Абай мұрасының танымдық – тағылымдық МӘні кіріспе


Абай мұрасының рухани- тәрбиелік тағылымдарына қатысты зерттеулер



бет4/8
Дата22.12.2021
өлшемі55,3 Kb.
#127560
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
жоба (1)

Абай мұрасының рухани- тәрбиелік тағылымдарына қатысты зерттеулер 20- жылдардағы саяси қуғынға ұшыраған қазақ зиялыларының Ж .Аймауытов, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, сондай- ақ тың көзқарастар абайтанушылар – М. Әуезов, К.Бейсенбиев, С.Байжанов, Ғ.Есім, М.Мырзахметұлы, Б.Сапарұлының еңбектерінде кездеседі.

Абайдың зерттеу нысанасы- адам. Ол «Толық адам» ұғымын талдай келіп, оның мәні үш сипатты ( ғылым, рақым, әділет) болуға талаптану деп көрсеткен. Осы хакім Абай көтерген «Толық адам» қағидатының ұлттық педагогикада «Сегіз қырлы, бір сырлы» ұрпақ тәрбиесінің қағидатымен үндесетінін байқауға болады.

Біз оның шығармаларын үш жүйеге бөліп қарастырамыз : бірі- өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі- қара сөздері (немесе ғақлиялары ) деп аталатын прозасы; үшіншісі- өзге тілдерден , әсіресе, орысшадан аударған өлеңдері.

Абайдың ақындық еңбектері үш түрлі жолмен таралған. Таратып айтатын болсақ, біріншіден,- баспа арқылы, екіншісі- халық арсында ауызша жатталып, әнмен таралуы болса, үшіншісі- қолжазба түрінде таралуы.

Оның өскен ортасы мен шығармашылығын жүйелеп, тұңғыш рет бір ізге салған Абайтанудың іргесін қалаушы - Әлихан Бөкейханов.

Абай өмірінің шығармашылық жолын бір жүйеге негіздеп, Абай туралы деректерді Әлиханға жинақтап берген – Кәкітай Ысқақов. Абайтану ғылымының басталуына Михаэлес, Гросс сияқты достарының септігі тиген.

Абайдың өмірі мен еңбектері жайлы 1936 жылы (В.П.Семенов- Тяншаньский редакциясы, ХVтом.Қазақ өлкесі)» Россия біздің Отанымыздың толық жағрияфиялық сипаты» атты мақаласы, 1909 жылы «Сібір және жер аударылғандар» атты шығармасында Джордж Кеннанның ескерткіш таныстырулары берілді. 1907 жылы Географиялық қоғамның жинағында Абайдың суреті тұңғыш рет басылып шығады. 1909 жылы Петербургтың Борогонский баспаханасында Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаев Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағын шығарады. Онда ақынның өмірбаяны, өлеңдері реттеліп беріледі.

1807 жылы Абайдың «Жаз» өлеңі Омбыда шығатын «Дала уәлаяты» газетіне басылады. 1909 жылы Кәкітайдан соң Зейнел Ғабиден Әл Жауһари Олескау Абайдың бірнеше өлеңдерін өзінің «насихат қазақия» атты жинағына кіргізеді.

Абай ақындық жолға бет бұрғандығы алғашқы шығармаларын орыс мәдениеті мен білімнің маңызын насихаттауға арнады. Оның 1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»өлеңі бұл тақырыптағы тұңғыш шығармасы болуымен қатар , ақынның сөз өнері жолындағы жаңа ізденісі де болып табылады.

1887 жылы жазған «Қансонарда бүркітші шығады аңға» , Лермонтовтан»Бородино»өлеңдері шын мәніндегі поэзиялық туындылар. 1986 жылы «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңдері дәуірдің , ортаның шындығын дәл беретін туындылар.

Абайдың халыққа танылуы баспа жүзінде ғана емес, көп өлеңдері әнші- ақындардың, жастардың жаттап алып, айта жүруінен ауызша таралды.

Олар арнайы келіп, арнайы жаттап, әнге салып өз ауылдарына , елдеріне үлгі есебінде таратып жүрген Көкшетаудан келген атақты Біржан, Әсет, Жаяу Мұса, Естай, Шашубай, Ажар, Зейнеп, Сара, Қуандықтар.

Әнші- ақындар қалың ел жиналатын жәрмеңкелерде, базарларда, астарда, шілдеханаларда, тойларда Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы айта жүрген.

Абайдың он төрт жасынан бастап сықақ өлеңдер шығара бастағаны бәрімізге мәлім. Оның сатиралық өлеңдерін де жастар тез жаттап, елдің түкпір- түкпіріне таратып отырған.

Абай қазақ тіліне «Евгений Онегинді» аударып, өзі әнін шығарған.

«Татьянаның хаты» халық аузында үлкен сүйіспеншілікке бөленді. 1889 жылы Кенен болысының әнші қазағы Әділхан скрипкаға қосып орындаған. Сонымен бірге Лермонтовтан аударған өлеңдерін де әнге қосып айтып берген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет