Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезең Ақынның өмірбаяны (баяндама) Ақынның өз жанынан шыққан өлеңдері. Аудармалары



Дата10.09.2017
өлшемі38,04 Kb.
түріСабақ
Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақтың бас ақыны - Абай Құнанбаев

Мақсаты:Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Өз елінің дана адамдарын құрметтеуге, еліктеуге,сол кісілердің айтып кеткен өсиеттерін санасына құю.

Көрнекілігі: Жас Абайдың, әкесі Құнанбайдың ,анасы Ұлжанның суреттері ілініп тұр, нақыл сөздер: «Жүрегімнің түбіне терең бойла, мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.», «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» М.Әуезовтың,М.Жұмабаевтың сөздері ілінген.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезең

2. Ақынның өмірбаяны (баяндама)

3.Ақынның өз жанынан шыққан өлеңдері.

4.Аудармалары.

5.Мысалдар.

6.Әндері.

7. Ғақлия (қара сөздері)

8.Фотомұрағат.

Мұғалім: Абай атты түбі терең, тағылымы таудай биіктікке жетудің сан алуан жолы мен соқпағы бар. Сондай соқпақтың бірі балалардың бойына патриоттың сезім ұялату, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Абай дана, Абай дара» атты тәрбие сағатын өткізбекшімін. Абайдың өмір баяны туралы баяндама оқылады.Абайдың шығармалары үш жүйемен өрбиді: 1.Өз жанынан шығарылған өлеңдері.2.Аудармалары. 3.Қара сөздері.

ІІІ.1.Құндыз: Мен жазбаймын өлеңді ермек ұшін...

2.Саят: «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат.»

3.Мадина: «Сабырсыз, арсыз, еріншек.»

4.Сымбат: «Жасымда ғымы бар деп ескермедім...»

Мұғалім: Абай жыл мезгілдеріне байланысты, табиғатқа жан бітіріп суреттеген өлеңдері-нен де оқиық.



  1. Бағила: «Жаз»

  2. Данияр: «Күз».

  3. Аида: «Қыс»

ІҮ.Абай өзіндік ақындық өнер тәжірибесінде әрдайым сол кезде қазақ үшін озық үлгі болып табылатын орыстың мәдениетіне сүйенгендіктен, өзі сүйсіне оқып, үлгі өнеге тұтқан классик ақындарды қазақша сөйлетпей отыра алмаған. Ақынның әдеби мұрасы ішінде аударма үлгілерінің де өзіндік орнымен салмағы бар. Аудармаға арналған 15 жылында Абай үкенді-кішілі 50-ден астам шығарманы орыс тілінен қазақшаға аударыпты.

Сонда ол Пушкиннің «Евгений Онегин» атты әйгілі шығармасынан 7 үзінде. Лермонтов-тың 30-ға таяу өлең, Крыловтан 12 мысал басқа да авторлардан 7 өлең шамасында аударған. Бізде осы әйгілі шығармасынан үзінді оқып берейік.

Алтынай . « Татьянаның Онегинге жазған хатын» оқыды.

Абылай: «Онегиннің Татьянаның хатына жауабын» оқыды.

Ү.Крыловтың «Шегіртке мен құмырсқа» атты мысалын Бекжан оқыды. Мысалды талдадық. Шегірткенің іс-әрекеті мен құмырсқаның іс-әрекетін айтты. Қорыта келе «Қыстың қамын жазда ойла» деген мақалмен түйіндедік.

ҮІ. Абай ақын, жазушы, аудармашы ғана емескөптеген өлеңдердің әнін жазған компози-тор. Балалар Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер? Балалар жауап берді: Сегіз аяқ, Көзімнің қарасы, Қараңғы түнде тау қалқып, Айттым сәлем Қаламқас, Желсіз түнде жарық ай т.б. Ал осы өлеңдерден кім ән айтады?

1.Бағила мен Алтынай «Желсіз түнде жарық ай»

2.Мадина мен Феруза « Көзімнің қарасы» әнін шырқады.

ҮІІ.Абайдың қара сөздері жалпы тақырып мазмұн жағынан алғанда, оның ақындық мұрасымен тығыз байланысты.Көп сөздері ойлар,пікірлер өлеңдерімен ұштасын, солардың мәе-мағынасын кейде қайталап, пысықтап, кейде әрі қарай жалғастыра дамытып отырады. Қара сөздерді алғаш жазуға отырғанда ақын: «ойыма келген нәрселерді жаза берейін, кімде –кім ішінен керекті сөз тапса ,жазып алсын я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақара осыған байладым», - деп қаншалықты қарапайымдылық білдірген. «Он жетінші» қара сөзін талдаймыз.

«Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті...»

Мұхит Қайрат болып, Феруза ақыл болып, Сабира жүрек болып, Алтынай ғылым болып рөлмен қара сөзді баяндайды.

Мұғалім: Қызыл,көк, жасыл,ақ түстерді көрсетемін сол бойынша қара сөзде айтылған түсін анықтау керек.

-Қызыл не балалар?

-Қан.


-Олай болса жүрек қызыл түс.

-Неге қызыл түс қан?

-Себебі, жүрек қызыл, адам денесінде барлығы қан арқылы болады.Қан қызады, адам қызбаланады.Олай болса адам жүректі бағындырып отыру керек.

-Көк түс не? (Ақыл)

-Аспан және мұхит.

Абай тұнып тұрған мұхит.

-Жасыл не?

-Жасыл шөп.Шөп қара жерді жарып шығады.Олай болса қайрат.Адам қайратымен барлығын жеңе алады.

-Мұғалімнің қолында ақ түс қалды.Неге ақ түс. Себебі ақ-ғылым. Жүректе болмаса, қайраты жетпесе, ғылым мәңгі ақтаңғақ. «Ақтаңғақ» дегеніміз-толық адам емес деген мағынаны береді.Адамға осы үшеуі де керек деп кім айтқан?

-АБАЙ.


ҮІІІ. Фотомұрағат . Компьютермен Абайдың әкесі,әжесі, анасы, бауыры, балалары, медресе, Құнандай атындағы Қарқаралыдағы мешіті, Шәкәрім, досы Көкбайдың суреттерін слай шоу қылып көрсеттім. Шәкәрім, Көкбай туралы мағлұмат беру. Абай алғаш өлеңдерін осы Көкбайдың атынан шығарған. Кейін жылқы, түйе сыйлық беріп өз атына қайтарып алған.

Қорытынды. Ұлы ақын ұлт поэзиясының кемеңгері Абайды тану, түсініп оқу здамзат баласының қолы оңай жете бермейтін рухани биіктікке алып баратын басқыштың бір баспалдағы. Сөзімді Мұхтар Әуезовтің сөзімен қорытындылағым келіп тұр.



Абай деген- терең теңіз, алып мұхит.

Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңги беруің керек, сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым.
Каталог: uploads -> doc -> 0a7e
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a7e -> Сабақ тақырыбы Мақсаты Сағат саны Мер-зімі Күтілетін нәтиже Оқытуда қолданыла
0a7e -> Сабақ технологиялық картасы Күні: 26. 11. 2015 ж
0a7e -> «Әлеуметтік педагогтің отбасымен өзара бірлесе әрекет етуін ұйымдастыру»


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу