А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка



бет76/92
Дата31.12.2019
өлшемі8,57 Mb.
#54151
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   92

ЖАН ЖАДЫРАТАР ƏУЕН
Салған əн көлеңкесі сол көңілдің....
Сабақта:


  1. Қазақ халқының саз өнерімен байланысты терапиялық түсініктерімен танысамыз ;

  2. Музыка жайлы көне түсініктерді танимыз ;




  1. Сабақтың материалына байланысты «тамыр» ұғымымен танысамыз;

  2. Тəттімбеттің «Қос басар» күйін тыңдау;




  1. «Үкілім-ай» əнін үйренеміз.

Қазақ халқы музыканы, саз өнерін қашанда рухани азық көрді. Дүние есігін ашып, шыр етіп дүниеге келген соң-ақ «бала уатып», сарын арқылы өз қуанышы мен мұңын білдірді. Жігіт пен қыз шаңқобызын сарнатып музыка үнімен тілдессе, ұзатылған қалыңдық «сыңсу», «қыздың назы», ал жігіт үйленсе «жар-жар» мен «беташар» айтып, қуанышын бөліскен. Сондықтан халқымыз үшін əн, өлең қиелі болды.




  • дүниелік адамды «жылап», «жоқтап» қоштасса, көңілді қашанда ойлаған бабаларымыз адам өлімін «естіртуді» сөзбен емес, күймен көңіл қошын аулады («Ақсақ құлан» күйінде ханның алдына оның баласының өлімін естіртуге келген Кербұқа домбырашы: «Балаң өлді, Жошы хан», деп күйді сөйлеткен деседі). Күй адамның жан жарасын ғана емес, үн дыбысымен ауырған адам мен жануарды да емдегендігі жайлы аңыздар баршылық. «Нар идірген» халық күйінің аңызында «Көс, көс маям, көс маям, Айналайын, ай-

налайын, жаным, жаным», деп қайғыдан екі көзінен жас парлап, желіні сыздап, тұрарға жер таба алмаған маяны қарт күйдің көмегімен алпыс екі тамырын иітіп, емдеп бер-



ген екен. Əуен-саз жанға дəру, ойға қуат беретін құдіретін Тəттімбеттің «Қосбасар» күйінің аңызынан байқаймыз. Күшікбай байдың жалғыз ұлы қайтыс болғанда, қайғыдан қан жұтқан əке өмірмен мəңгі қоштаспақ оймен түрлі əрекет жасаған соң, оны жұбатуға келген Тəттімбет табалдырықта отыра қалып бірінен соң бірін 62 Қосбасар күйін орындай-ды. Əуелі қайғылыларын орындаған соң аяғында өмірдің сəулелі, жарқын жақтарын көрсететін күйлермен аяқтайды. Сонда басын көтерген Күшікбай: «Осынша жас жігіттің күйінде мұнша мұң болуы қайдан? деп сұрағанда, Тəттімбет оған: «Сіздің жаныңызда жалғыз ұлыңыздың қайғысы бол-са, менің күйімде бүкіл халықтың мұңы жатыр» деп жауап қатқан екен.





Тəттімбет «Қосбасар» күйі


  1. Күйдің аңызы мен əуен сазы сəйкес келе

ме?



  1. Күйдің сипаты қандай? Мұнда сарыуайымға салыну бар ма?




  1. «Қосбасар»күйінің аңызынан қандай ой түйдіңіз? Пікіріңізбен бөліс.

  2. Қазақ музыкасында осыған ұқсас қандай аңыз-күйді білесің?

Əр халықтардың музыкатерапия (музыканың емдік қасиетіне сенім) жайлы түсініктерін іздестір.




  1. Бұл түсініктерде ұлттық айырмашылықтар бар ма?

  2. «Европа мен шығыс халықтарының музыкасының емшілігі» атты диспут (дебат) өткізу.

124 125





  1. Қазақ «көңіл шерін» музыканың көмегімен қалайша таратты?




  1. Не себепті Қосбасар күйлері 62 санды?




  1. Тəттімбет Күшікбай байдың жан жарасын қандай əдіспен жазды?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет