176
Құрылысы мен атқаратын қызметіне және орналасуына байланыс ты
тері рецепторлары әртүрлі болады. Мысалы, қысымды қабылдайтын ре-
цепторлар бірдей емес. Терінің беткі қабатында орналасқан рецепторлар
жеңіл жанасуды қабылдайды. Ал терінің терең қабатында орналасқан
рецепторлар қысымы жоғары жанасуды қабылдайды. үшінші түрлері
тербелістерге – қысым күшінің өзгеруіне жауап береді.
Тітіркендіргішке жауап беруіне қарай рецепторларды
термо-
рецепторлар,механорецепторлар,ноцицепторлар
деп бөледі.
Терморецепторлар
қоршаған орта тем перату расының өзгеруіне
жауап береді.
Теріде орналасқан жоғары температураға жауап беретін
рецепторлар суыққа жауап беретін рецепторларға қарағанда анағұрлым
көп болады.
Механорецепторлар–
кез келген механикалық әсерге жауап беретін
рецепторлар тобы.
Бұл қысымның өзгеруі, созылу немесе сығылу бо-
луы мүмкін және т.б. Негізінен механорецепторлар жанасудан пайда
болған сезінуді қабыл дайды. Бұл рецепторлар көзі көрмейтін адамдарда
жақсы дамыған. Олар жазба сөздерді механорецепторлардың көме гімен
қабылдайды.
Ноцицепторлар –
кейбір ғалымдардың айтуынша, ауруды сезінуді
қабылдаса, ал басқа ғалымдардың айтуынша, механорецепторлар болып
табылады.
Ауруды сезінуді қабылдау туралы ғалымдар арасында бірдей пікір жоқ.
Оның пайда болуы теориясы туралы екі түрлі пікір бар: 1) ауруды сезіну
арнайы рецепторлардың дәл осы тітіркендіргіштікті қабылдауынан пай-
да болады; 2) ауруды сезіну егер де олар қабылдайтын тітіркенгіштіктің
күші өте жоғары болса, кез келген рецепторларда пайда болады. Бірақ
ауру сезудің пайда болуы мидың әсіресе үлкен ми сыңарларының рөлі
екенін ұмытпаған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: