А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет21/172
Дата02.12.2023
өлшемі1,78 Mb.
#194761
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   172
Байланысты:
httpstermincom.kzassetspdf3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5.pdf
10клСОЧ2 Гул.22, 10 сынып алг ЖМБ ТЖБ 2 токсан, 10 сынып. Гб «Геометрия» п нінен 2-то сан а арнал ан, ..27.10.2022ж дүниетану , КТЖ ДҮНИЕТАНУ, Диплом (16), КЛК №6 ЭЛК(3), Қиқу салып құзға ұшқан,Құздан суық мұзға ұшқан,Мұздан биік бұлтқа ұшқан,Бұлттан биік көкке - Школьные Знания.com, бейсенбаева күлтай. фото – Google Поиск, Ферузааа бакытжанкызы, аятуль курси казакша – Google Поиск, dogusheva russkiy yazik sbornik uprajneniy
30. ҚАсҚыр Мен МысыҚ
Орманнан Қасқыр келді елге қашып
Алақтап, не қыларын білмей сасып.
Соңынан бір топ аңшы қиқу салып,
Ит қосып келе жатыр шапқыласып.
Жалынып Қасқыр сонда Мысыққа айтты, 
Шетінде бір ауылдың ұшырасып:
«Мысықжан, бұл жердегі жұрттар қандай? 
Жау қуып келе жатыр арттан қалмай.
Ит үрген, қиқу салған адамдардың 
Дауысын естимісің, тартқан керней?
Айта гөр, қайырымды ер бар болса,
Тасалап мені жаудан құтқарғандай».


66
«Бара ғой, – Мысық айтты, – «Қоянкөзге», 
Жігіт кем ер көңілді онан өзге!
Адамды анау-мынау тоқтатарлық 
Өзінің ебі де бар сөйлер сөзге».
«Оны қой, – Қасқыр айтты, – ол жасырмас, 
Жеп едім бір ту қойын өткен күзде».
«Барып көр, олай болса, «Құрамысқа»,
Адам жоқ жасыруға онан ұста.
Шамасыз өзі асқан жақсы жігіт,
Жалғыз-ақ тоны келте, қолы қысқа». 
«Мысықжан, оны да қой, өзгесін айт,
Жеп едім бір лағын былтыр қыста».
«Иесі анау үйдің Көпберген бай, 
Жақсылық, жамандықты көп көрген бай. 
Қонақжай, өзі асқан дәулетті адам,
Жатсаң да ауырламас, бірнеше ай».
«Баруға, – Қасқыр айтты, – жүрексінем: 
Оның да қозыларын жеп ем талай».
«Білмеймін сілтерімді енді қайда!
Барып көр Қисық-басқа анау сайда!
Болғанмен басы қисық, өнері көп,
Һәр түрлі табылады онан айла».
«Мысықжан, оны да айтып әуре болма,
Жеп едім бір бұзауын өткен айда».
«Мен қайран! – Мысық айтты, – істеріңе, 
Зарардан басқа нәрсе істедің бе?
Байдың көбі, жарлының жалғызы да 
Тиіпті, тыңдап тұрсам, тістеріңе.
Зараргер жұртқа тегіс болып әбден,
Енді не іздеп келдің іштеріне?
Жынды жоқ, сені аман құтылдырып
Алғандай бәле тілеп үстеріне;
«Не ексең, соны орарсың» деген сөз бар,
Ор енді егініңді, піскенінде!


67


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет