А. Е. Айтбаева 1, Б. Қожекеева



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата29.09.2023
өлшемі2,06 Mb.
#182968
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
m-hanbet-ali-lyny-tar-keze-romanynda-y-ltty-a-arman-beynesi
29.09.2021, мөлдір мах, 20Б, сай
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 2 (78), 2019
71 
өлшеп, бір кес» деп түсіндіретін қазақ үшін Безбородконың сауысқаннан сақ қылығының өзі-ақ ол 
туралы көп сырдан хабар беріп тұрғандай. Ендеше осы аталған шен-шекпен иелері Қазақстанның 
батыс өңірінде өтетін тарихи оқиғаларға тікелей араласатындығы дау туғызбаса керек. Себебі, бұл – 
ХVІІІ ғасырдың соңы қазақ тағдырының шырғалаңға түскен кезі болатын. Жазушы аталған романда 
Елек пен Жайық бойында қазақтардың тығырыққа тірелуін олардың ата-қонысынан 
айырылғандығымен нанымды суреттеген.
Көркем шығармаға негіз болған уақыт пен сол уақытта өтіп жатқан оқиғаның үндестігін тарихи 
мәліметтер толықтырып отырады. Бұл кезде қазақтар жан-жақты талауға түсіп, тығырыққа тірелгені 
тарихтан белгілі. Казак-орыстар, башқұрттар мен Еділ қалмақтарының кезек шабуылынан тұралаған 
халықтың тығырықтан шығар жолы қалмаған да еді. Талауға түскен халықтың аянышты тұрмысы 
Нұралы ханның өзін тығырыққа тірегені белгілі.«Қазақстан тарихында» хандықтың ыдырауы 
Нұралы ханның кемшілігі, оның тәжірибесінің саяздығы ретінде түсіндіріледі. Алайда 1822 жылы 
Бірінші Александр патша «Сібір қырғыздарының уставын» жариялағаны белгілі. Сол уставта: 
1. Қазақ елінде бұдан былай «Болыстарды сұлтандар басқарады; 
2. Болыстарды «округтерге билік жүргізетін сұлтан сайлайды; 
3. «Сұлтан атағы атадан балаға мұра боп қалады» [3; 401-402] – деп көрсетілген.
Міне, ел басқару жүйесіндегі осындай жоғарыдан басқару, яғни отаршыл империяның қол 
астындағы халықты «бөліп ал да, билей бер» деген саясатының негізінде жасалғандығы анық. Олар 
үшін қазақ хандығын құлату – мемлекетті жою еді.
Жазушы осындай сәтте елді тығырықтан алып шыққан Сырым батырдың бейнесін жан-жақты 
сомдау үшін оның тек батыр емес, «сегіз қырлы, бір сырлы» жан болғанын назарда ұстап отырған. 
Осындай мақсатпен романда оның билік шешімдеріне көбірек көңіл аударылған. Ол жөнінде 
әдебиеттанушы ғалым Ш.Елеукенов былай дейді: «Тар кезең» романының басты идеясы – 
Сырымның осы би ретіндегі образында жинақталған. Бұл бидің ел басқарудың жаңа, тарихта 
бұрын-соңды кездеспеген тәсілін ойлап тапқаны – тарихи факт» [4]. 
Сырым батырдың Кіші жүз жұртына сенімділігі мен беделі туралы Орынбордың генерал-
губернаторы Игельстром да 1789 жылы 10 мамырда Екатерина ІІ патшаға жолдаған түсінігінде: 
«Бүкіл Ордада одан атақты, одан артық старшина жоқ... – дейді Игельстром. Сырымның 
артықшылығы көп. Бүкіл Орда оның аузына қарап, айтқанын істейді деуге болады. Бір сөзбен 
айтқанда, жиындарда Сырым не ұсынса, Орда, халық оған сенеді де орындайды. Осыған қарап, оны 
Ордадан алып, тұтқынға ұстау пайдалы бола ма, жоқ па, ол мәселені Ұлы мәртебелі император, сіздің 
көрегендігіңізге қалдырамын» [2] – деген болатын.
Міне, осындай тарихи деректерге сүйенген жазушы жалаң баяндаудан аулақ. Оның басты 
себебі – Сырымның өміріне қатысты тарихи мағлұматтардың көптеп сақталуы. Еліміз егемендік 
алған соң осындай тарихи құжаттарды іздестіруге, оны ғылым мен әдебиетте еркін қолдануға 
мүмкіндік туды. Міне, осы мүмкіндікті тиімді қолданған жазушы батыр бейнесін сомдауда өзіне 
дейін жазылған шығармаларды назарда ұстап қана қоймай, батыр өміріне қатысты негізгі оқиғаларды 
іріктеп алуға ден қойған. Осы оқиғалардың нақтылығы мен деректілігі жөнінде тарихи романдарды 
тыңғылықты зерттеп жүрген әдебиеттанушы ғалым Г.Орда былай дейді: «Шығарманың тарихилығын 
арттырып тұрған тарихи құжаттар десек, жазушы 1749 жылғы 6 қарашадағы, 1760 жылғы 18 
шілдедегі, 1776 жылғы 25 маусымдағы, 1779 жылғы 4 қазандағы, 1783 жылғы 3 шілдедегі 
жарлықтардан үзіндіні орынды келтірген» [5]. 
Бірінші тарауға негіз болған оқиға Санкт-Петербургте өткенмен оның қазақ халқына тікелей 
қатысты екендігін жазушы Игельстромның ұсыныс-тілектері арқылы растауға тырысқан. Ол
Уфа мен
Сіңбір әкімшілік аймағының наместнигі, генерал-поручик Аким Иванович Апухтиннің орнына 
баратын болғандықтан біріншіден, өзіне дейінгі жарлықтар мен қарарлармен жақынырақ танысу 
керектігін, яғни тарихи ахуалдың қандай екендігіне көңіл аударады.
Екіншіден, баратын елі туралы толыққанды мәлімет алу керек. Бөтен елге, бөтен жерге 
барғанда оларды басқаратын адамның олар туралы білуі қажет. Міне, жаңа басшының көздеген 
осындай мақсаттары оның алдында үлкен міндеттердің тұрғанын түсіндіреді. Құжаттарды ақтарған 
сайын Урал шекара бекетіндегі елмен жақынырақ тілтабысу, олардың мақсат-тілектеріне құлақ түру 
қажеттілігі өзінен-өзі айқындала түседі. Осыны жазушы кейіпкердің: «шайқаса-шайқаса шаршаған 
күннің өзінде, арқа тұтып келген алып елден тауфих таба алмай түңілген жұрт тілі, ділі, діні жақын 
аржақтағы Орта Азия хандықтарына қарай ауа көшіп кетсе де, бізге жақсы бола ма екен?», – деген 
ойына сыйғызған.
Бұдан шығатын қорытынды – қазақ елін отаршыл империяның мойындай бастағандығы. 
Ыждағаттылықтың арқасында 1751 жылдың 29 қаңтарындағы сауда-саттықты жолға қою 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет