277
Қорытынды
Кәсіпкерліктің қҧқықтық негізін білу жеке кәсіпкерлерге,
коммерциялық
және
коммерциялық
емес
ҧйымдарға,
аудиторларға, менеджерлерге, заңдық кеңесшілерге, банктік,
қаржылық, сақтандыру және риэлторлық компаниялардың
қызметшілеріне талап етіледі. «Кәсіпкерлік қҧқық»
оқу пәні
ретінде «кәсіпкерлік қызмет» және «кәсіпкерлердің қызметі»
деген санаттарды нақты бӛліп қарастыруға негізделеді.
Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкерлердің қызметінің басты тҥрі болып
табылады, алайда, ол қызметтің жалғыз тҥрі емес. Кәсіпкерлік деп
тауарларға, жҧмысқа және қызметке сҧранымды қанағаттандыру
арқылы таза табыс табуға бағытталған, тәуекел етуімен және
мҥліктік жауапкершілігімен жҥзеге асырылатын бастамашылықты
қызмет аталады. Бҧл қызмет азаматтық қҧқықпен
реттеледі, ең
алдымен, ҚР Азаматтық кодексімен және оқу пәні ретінде
«Кәсіпкерлік қҧқықтың» пәнін қалыптастырады. Кәсіпкерлердің
қызметі санатының мәні әлде қайда кеңірек. Ол кӛбінесе,
кәсіпкерлердің жалдамалы еңбекті жалдауымен, салық, баж
салығын тӛлеуімен, мемлекеттік басқару органдарының міндетті
нҧсқауларын сақтауымен, қҧқық бҧзушылық ҥшін әкімшілік және
ӛзге де жауапкершілігімен және ӛзінің
іскерлік беделін
қорғауымен байланысты. Бҧл қызмет жалпы барлық қҧқық
салаларының нормаларымен, яғни конституциялық, әкімшілік,
қаржылық, азаматтық, еңбек, іс жҥргізу
және тіпті, қылмыстық
қҧқық нормаларымен реттеледі және қорғалады.
«Кәсіпкерлік қҧқық» пәні қҧқықтың барлық саласын оқуды
топшыламайды. Сондықтан, аталмыш пәнің шегінде, ең алдымен,
кәсіпкерлермен таза табыс табуға әрекеттесетін, мҥліктік және
онымен байланысты жеке мҥліктік емес қатынастардың кешені
ретінде кәсіпкерлік қызметті азаматтық-қҧқықтық
реттеу
оқытылады, сонымен қатар, еркін нарық қатысушысы ретінде
кәсіпкерлердің қызметінің ӛзге де тҥрлерінің азаматтық –
қҧқықтық қырлары да зерттеледі.
Ерекше кӛңіл шаруашылық серіктестіктер және акционерлік
қоғамдар, ӛндірістік кооперативтер,
мемлекеттік кәсіпорындар
278
сияқты кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің қҧрылуына, қайта
ҧйымдастырылуына және таратылуына бӛлінеді. Меңгеруде
маңызды орынға кәсіпкерлік саласында қолданылатын меншік
қҧқығы, әртҥрлі шарттар, оның ішінде: мҥлікті меншікке беру
туралы, ӛзге де заттық қҧқықтар немесе пайдалану (тауар
жеткізілім,
кәсіпорынды сату, лизинг және т.б.), жҧмыс орындау
туралы (мердігерлік), қызмет кӛрсету туралы (тапсырма,
комиссия, сенімгерлікпен басқару), коммерциялық концессия
(франчайзинг),
ақшалай
талапты
беріп
қаржыландыру
(факторинг), сақтандыру, банктік және т.б. мәмілелер және
басқалары ие.
«Кәсіпкерлк қҧқық» курсын ойдағыдай
меңгерген соң, білім
алушылар кәсіпкерлік қызметтің заңды белігілерін, олардың
қатысушыларын, қатысушылардың мемлекеттік тіркелу тәртібін,
қҧқықтарының объектілерінің тізімін, аталмыш қҧқықтардың
жҥзеге асырылу және
қорғалу әдісі мен тәртібін, заттық
қҧқықтардың жҥзеге асырылу және қорғалу нысандарын,
кәсіпкерлік қызмет саласында қолданылатын шарттарды жасасу,
орындау, ӛзгерту және бҧзу тәртібін анықтауды ҥйренеді.
Заңдық сауаттылыққа тек сәттілікті ғана қосу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: