А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет50/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология


дәрумені
(
кальциферол
) ішек бүрлерінің тамақтан кальций 
мен фосфорды сіңіру үдерісін қамтамасыз етеді. D дәрумені болма-
са, кальций фосфаттары тамақтан қанға түспейді де, сүйек ұлпасында 
жетіспейді. Сүйек әлсіз болады. D дәруменінің гиповитаминозы бала-
ларда мешел (
рахит)­
ауруын тудырады (41-сурет). Дене салмағының 
ауырлығынан аяқтары қисаяды, кеуде қуысы көкетке, ол ішекке 
қысым түсіретіндіктен, қарны шығып тұрады. Жалпы мешелмен 
ауыратын баланың бойының өсуі баяулайды, басы үлкен болады, ұйқысы 
бұзылады. Бұл балалар жұқпалы аурулармен көп ауырады. 


67
D
дәруменін ультракүлгін сәуленің әсерінен тері жасушалары 
синтездейді. Сондықтан 
D
дәруменін «Күн дәрумені» деп те атайды. 
Мешел ауруының алдын алу үшін кішкентай балалар Күн ваннасын 
қабылдау керек. 
Ағзаны 
D
дәруменімен толық қамтамасыз ету үшін ол тамақпен бірге 
түсуі керек. 
D дәрумені көп мөлшерде балық майында, бауырында, ат-
лант майшабағында, жұмыртқада, сүтте, майда және т.б. болады. 
Өсімдіктекті өнімдерде 
D
дәрумені жоқ десе болады. 
Бір тәуліктегі қажет мөлшері: ересек адам үшін –2,5 мг, балаларда –
12,5 мг.
41-сурет. 
Мешелмен
(рахит) ауырған баланың аяқ 
сүйектерінің қисаюы
42-сурет. 
Тағам түрлерінің 
алуантүрлілігі
* Пирамидада берілген тағам 
түрлерінің құрамында 
кездесетін дәрумендерді атаңдар.


68
В
2
­
дәруменінің
­
(
рибофлавин
)
­
орталық жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс 
істеуі, сондай-ақ зат алмасу және қан түзілу үшін маңызы зор. Рибо-
флавиннің жетіспеуі терінің, шырышты қабықтың зақымдануына, 
көрудің бұзылуына себеп болады. Бала ағзасына 
В
2
дәрумені жеткілікті 
түспесе бойының өсуі тоқтайды, ішкі мүшелерінің шырышты қабығы 
мен терісі қабынады. Көздің мөлдір қабығы қабынып, көзден жас 
ағады. 
В
2
­
дәрумені көп мөлшерде ашытқы, бидай кебегі, бұршақ, ет, сүт және 
жұмыртқа сарыуызында болады. 
Бір тәуліктегі қажет мөлшері – 2–2,5 мг.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет