6B06149 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған «AZhN 1202– АҚпараттық ЖҮйелер негіздері»


Дәріс № 15. Ақпараттық жүйелердің тиімділігі көрсеткіші. АЖ сенімділігі. Ақпараттық жүйелердің экономикалық тиімділігі. Ақпараттық жүйелер қауіпсіздігі



бет25/66
Дата13.09.2023
өлшемі3,7 Mb.
#180956
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66
Байланысты:
umkd akparatt k zhuieler negizderi 2022

Дәріс № 15. Ақпараттық жүйелердің тиімділігі көрсеткіші. АЖ сенімділігі. Ақпараттық жүйелердің экономикалық тиімділігі. Ақпараттық жүйелер қауіпсіздігі.
Ақпараттық жүйенің тиімділігі–жүйенің тағайындалуына сәйкес пайдаланушылардың белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыру оны пайдалану мүмкінділігін ескертетін жүйе қасиеттерінің жиынтығы. Ақпараттық жүйелер тиімділігінің негізгі көрсеткіштері сенімділік, анықтық, қауіпсіздік болып табылады.
Сенімділік– жүйені қолданудың берілген шарттарында талап етілетін функцияларды орындау қабілетін сипаттайтын барлық параметрлердің мәндерін уақыт пен белгіленген шекте сақтау қасиеті. Ақпараттық жүйелердің сенімділігі жүйеден шыққан кезде өзекті және анық ақпаратты қамтамасыз ету құралы болып табылады.
Анықтық – жүйемен жүргізілетін ақпаратты түрлендірудің қатесіздігін қамтамасыз ететін жүйе қабілеті. Ақпараттық жүйенің қызмет етуінің анықтығы оның қорытқы ақпаратының анықтығымен толық анықталып өлшенеді.
Ақпараттық жүйенің қауіпсіздігі – жүйенің ақпараттың құпиялылығы мен тұтастығын қамтамасыз ету, яғни рұқсат етілмеген қолжетімділіктен қорғау қабілетінен тұратын қасиеті. Тиімділік көрсеткіштері жүйемен қойылған мақсатқа жету дәрежесін сандық бағалауды көрсетуі тиіс.
Жүйенің тиімділігі күрделі, интегралды қасиет болып табылады және мынадай бір қатар қарапайым қасиеттерге тәуелді:

  • прагматикалық тиімділігі – жүйенің пәрменділігі, яғни жүйенің өз арналуын іске асыру дәрежесі;

  • техникалық тиімділігі – жүйенің техникалық жетілгендігі;

  • технологиялық тиімділігі – жүйені әзірлеу мен жасаудың жеңілдігі мен технологиялылығы;

  • пайдалану тиімділігі – жүйені пайдалану мен қызмет көрсету тиімділігі және басқасы.

Прагматикалық тиімділігін ақпаратты түрлендірудің анықтығы, ақпараттық жүйенің қауіпсіздігі, ақпаратты есептеу мен түрлендірудің дәлдігі, жүйемен қорытқы ақпаратты қалыптастырудың толықтығы, жүйелілігі көрсеткіштерімен ұсынуға болады.
Техникалық тиімділігі көрсеткіштері ақпараттық жүйенің техникалық жетілгендігін, ұйымның ғылыми-техникалық деңгейін және осы жүйенің қызмет етуін бағалауы тиіс.
Технологиялық-пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері алуан түрлі. Осы көрсеткіштер ретінде сенімділік көрсеткіштері, функционалдық мүмкіндіктері, қызмет көрсетілетін клиенттер саны, өнімділік, өткізу қабілеті, тактілі жиілігі, шақтық кедергілер,
жадының сыйымдылығы, пайдалану сипаттамалары, қызмет көрсету технологиялары және т.с.с. болуы мүмкін.
Ақпараттық жүйе тиімділігінің жалпылама көрсеткіштер жүйені жасау мен қызмет етуіне жүргізілген шығындардың мақсатқа сәйкестігін сипаттайтын экономикалық тиімділігі көрсеткіштері болып табылады. Шығындарды есептеу көп еңбекті қажет етпейді, ал нәтижелерді есептеу күрделі, аяғына дейін шешілмеген мәселе болып қалуда. Көбінесе пайда сараптамалық баға жолымен және басқа ұқсас жүйелерге ұқсастырып анықталады, ал әлеуметтік әсері мүлдем анықталмайды.
Қолдану үрдісінде жоғары тиімділікті қамтамасыз ету үшін қажетті бұйымдарды жобалау, дайындау, пайдалану барысында ұстану керек жалпы әдістер мен тәсілдерді зерттейтін ғылыми пән сенімділік теориясы (СТ) деп аталады. Сонымен қатар, ол құрылғы бөлшектерінің белгілі сапаларының көмегімен құрылғы сапасын есептеудің жалпы әдістерін жасайды.
Техникалық құралдардың (ТҚ) және ақпараттық жүйелердің функционалды сапасы, олардың сенімділігіне байланысты болады.
АЖ сенімділігі жайлы айтқанда, оны құрайтын екі құраушы: аппараттық құралдар сенімділігін және бағдарламалық қамтамасыздандыру сенімділігін ескере кету керек. Егер АЖ-ні құрайтын техникалық (аппараттық) қамтамасыздандыру сенімділігі және зерттеу әдістері басқа ТҚ-ның жұмысына сәйкес келетін болса, бағдарламалық қамтамасыздандыруда сенімділіктің әдіснамалық айырмашылықтары болады. Осы құрылымдарды зерттегенде ақпараттың шынайылығы, оның дұрыстығы, интерпретацияның туралығы алынады. Және де ТҚ туралы айтқанда онымен бірге АЖ аппараттық құраушыларын (компьютерлер, перифериялық құрал-жабдықтар, коммутациялық құралдар және т.б) да ескеріледі.
Аталған категориялар бір-біріне кедергі келтірмейді, керісінше бір-бірін толықтырады. АЖ сияқты күрделі жүйенің сенімділігінің қажетті деңгейін тек оның құраушыларының ерекшіліктерін ескере отырып қана қамтамасыз етуге болады.
АЖ сенімділігі – «техникалық себептер» бойынша мәліметтерді жоғалтпай, ақпараттың бұрмалаусыз жұмыс істеу.
ТҚ-ның бастапқы техникалық мінездемелері қажетті, бірақ осы құралдардың жоғары сапасының жеткіліксіз шарты болып табылады. ТҚ-ның бастапқы мінездемелері оңың потенциалды техникалық қажеттіліктерін көрсетеді. Осы мінездемелерді барлық өмір цикілі бойы немесе эксплуатация үдерісі кезінде сақтау ТҚ-ның басты мүмкіндігі болып табылады.
Эксплуатация үдерісі кезінде ТҚ өзінің бастапқы техникалық сапасын сақтау мүмкіндігін сенімділік деп атайды.
Оның осы қасиеті жобалау және өндіру үдерісі кезінде ТҚ-ға ендірілген қасиеттеріне де, эксплуатация қарқындылығына, техникалық қызмет етудің дұрыстылығына және уақытында орындалуына да тәуелді болады. Сондықтан сенімділіктің физикалық мәні - агрессивті эксплуатациялық факторларға қарама-қарсы тұру қасиетін сақтау мүмкіндігінде. Сенімділік жеке эксплуатациялық мінездеме ретінде болуы мүмкін, және басқа эксплуатациялық мінездемелердің де құраушысы бола алады.
ТҚ-ның техникалық қызмет көрсету және эксплуатация үдерісі кезінде басты мақсатының бірі, оның сенімді жұмысын қамтамасыз ету болып келеді. Бұл мәселенің маңыздылығы жаңартылған ТҚ-ның күрделілігінде және де эксплуатациялық ауыртпалықтың (температура, қысым, ылғалдылық) жоғары мәндерінде.
Сенімділік деп берілген шектеулерде уақыт аралығында не эксплуатацияның нақты жағдайларында ТҚ өз мінездемелерін сақтай отырып берілген функцияны орындайтын қасиетін айтады.
Сенімділік теориясы – арнайы ғылыми пән, оның негізгі міндеттері келесі:
тоқтаулардың пайда болатын себептерін анықтау;
тоқтаусыздың, қалпына келудің, ұзақ мерзімділіктің және т.б. модельдеу мен бағалау;
сенімділікті арттыру бағыттарын анықтау;
сенімділіктің арттырумен байланысты қосымша шығындарды ескеріп сенімділікті оңтайландыру.
Сенімділік теориясында барлық терминдерді келесі негізгі топтарға бөлуге болады:
Нысандар (элемент, жүйе; АЖ үшін – техникалық құрылғы, бағдарламалық қамтамасыздандыру және адам-машиналық қарым-қатынас);
Қасиеттер (тоқтапқалмаушылық, жөндеуге жарамдылық, ұзақ мерзімділік, сақталушылық);
Жағдайлар (түзулік/ақаулық, жұмысқа жарамды/жұмысқа жарамсыз, шектеулі);
Оқиға – бір жағдайдан басқа жағдайға ауысу (бұзылу, тоқтау);
Сипаттамалар (қалпына келтірілетін/ қалпына келтірілемейтін);
Көлемді-уақыттық параметрлер (жұмыс мөлшері, қор, қызмет мерзімі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет