А. Соловьева, Б. Ибраимова


§44. Жылу реттеудегі терінің рөлі



Pdf көрінісі
бет215/361
Дата16.03.2022
өлшемі5,1 Mb.
#135968
түріКнига
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   361
§44. Жылу реттеудегі терінің рөлі
Жылықанды жануарлардың тұрақты дене температурасын 
сақтаудағы терінің рөлін сипаттау
Омыртқалылардың қандай кластары жылықандыларға жатады? Жылықанды 
жануарлар дене температурасының тұрақтылығын қалай сақтайды? 
Жылу­реттеу­дегеніміз­
– дене температурасының тұрақты сақталуы. 
Ағзадан тері арқылы негізінен 80%, ал өкпе мен зәр арқылы 20% жылу 
бөлінеді. Сондықтан тері жылу реттеудегі маңызды мүшенің бірі болып 
табылады.
12–3459
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


178
Терідегі жылу реттеу 
тер бездері, терідегі ұсақ қан тамырлары – ка-
пиллярлар, теріасты май жасушалары арқылы жүзеге асады. 
Жоғары температура кезінде ағза өзін қызып кетуден сақтау үшін 
тер бөледі және капиллярлар кеңейеді.
ыстық күндері дене еңбегімен 
шұғылданған кезде ағзадан шамамен 10 литрден астам тер бөлінуі 
мүмкін. Жылу ағзаға қан арқылы таралады. Тері арқылы өтетін қан 
тамырларындағы қан салқындау үшін капиллярлар кеңейеді (адам 
қызарып кетеді). Сонымен қатар бір мезгілде ағзадағы қан мөлшерінің 
40%-ы теріде болуы мүмкін. Мұндай жағдайды адам моншадағы 
булағыштан шыққан кезде немесе ыстық күнде бұлшық еттердің белсенді 
жұмысынан кейін де байқауға болады.
Төмен температурада дене температурасын тұрақты сақтау үшін 
терідегі капиллярлар тарылады. Ол жылудың тері арқылы артық 
мөлшерде бөлініп шығуынан сақтайды. Тері бұл кезде бозарады. 
Терінің суыққа қарсы әсері «құс терісі» (гусиная кожа) пайда болады. 
Бұл – терідегі ұсақ бұлшық ет талшықтары жиырылған кезде олардың 
жинақталып кедір-бұдырлар пайда болуынан туындайтын құбылыс. Осы-
лай терінің суық ауамен жанасу беті кішірейіп, тері аз мөлшерде жылу 
бөледі. Қатты тоңған кезде сигнал қаңқа бұлшық еттеріне беріліп, олар 
дірілдей бастайды. Бұлшық еттер жиырылған кезде ағзаны жылытатын 
жылу бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет