БаоөЖ Қазақстан тарихы Тақырыбы



Дата16.11.2022
өлшемі24,01 Kb.
#158622
Байланысты:
Қ.тарих БӨЖ 8 апта (копия)
3329929410b1ae5bd78c97bda7fca304, Есжан Арай Н., Есжан Арай Н., Есжан Арай Н., Есжан Арай Н., Есжан Арай Н., Есжан Арай Н., Есжан Арай Н., БӨЖ Шешендік, òåñòû ïî ìåòîäèêå, 500сөз, 3кл әдебиет БЖБ-5-1

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
БАОӨЖ


Қазақстан тарихы


Тақырыбы: Ресей Мемлекеттік Думасындағы қазақ депутаттары


Оқу тобы: ПМНО-22-1у


Орындаған: Сақтапбергенова Айжан


Қабылдаған: Ахметбек Бақытжан

Қызылорда қаласы, 2022ж


Қазақтардың саяси сана-сезімінің елеулі түрде өскенін қазақ зиялы қауым көшбасшыларының Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуынан көруге болады.
1905 жылғы тамызда II Николай патша Ресейдегі революциялық күштердің қысымымен империяның заң шығарушы және өкілетті органы ретінде Мемлекеттік Дума құру туралы манифеске қол қойды.
Бірақ ол манифест бойынша Ресей империясының бірқатар халықтарының, соның ішінде Орта Азия мен Қазақстан халықтарының да сайлауға және сайлануға құқығы жоқ болып шықты. Жергілікті билік органдарына сайлау науқанының алғашқы күнінен бастап-ақ қазақтарды «көшпелі және қаңғыбас бұратана халық» ретінде сайлауға үзілді-кесілді қатыстырмауға айрықша нұсқау берілді. Мұның өзі қазақтардың арасында бұрқ ете қалған наразылық пен ашу-ыза тудырды. Жергілікті халық өздерінің өкілдерін Ресейдің Мемлекеттік Думасына қатыстыруды батыл талап етті. Өлкенің бүкіл аймағын түгел қамтып өткен қуатты наразылық толқыны патша үкіметін халықтың талабына құлақ асуға мәжбүр етті. Сонымен қазақтар сайлауға қатысатын болып шықты.
1906 жылдың 27 сәуірінде ашылған Мемлекеттік думаның бірінші шақырылымына түркі-мұсылман халықтарынан 22 депутат қатысты. Думада партиялық фракциялар, ұлттық-аймақтық топтар және т.б. түрдегі депуттардың бірлестіктері пайда болды. Соның ішінде этнотерриториялық, этноконфессиялық негізде Мұсылман фракциясы құрылады. Қазақ депутаттары екі Думада да негізінен осы Мұсылман фракциясына мүшелікке өтіп, түркі-мұсылман халықтарынан сайланған басқа да көрнекті қайраткерлермен бірге қажырлы қызмет жасайды
Бірінші Мемлекеттік Думаға депутаттарды сайлау жұмыстары 1906 жылдың ақпан-наурыз айларында жүргізілгенімен, қазақ даласындағы сайлау кешіктіріліп өткізілді. Оның үстіне Дала облыстары мен Түркістан өлкесіндегі тұрғындар үшін Жалпы сайлау заңдарынан бөлек Ерекше ережелер шығарылып, аталған аймақтағы халықтың сайлауға түсу мүмкіндіктері шектеле бастады. Соның әсерінен, жергілікті мыңдаған тұрғындары бар әр облыстан тек бір-бір депутаттан сайланады. Қазақ халқының арасында депутаттыққа сайлау жұмыстарыныңөткізілуін Ә. Бөкейханов өз естелігінде сынға алған болатын. Ол барлық қазақ даласындағы сайлаулардың ең соңғы уақытқа қалдырылып, тіпті Жетісу облысындағы сайлаудың Бірінші Мемлекеттік Думаның таратылу күніне дейін жүргізіліп үлгерілмегендігін атап өтеді. Сонымен қатар,Дала облыстарындағы сайлау мамыр-маусым айларында, яғни, Петербургтағы Дума өз жұмысын бастап кеткен кезде өткізіледі.
Бірінші Мемлекеттік Думаға Торғай облысынан бұрынғы сот қызметкері А. Бірімжанов, Орал облысынан титулярлы кеңесші А. Қалменов, Семей облысынан Ә. Бөкейханов, Ақмола облысынан Ш. Қосшығұлов, Атстрахань губерниясынан Б. Құлманов пен Д. Ноян-Тұндұт сайланады.
А. Бірімжанов пен А. Қалменов Думаның жұмысына қатысып үлгереді. Ал Ә. Бөкейханов Петербургқа 8-шілдеде, яғни Думаның таратылуынан бір күн бұрын келген. Ақмола облысынан сайланған депутат Ш. Қосшығұловты облыстық сайлау комиссиясы орыс тілін жетік білмейді деген желеумен ұстап, ол да Думаның жұмыстарына қатысуға үлгермей қалады. Ал Түркістан өлкесіндегі сайлау 1906 жылдың тамыз-қыркүйек айларына қалдырылған болатын. Бұл мәселелер жөнінде Мұсылман фракциясының мүшесі, Уфа губерниясынан сайланған депутат Ш. Сыртланов аграрлық комиссияның сандық құрамын талқылау кезінде сөйлеген өз сөзінде Дума жұмыстарына үлгермей қалған, немесе кешігіп жеткен депутаттардың кінәлі еместігін, өйткені көп жерлердегі сайлау уақыттарының кейінгі уақытқа қойылғандығын атап өткен болатын. Ш. Сыртлановтың айтуынша, Мемлекеттік думадағы аграрлы комиссияға 99 адамды сайлау көзделген, ал барлық Кавказ, Сібір, Түркістан өлкесі және жалпы Орта Азия өкілдеріне тек қана 8 орын қалдырылған.
Қазақ депутаттары А. Бірімжанов пен А. Қалменов Петербургке 10-17 маусым аралығында келіп, Думаның жұмысына араласа бастайды. Бұл кезде Думадағы негізгі мәселелер бойынша комиссиялар құрылып қойғандықтан, аталған екі депутатат олардың қатарына енбей қалды. Сондықтан қазақ депутаттары бастапқы кезеңде өздері қатынаса алмаған Дума отырыстарының есебімен және құрылған комиссиялардың жұмыс барысымен танысады.
Көп уақыт өтпей А. Бірімжанов Думаның 36-отырысында сөз сөйлеп, аграрлық комиссияның құрамына қатысты өз ойын білдірді. Ол комиссияның құрамына бекітілген 99 адамның орнына 103 немесе 104 адамды сайлауды ұсынады. Сонымен қатар, бос қалған бес орынның үшеуін немесе кем дегенде екі орынды қазақ облыстарына (Жетісу, Семей, Торғай, Орал және Бөкей ордасы) беруді сұрайды.
Қазақ депутаттарын Дала облыстарындағы қоныстанушыларды орналастыру комиссияларының заңсыз әрекеттері алаңдатты. Бұл кезде Дала облыстарындағы қазақтар өз жерлерінен заңсыз түрде қуылып, олардың орнына қоныстану учаскелері қалыптаса бастаған болатын. Қазақ депутаттары бұл мәселені көтеріп, Министрлер кеңесінің төрағасына сұрау салып, оған 53 депутат қол қояды. Мұсылман депутаттары А. Бірімжанов, А. Қалменов, С. Жантөрин, А.-М. Топчибашев, Ш. Сыртланов және т.б. біріге отырып, қазақтар бұрыннан мекен етіп отырған жерлерге орыс шаруаларын қоныстандыруды тоқтатуды талап етеді. Осылайша депутаттар Егіншілік және мемлекеттік мүлік министрлігінің заңсыз әрекеттерін қатаң сынға алады.
Депутат А. Қалменов те Думаның жұмыстарына белсене араласып, өзі мүше болған фракцияның басқа да депутаттарымен бірге №№18, 19 және 262 сұрау өтініштерді жасауға қатысады.
Бірінші Мемлекеттік Думаның депутаттары негізінен саяси реформалардың тереңделе жүргізілуін қалап, Ресейді құқықтық мемлекеттке айналдырғысы келді. Мұсылман фракциясының мүшелері Думаның басқа да депутаттары секілді аталған бағытта қызу жұмыстар жүргізді. Мұндай талаптардың орындалуына жол бергісі келмеген император Николай ІІ 1906 жылдың 6 шілдесінде Думаны тарату жөнінде манифест жариялайды. Думаға мемлекеттіліктің негіздерін әлсіретуге ұмтылып, революциялық толқуларды жандандырды деген айып тағылды.
Бірінші Мемлекеттік думаның ғұмыры 72 күнге созылып, ол көптеген шиеленіске түскен мәселелерді шеше алмады. Дегенмен, Мемлекеттік думада Мұсылман фракциясының құрылуы және оның жұмысы Ресейдегі түркі-мұсылман халықтары үшін маңызды оқиға болып, мұсылман қауымының белсенді өкілдері империяның саяси өміріне жаңа деңгейде араласа білді. Қазақ депутаттары санының аздығына қарамастан Думада қазақ мәселелерін көтеріп, көпщіліктің назарын Дала облыстары мен Түркістан өлкесіндегі жергілікті халықты қыспаққа алған патша әкімшілігінің отарлық саясатына аудартуға тырысты. Қазақ депутаттары мүщелікке өткен Мұсылман фракциясы Мемлекеттік дума арқылы Ресей мұсылмандарын алаңдатқан мәселелерді толықтай шеше алмаса да, фракция мүшелері өз халықтарының діни-мәдени болмысын сақтап қалу, мұсылмандардың ресейлік азаматтар ретіндегі теңдікке заң жүзінде және іс жүзінде де қол жеткізу міндеттерін айқындап алды.
1906 жылғы I Мемлекеттік Думаға қазақтардан Торғай облысынан — Ахмет Бірімжанов, Уфа губерниясынан — Сәлімгерей Жантөре, Орал облысынан — Алпысбай Қалменұлы, Астрахан губерниясынан - Бақтыгерей Құлманов, Ақмола облысынан - Шәймерден Қосшығұлұлы, Семей облысынан — Әлихан Бөкейхановтар сайланды. Бұлардың барлығы да сауатты, халықтың сый-құрметі мен сеніміне бөленген зиялы азаматтар еді. Бірақ Ресейдің I Мемлекеттік Думасы небары 73-ақ күн жұмыс істеді. Депутаттардың көтерген бастамалары көңілінен шықпай, риза болмаған II Николай Думаны таратып жіберіп, қайтадан сайлау туралы жарлыққа қол қойды.
Екінші Мемлекеттік дума таратылғаннан кейін Дала облыстары мен Түркістан өлкесінің тұрғындары сайлану құқығынан айырылды. Сондықтан қазақ депутаттары кейінгі екі думаның жұмысына қатыса алмады. Дегенмен олар Мұсылман фракциясы мүшелерімен байланыстарын үзбеді.Үшінші думаның жұмысы 1907 жылдың 1 қарашасында басталып, 1912 жылдың 9-маусымына дейін жалғасын тапты. Мұсылман фракциясында тек қана 8 депутат жұмыс жасады. Олар өздерінің санының аздығына қарамастан парламенттік фракцияны сақтап қалды. Сайлаушыларының құқықтарын қорғап, мұсылман қоғамындағы прогрессивті күштердің координациялық орталығына айналды. Мұсылман депутаттары өте қажырлы еңбек етті. Бірақ бұл уақытта Думаның өзі айтарлықтай саяси күшінен айырылған болатын.
Төртінші Мемлекеттік дума өз жұмысын 1912 жылдың 15 қарашасында бастады.Құрылтай жиналысқа сайлаудың басталысымен соңғы Думаның қызметін Уақытша үкімет ресми түрде 1917 жылдың 6 қазандағы жарлығымен тоқтатады
II Мемлекеттік Думада қазақ депутаттары кадеттермен жақындасып, мұсылмандар фракциясының тобына кірді. Ресейдің ұлттық шет аймақтарындағы басқа да халықтардың өкілдерімен бірге, ішкі Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару үрдісін тоқтатуды талап етті. Б. Қаратаев II Мемлекеттік Думада Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару саясатының қазақтар үшін өте жағымсыз, ауыртпалықты болып отырғаны туралы арнайы баяндама жасады. Ол өзінің жалынды сөзінде былай деп атап көрсетті: «Сіздер мынадай сұмдық жағдайды түсінуге тиіссіздер: бүгінгі таңда қоныс аударушы орыс шаруаларына жер телімдерін беру үшін қазақтарды өздерінің ежелгі ата қоныс жерлерінен ғана емес, жеке меншік баспаналарынан да қуып шығарып жатыр».
Қазақ депутаттар өз халқының заңды құқығын қорғап жоғары билік орындарына бірқатар үндеулер де жазды. Мәселен, Мемлекеттік Думаның депутаттары Б. Қаратаев, А. Бірімжанов, Т. Нүрекенов, Ш. Қосшығұлұлы 1907 жылғы наурызда өздерінің жасаған мәлімдемесінде былай деп жазды: «Көшпелілердің бірден-бір күнкөріс көзі — мал шаруашылығы, ал олардың Азияның шетсіз-шексіз кең даласында бір жерден екінші жерге үздіксіз көшіп-қонып жүруі әлдебір жанға жайлы, қызығы мол бос серуен құру емес, табиғаттың қиындықтарын жеңе отырып, өмір сүру болып табылады».
Дума депутаттарының арасында көрнекті қоғам қайраткері Сәлімгерей Жантөренің есімі ерекше аталады. Ол Санкт-Петербург университетінің заң факультетін және Мәскеу мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін бітірген болатын. Алғашқыда судья болып қызмет етті, кейін бірнеше жыл бойы уездік және губерниялық земствоны басқарды. 1903 жылы Уфа губерниясынан Думаға мүше болып сайланды. Сәлімгерей Жантөре өзіндік ұлттық ерекшеліктері ескерілетін халық мектептерін ашу мәселесіне көп көңіл бөлді. Ол Мемлекеттік Думада кеңінен танылды. Башқұрт халқының атынан депутат болып сайланса да өзінің туған халқы қазақтардың проблемаларын да ешқашан есінен шығарған емес.
Шәймерден Қосшығұлұлы (1874—1937) І және II Мемлекеттік Думаға Ақмола облысынан екі рет сайланды. Ол өз жерлестерінің арасында өте беделді әрі құрметті азамат еді. Қазақ халқының шын мәніндегі біртуар ұлы болатын. Ш. Қосшығұлұлы өлкедегі мұсылман дінінің мүддесін қорғады. Сол үшін полиция тарапынан талай рет қуғын-сүргінге ұшырады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



  1. Ахмедов Ғ.Русия Думасындағы қазақ депутатттары. / «Жұлдыз», 1994, №1

  2. Ақықұлы С., Қамзабекұлы Д. І Мемлекеттік Дума және оған мүше болған қазақтар. Ана тілі, 1993.

  3. Өтениязов С. Тарихтың ащы шындықтары. Алматы., 1990.

  4. https://melimde.com/hiii-f-aza-oris-atinasi-resejdi-azastandi-otarlau-sayasati.html?page=71


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет