66
Бірақ қазіргі уақытта
бери-бери
сияқ ты аурумен ауыру сирек кездеседі.
Бұл ауру тек күрішпен тамақтанған Оңтүстік-Шығыс Азиядағы түрмеде
жат қан адамдар арасында пайда болды.
Күріш, бидай, арпа,
сұлы кебектері, жасыл асжапырақ,
салат
жапырағы, сүт өнімдері,
жұмыртқа, жидектер
В
1
дәруменіне бай.
Тиамин гиповитаминозының белгісі: адамның басы ауырады, жүрегі жиі
соғады, аяқ-қолы дірілдейді. Бір тәуліктегі қажет мөл шері – 1,5–2,5 мг.
Майда еритін маңызды дәрумендер.
А
дәрумені
(ретинол)
ағзаның
өсуі және дамуы, эпителий ұлпасы жасушаларының: тері, шаш, шырыш-
ты қабықтың жаңаруы, қалыпты көру үшін қажет. Ол
ымыртта және
түнде жақсы көруге әсер етеді.
А
дәрумені жетіспесе тері құрғақ болады,
жарылады, қабыршақтанады. Тыныс алу жолдарының сілемейлі қабығы
мен көздің қасаң қабағы қалпына келмейді.
А
дәруменінің авитаминозы кезінде
ақшамсоқырауруы
пайда болады.
Адамның қас қарайғанда көруі нашарлайды. Жалпы көруі төмендейді.
А
дәруменінің ізашарлары өсімдіктердің қызыл,
сары пигменттері
– каротин. Біз оларды өсімдіктекті тамақ арқылы аламыз. Шырғанақ,
сәбіз, өрік, итмұрын, асқабақ, асжапырақ және т.б.
құрамында А дә-
ру мені көп мөлшерде болады. Каротинді ағзамыз жақсы сіңіру үшін
аталған өсімдіктекті өнімдерді жануар немесе өсімдік майын,
қаймақ
қосып жеу керек. Каротин бауыр жасушаларында және ішектің
қабырғаларында
А
дәруменіне айналады. Бір тәуліктегі қажет мөлшері –
1–2 мг.
A
дәрумені көп мөлшерде жануартекті өнімдерде – бауыр, сары-
май, сүт, жұмыртқа сарыуызында, уылдырықта, балық майында бо-
лады.
Достарыңызбен бөлісу: