Жылу реттеудің механизмі – жылудың түзілуі. Жылу реттеу
үдерісіне теріден басқа да мүшелер қатысады. Жылу реттеу негізінен
екі үдерістен тұрады: 1) физикалық –
жылудыңберілуі ; 2) химиялық –
жылудыңтүзілуі . Атап айтқанда, тері дененің температурасын тұрақты
сақтау арқылы физикалық қызмет атқарады. Яғни теріде болатын
барлық құрылымдар суық кезде жылудың қоршаған ортаға аз мөлшерде
бөлінуін қамтамасыз етеді. Керісінше, ыстықта жылудың бөлінуін ба-
рынша арттырады.
Жылудың өзі теріде түзілмейді. Жылуды түзетін басты мүшелерге
қаңқа бұлшық еттері, бауыр, ішек жатады. Егер жылыну керек болса,
қозғалу арқылы бұлшық еттерді жұмыс жасату керек. Бұл кезде бұлшық
еттердің жиырылуынан көп мөлшерде энергия АТФ түрінде түзіледі. Ал
қосымша өнім ретінде жылу бөлінеді. Сонымен бірге қоршаған ортаның
температурасы төмендеген кезде жалпы зат алмасудың артуынан бауыр
жасушаларында жылудың мөлшері көбірек бөлінеді.