рал дəрежесіне дейін жеткен хан Жəңгір
Ордада балалардың орысша білім алу-
ына да жағдай туғызыпты. Дəулеткерей
орысша үйреніп, оқи да, жаза да алатын
болған.
114
115
Оның үстіне сұлтандардың қысқы мекеніне айналған Ордаға 1840 жылдардың бас кезінде Саратовтан драма жəне эстрада артистері шақырылады екен. Дəулеткерей орыс жəне Еуропа музыкасымен жастайынан танысқан деген жорамал бар. 1855 жылы Екінші Александр патшаның таққа отырып, тəж кию салтанатына қатысқан өкілдердің ішінде Дəулеткерей де бар еді. Ол осы сапардан көрмегенін көріп, естімегенін өз құлағымен естіп қайтады. Еуропа сазгерлерінің оркестрде ойнаған шығармаларын тыңдайды. Дəулеткерейді академик А.Жұбанов «Төре күйлерінің атасы» дейді.