының ақпараттық алмасу жеделділігіне және фирманың барлық құрылымдық бөлімшелерін басқаруға қатысты талаптарға байланысты. Экономикалық нысандарды басқаруда ақпараттардың жеделділігіне қатысты сұраныстардың артуы ұйымның заманауи қызмет ету жағдай талаптарына сәйкес дамитын желілік технологияны құруға алып келді. Бұл тек жергілікті есептеу жүйелерін ұйымдастыру ғана емес, сонымен бірге ұйымдастырушылық басқарудың ақпараттық жүйелерінде көп деңгейлі (иерархиялық) және бөлінген ақпараттық технологияларды ұйымдастыруға әкеліп соқтырады. Олардың бәрі ақпаратты тарату, өңдеу, жинақтау, сақтау және қорғау құралдары есебінен ұйымдастырылатын технологиялық өзара іс-әрекетке бағытталған. Біріктірілген ақпараттық жүйелердегі ақпараттарды өңдеу үдерістері, әдетте тұтынушы-сервер технологиясына негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет