Эмфазалық екпін-сөзішінде дауысты дыбысты созып,созыңқырап оқу арқылы сан алуан көңіл күйін құбылысын беретін жағдайды айтамыз.
1-дәріс.Қазақ әдебиеті әдістемесінің тарихы.
Сабақ жоспары:
1. Әдебиетті оқыту тарихының даму кезеңдерін саралау;
2. Әдебиетті оқыту әдістері, оның түрлері мен әдістерді негіздейтін принциптерді ажырату.
Сабақтың мақсаты:Қазақтың ағартушы-демократтарының әдістеменің даму тарихында, қалыптасу үрдісінде қосқан тарихи еңбектері мен қазақ мектептерінің ашылуы,әдеби білім беру негізгі қағида болып табылатын оқу бағдарламалары мен оқулықтар жасау мәселелері жөнінде пікір қалыптастыру.
Әдебиетті оқыту әдістемесі - көне ғылымдардың бірі. Әдебиет пен әдебиетті оқыту ғылымы және пәні уақыт идеясымен байып, өзгеріп, түлеп отырады. Әдебиетті ғылым ретінде оқыту әдістемесі оқытудың теориясы мен жалпы принциптерін негіздейтін дидактика, әдебиет тарихы, теориясы, методологиясын қарастыратын әдебиеттану, тарих, тіл, музыка, бейнелеу өнерімен тығыз байланысты. Психологиямен әдебиетті оқыту әдістемесі екі аспектіде тоғасады.
Қазан төңкерісіне дейін қазақ даласында үш түрлі мектеп қатар өмір сүрді. Олар: Жадит мектебі, медресе, Ы.Алтынсарин мектебі. Ыбырай Алтынсарин мектебі демократиялық оқу-ағарту жүйесінен туған халық мектебі саналды. Ұлы ағартушының мектептері халық ағарту ісіндегі зор тарихи жаңалық болды. Оқу жүйесіне Ы.Алтынсарин енгізген жаңалықтың тарихи маңызы зор. Ыбырайдың педагогикалық көзқарасы орыс халқының прогресшіл педагогтары КД.Ушинский, Н.А.Корф, Л.Н.Толстой, В.В.Водовозов, В.Я.Стоюнин тәжірибелерімен тығыз байланысты.
XIX ғасырдың екінші жартысында (Шоқан, Абай), XX ғасырдың басында жасаған қазақтың демократ-ағартушыларының (Шәкәрім, С.Көбеев, Е.Өтетілеуов, С.Торайғыров, АБайтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов т.б.) ескілік қалдықтармен күресі, жастарды оқуға, өнерге, жаңа өмір орнатуға, мәдениетке үндеудегі еңбектері ерен.
Әдебиеттік оқу, тарихи курс бағдарламалары мен оқулықтарын жасауда С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, С.Қирабаев т.б. еңбектерін ерекше атауға болады. Сондай – ақ, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің негізін қалап, дамытуда Ә.Қоңыратбаев пен А Көшімбаевтың алатын орны да айрықша.
Мектеп реформасының талаптарына орай қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі алдында тұрған актуальды мәселелер көп.
1970 - жылдан мектепте әдебиет тарихы, әдебиет сыны мен теориясының оқытылуы жүйелі жүзеге асырылып келеді. Педагогикалық озат тәжірибе, оның халыққа таралуы, насихатталуы қолға алынып, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесін жетілдіруге байланысты зерттеу жұмыстары қарқынды жүре бастады. Бұл істе "Қазақ мектебі", "Қазақтілі мен әдебиеті", "Білім" журналдары, "Қазақстан мұғалімі" газетінің ролі зор.
Қазіргі кезеңде қазақ тілі мен әдебиетін оқытуға арналған ғылыми-методологиялық республикалық конференциялар мен педагогикалық оқулар өткізіліп отырады. Жаңа оқу бағдарламасына көшуге сай өткізілетін курс, семинарлардың маңызы да зор. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін тереңдете оқытатын арнаулы мектептер, гимназия, лицей, атаулы мектептердің ашылып, нәтижелі жұмыс істеп келеді.
Оқыту – екi жақты процесс, сондықтан оның сапасы өткiзiлетiн сабаққа деген оқушылардың көзқарасына, олалдың таным белсендiлiктерiнiң деңгейiне, оқытушы еңбегiнiң дидиктикалық тұрғыдан жетiлдiрiлуiне тiкелей байланысты.Қазiргi жаңа технологияның басты мақсаты – баланы оқыта отырып, оның еркiндiгiн, белсендiлiгiн қалыптастыру, өз бетiнше шешiм қабылдауға дағдыландыру. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту оқушының танымдық белсендiлiгiн, сабаққа қызығушылығын аттыруға көмектеседi.
Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі - иллюстративтік әдіс немесе репродуктивтік әдіс, эвристикалық әдіс, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.
Инновациялық технологиядан іздену - қазіргі оқыту үрдісінің басты мақсаты. Инновациялық технология туралы В.Н.Кан – Калик, Ф.Н.Гоноболин, М.В.Кларин, Л.МлФридман, Л.С.Выготский, П.И.Пидкасистый,В.Монахов, Т.И.Шамова, С.Н.Данакин, В.Шепель, И.Г.Зайнышев, Қ.Қ.Қабдықайыров, Ш.Т.Таубаева, Б.Р.Айтмамбетова, Н.А.Әбішев, К.С.Құдайбергенова, Б.Әбдікәрімұлы, Ж.А.Қараев сынды ғалымдардың ізденістері баршылық.
Достарыңызбен бөлісу: |