Дəнеш Рақышұлы 1926 жылы ЖаркентРақышев өңірінде (Алматы облысы, Панфилов (1926–1992) ауданы, Талды ауылы) дүниеге кел-
ген.
Тағдырдың жазуымен Қытайдағы Шығыс Түркістан өңірінде балалық, жастық шағын өткізген Дəнеш əнші алғашқы өнер жолын да осы өлкеде бастайды. Отбасынан өнерге құлағы қанық өскен Дəнеш 12–13 жасынан қолына алғаш гармонь, кейіннен домбыра ұстап əн салған. Əн өнеріне құлай ынта қойған бала Дəнеш 15 жасында əнші-күйші, өнерпаздармен етене араласты. Осы тұста 1916 жылдың дүрбелеңімен туған жерден жырақ кеткен атақты əнші, ақын Əсет Найманбайұлының Қадырихан, Мəмет сын-ды шəкірттерінің қасына еріп, көптеген əндерін үйренеді.
1959 жылы атамекенге біржола табан тіреген əнші Дəнеш Рақышұлы шалқар шабытпен «Саясында алманың», «Жетісу», «Балжан-ай», «Соға кет» сияқты халықтық са-рынмен астасып, өзіндік əуен ырғағымен ерекшеленіп тұратын жүзге тарта əндер шығарды.