А. Е. Айтбаева 1, Б. Қожекеева



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата29.09.2023
өлшемі2,06 Mb.
#182968
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
m-hanbet-ali-lyny-tar-keze-romanynda-y-ltty-a-arman-beynesi
29.09.2021, мөлдір мах, 20Б, сай
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 2 (78), 2019
73 
Отаршылдықтың осындай көрінісінің бірі – ақпанның 17 жұлдызындағы Теке казак-
орыстарының шабуылы. Сарайшық қамалынан аттанған Колпаков пен Пономарев отряды Құр Ойыл 
бойындағы Қаракөл мен Қарабаудағы Беріштер мен Адайлардың ауылына шабуыл жасайды. 
Алаңсыз отырған қазақ ауылдарын шапқан шапқыншылар 102 адамды тұтқындап, 2955 жылқы мен 
83 түйені Орал қаласына айдап кете барады. Алаңсыз жатқан бейбіт халықтың тыныштығын 
бұзғандарымен тұрмай, оларға экономикалық шығын келтіріп жатқандардың патша ағзамның 
қарамағындағы әскери қызметкерлер екендігін есімізге алатын болсақ, осының өзі жергілікті 
халықтың наразылығын арттырып, теке-тіресті ушықтыруға себеп болып тұрғаны белгілі.
Донсковтың жас офицер Петр Назаровқа берген тапсырмасы әскери бұйрық болғандықтан 
оның орындалатыны даусыз. Алайда қазақтардан барымталаған олжаның тең жартысы ғана өзіне 
тиесілі екенін ұққан жас офицердің қазақтарды аяусыз шабатыны тағы да белгілі. Қулығына құрық 
бойламайтын зымиян офицердің түнделетіп казактардың ақсақ-тоқсақ, арық-тұрық аттарын жайылып 
жүрген қазақ жылқыларына қосып жіберуі оқиғаны ширықтыра түседі. Волгаға дейін орналасқан 
орыс хуторларын шапқан Әжібек пен Жиенбет тәрізді табын руының жылқысын айдап әкетуді 
көздеген Назаров Айшуақ сұлтанның жылқысына тап болғанын ол кезде білген жоқ еді. Шайқаста 
Айшуақ сұлтанның баласы Апақтың қазақ болуы казак-орыстар мен қазақтар арасындағы шиелісті 
ушықтыра түседі. Жазушы ел арасындағы оқиғаларды осындай нақты оқиғаларға қатысқан тарихи 
кейіпкерлердің өмірі арқылы тиянақтап отырған.
Романдағы кейіпкерлер жүйесі жөнінде Ш.Елеукенов былай дейді: «Қажығали романында 
негізгі үш тұлға айырықша бой көрсетеді. Біріншісі – Ұлы мәртебелі ІІ Екатерина патшайым. 
Екіншісі – құрылғанына екі жылдай ғана болған Уфа және Симбирск әкімшілік аймағының әкімі яки 
генерал-губернаторы, генерал-поручик Осип Андреевич Игельстром. Үшінші тұлға – қазақтың 
атақты биі әрі батыры – Сырым Датов. Үшеуінің де кемесі – тарих айдынында ұлтаралық 
қатынастардың заманынан озық рейдін жасағанымен ел есінде қалған» [6]. Себебі бұл кейіпкерлердің 
барлығы да өмірде болған, қазақ халқының тарихына қатысты негізгі оқиғаларға тікелей араласқан 
тарихи тұлғалар.
Үшінші тарауға негіз болған оқиға қазақтардың жеңілісімен аяқталған. Жас офицер Назаров 
бастаған казак-орыс әскерлерінің шекара сызығына жақын жерде жайылып жүрген ханның 
жылқысын айдап алып кетуі, Айшуаққа берген Орынбор шекаралық экспедициясының рұқсат 
қағазын Назаровтың жыртып тастауы, онымен де қоймай баласы өлген Айшуақты тұтқындап алып 
кетуі хан-сұлтандардың ғана емес, исі қазақтың мойнына қасірет бұғауын мықтап салғандығының 
белгісі ретінде суреттелген.
Төртінші тарау генерал-поручик Игельстромның келген бойда іске қызу кірісуімен басталады. 
Уфа және Сіңбір аймағының жаңадан тағайындалған наместнигін Петербордан шыққан ұзақ жолда 
мазалаған ой – шекара бойындағы ахуалдың асқынып кетпеуі. Жазушы үш қабатты тас үйдің ішінде 
өтіп жатқан алқалы кеңестер мен сол жерде талқыланған мәселелер арқылы генерал-майор 
Александр Александрович Пеутлингтің кім екендігінен, ой-мақсаттарынан хабар береді. Жаңа келген 
басшыға ел ішінің жағдайын, әсіресе соңғы уақытта бірнеше жерде өршіген шабуылдарды жасырып 
қалуы оның екіжүзділігін ғана емес, ақ патшаның сенімді өкілдерінің жасап жатқан екіжүзді 
әрекеттерінің көрінісі еді. Іздеушісі де, сұраушысы да жоқ ақ патшаның қол астына бағынған ұсақ 
ұлттарға жасалған шабуыл Ресей империясына деген көзқарасты өзгертетінін олар ол кезде ойлағысы 
да келмеді. Алайда Сырым бастаған қолдың Рештейнер мен Овчинниковтың отрядын баса жаншып,
21 казак пен 40 башқұртты тұтқынға алуы, Таналық қамалын босатуы жауырды жаба тоқуға 
келмейтіндігін байқатты. Шекара экспедициясының бастығы генерал-майор Зенбулатовтың хаты 
Пеутлингтің құпия шабуылдарын әшкерелей түсті.
Намазтауда ата-баба рухына Құран-кәрім бағыштап, жау қолындағы Таналықты босатуға 
аттанған Сырым батырдың қолы күн санап көбейе түседі. Бұл кезде исі қазақ бір жеңнен қол, бір 
жағадан бас шығарды. Қолға қол, батырға батыр қосылғанын жазушы былай суреттейді:
«Аламанның мынадай көңіл ауғанына көзі қуанған қолбасы Сырым, соңына мың-мыңнан сарбаз 
ертіп келген серіктері – батыр Барақ пен Тіленшіге; Шектінің қызу қанды жас батыры Көтібарға; 
Тіленшімен бірге Елек бойынан кеп қосылған Таманың ел ағалары, ағайынды Қадыр мен Садырға; 
сондай-ақ өзінің Байбақтылары мен Сұлтансиықтың жалпы жұртқа белгілі басты-басты кісілеріне де 
ендігі істің жай-жағдайын осы жерде тағы бір пысықтады» [5; 252]. 
Орынбор мен Текеден аттанған атты казак әскерін ел үстіне жібермей, маң далада 
майдандасуды көздеген Сырымның соғыс тактикасын еркін меңгергені оның соғыс стратегі екенін 
айшықтай түссе, Жайық шебіндегі қамалдарға емес, «ит арқасы қияндағы» Иректіге келуінің басты 
себебі – туған жердің ойы мен қырын алақандағыдай білетіндігіне мысал. Жайықтың жоғары жағына 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 2 (78), 2019
74 
жесір алу қамымен келген олар қолға түскен тұтқындарын өз адамдарына айырбастамақ. Олардың 
ішінде, әрине, жазықсыз, қапыда кеткен Айшуақ сұлтан да бар.
Сырымның ұрыс заңын меңгергендігі жауды қамалда отырғанда ала алмайтындығын біліп, 
оларды қалай да далаға шығарудың жолын қарастыруы. Көктен сұрағандары жерден табылып, 
тұтқындарын босатпақ болып қамалдан өздері шыққан әскер мен Сырым батырдың қолы 
кескілескен ұрыс салады. Сырымның соғыс тактикасын меңгергеніне соғыс тәсілдерін әп-сәтте 
өзгертуі негіз болады.
Осы оқиға жөнінде Г.Орда: «Таналық секілді мықты қамалының тал-түсте шабылуы Уфа мен 
Сімбір әкімшілік аймағын аяқ астынан аяғынан тік тұрғызды. Губернатордың қабылханасында бас 
қосқан шұғыл жиынның негізгі мәселесі де осы Таналық қамалының шабылуы еді. Игельстром 
жиналғандардың пікірлерін мұқият тыңдау арқылы істің ақ-қарасын шешу үшін мәселені бейбіт 
түрде келісіммен шешуге бел буды. Барып кел, шауып келдің күні өткенін ол қарамағындағыларға 
Императрицаның сөздері арқылы түсіндірді. Әскери атаман Акутин, премьер-майор Донсков тәрізді 
қызметкерлердің пікірін тыңдау арқылы қазақтардың ішінде генерал Суворовтың өзі мойындаған 
Сырым батыр сынды батырлары бар екені, олардың кезінде Пугачев көтерілісіне қатысқаны жөнінде 
мәлімет алады. Қарымта қайтару үшін қатаң жазалауға болмайтынын түсінген Игельстром екі жаққа 
бірдей бейбіт келісім жасау керектігіне тоқталады» [7; 82] - деген болатын. Ғалымның пікіріне 
сүйенетін болсақ, Императрицаның өзіне деген үлкен сеніміне аса қошеметпен қараған Игельстром 
бұл мәселені де мұқият шешу керектігін түсінеді.
Жергілікті халықпен тілтабысу үшін олардың өздеріне сенімді өкілдерімен келісіме келу 
керектігін пайымдаған Игельстром Шекара істері жөніндегі экспедицияда істейтін титулярный 
советник Нұрмұханбет Әбдіжәлеловті (Нұралының күйеу баласы), Айырбас Сарайдың делдалы 
Шүкірәліні, мешіттің молдасы Шәпиді қабылдап, олардың ұсыныс-тілектерін қабылдайды. 
Жергіліктің ұлттардың өкілі ретінде келген кісілердің әрқайсысына мұқият қырағылықпен қараған 
басшы сол өкілдер арқылы қазақ деген халықтың ел айтып жүргендей көшпелі, жабайы халық емес 
екендігін түйсінеді.
Оны жазушы былай сипаттайды: «Риза болғаны – осы уақытқа дейін төңірегіндегілер: «тағы», 
«жартылай жабайы», «бұлармен сөйлескеннен гөрі, азулы жыртқыштың өзімен аңдысып-арбасқан 
әлдеқайда жеңіл» деп, әбден түңілдіріп тастаған мына қырғыз-қайсақтар, қарап отырса, әлгіндей 
сөздерді айтып жүргендердің өзінен әлдеқайда әдепті де сыпайы; үлкенді – үлкен, кішіні – кіші деп 
орнымен сыйлай білетін жұрт екенін өз көзімен көріп, бұл елді мүлде басқа жағынан танығаны бір 
болса; оның үстіне бұлардың аса маңызды шаруаларға да атүсті қарамайтын, әр нәрсені артқы 
жауапкершілігі мен ұятын ойлайтын арлы халық екендігіне сүйсінгендігі де бар еді» [2; 331].
Жазушы осы оқиға үстінде кеңестік дәуір тұсында көп айтылған «тағы», «жартылай жабайы» 
деген сөздерді белгілі мақсатпен тырнақшаға алып отыр. Осы сөздер арқылы қазақ халқының 
ұлылығын мойындамай келген отаршыл империяның ішінде де көзі қарақты жандардың болғандығы 
қуантады. Жазушы Игельстромның көзқарасын жеке адамның емес, патшалық империяның қазаққа 
деген көзқарасының өзгеруі ретінде алған. 
Қорыта келгенде, романда Жайық казак-орыстары мен башқұрттар Еділ қалмақтарының 
талауына түсіп, Нұралы ханның тығырыққа тірелгені, Патшалық Ресейге бағынып, оның отарына 
айналған қазақ халқының тар кезеңге тап болғаны тарихи негізде нанымды суреттелген.
Сырым батырдың елі мен жері үшін өз басын өр өлімге тіккенін, белін шешіп аттан 
түспегенін, ақ патша мен ханға елінің сөзін сөйлегені үшін жақпағанын тарихи құжаттар растайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет