Адамныњ жеке басына ќарсы ќылмыстар



Pdf көрінісі
бет17/20
Дата04.04.2022
өлшемі479,55 Kb.
#137799
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Дәрістер тезисі (1)
семинар №10 опни
 
ӘСКЕРИ ҚЫЛМЫСТАР 
1.Әскери қылмыстардыњ ұғымы және жалпы сипаттамасы. Әскери 
қылмыстардыњ түрлері.
2.Әскери лауазымды қылмыстар.
3.Әскери тәртіпті өтеу тәртібіне қарсы қылмыстар. 
4.Белгіленген тәртіп пен әскери құпияны сақтауға қарсы қылмыстар. 
Қазақстан Республикасын қарулы агрессиядан қорғау мемлекеттің ең 
маңызды функцияларына жатады және бүкілхалықтық іс болып келеді. 
Конституцияның 36-бабының 1-бөлігіне сай Қазақстан Республикасын 
қорғау, ұлтына, әлеуметтік тегіне, тұрғылықты жеріне, мүліктік және 
лауазымды жағдайына, нәсіліне, тіліне, біліміне, дінге қатынасына
кәсібінің тегіне және мінезіне, саяси және өзге сенімдеріне, қоғамдық 
ұйымдар мен бірлестіктерге жатуына қарамастан, оның әр азаматының 
ардақты борышы және міндеті болып келеді. 
Қазақстан Республикасының азаматтары әскери қызметті заңмен 
белгіленген тәртіпте және түрлерде атқарады (Конституцияның 36-
бабының 2-бөлігі). 
Қарулы 
Күштердің 
әскери 
жарғылары 
әскери 
бөлімдері, 
басқармалары, мекемелері және ұйымдарының әскери қызметшілері 
әскери қызметті атқаруының қатаң тәртібін тұралап анықтаған. Әскери 


тәртіпті бұзу, құқық бұзушылықтар жасау үшін әскери қызметшілері 
тәртіптік, материалдық, әкімшілік және қылмыс жауапкершілігін көтереді. 
Әскери қызметшілерінің қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік 
Қазақстан Республикасының ҚК 16-тарауында (әскери қылмыстар) 
анықталған. 
ҚК 336-бабына сай: "Әскерге шақыру бойынша не келісім шарт 
бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан 
Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында әскери 
қызмет атқарушы әскери қызметшілердің, сондай-ақ запастағы 
азаматтардың жиындардан өту кезінде әскери қызмет атқарудың 
белгіленген тәртібіне қарсы осы тарауда көзделген қылмыстарды жасауы 
әскери қылмыстар деп танылады".
Заңның мазмұнынан әскери қылмыстар болып, әскери қызметті атқару 
тәртібін реттейтін қатынастарға (әскери қылмыстардың тектік объектісі) 
қиянат ететін қоғамдық қауіпті іс-әрекеттер болып табылады. 
Әскери қызметшілерінің әскери қызметті атқарудың белгілі тәртібіне 
озбырлық жасамайтын құқыққа қайшы іс-қимылды жасауы, мысалы: 
қарақшылық, зорлау, бұзақылық және с.с. әскери қылмыстарға жатпайды 
және жауапкершілікті ҚК басқа тиісті тарауларының баптары бойынша 
тудырады. 
Бөлек әскери қылмыстарының нақты объектісі болып - әскери 
қызметті өтудің бір немесе өзге жақтарын орнататын қатынастар келеді. 
Нақты объектісі бойынша әскери қылмыстарды алты топқа бөлуге болады: 
1. Әскери қызметкерлерінің арасындағы бағынушылық тәртібіне және 
жарғылық қарым-қатынастарға қиянат жасайтын қылмыстар: бұйрыққа 
бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (ҚК 367-бап); бастыққа қарсылық 
көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету (ҚК 368-
бап); бастыққа қарсы күш қолдану әрекеттері (ҚК 369-бап); бір-бірінің 
бағыныштық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің ара-
сындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу (ҚК 370-
бап); әскери қызметшіге тіл тигізу (ҚК 371-бап); 
2. Әскери қызметті өту тәртібіне қиянат жасайтын қылмыстар: бөлімді 
немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету (ҚК 372-бап); қашқындық (ҚК 
373-бап); дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен 
әскери қызметтен жалтару (ҚК 374-бап);
3. Арнайы қызметті атқару тәртібіне қарсы бағытталған қылмыстар: 
жауынгершілік кезекшілікті атқарудың ережесін бұзу (ҚК 375-бап); 
шекаралық қызмет атқарудың ережесін бұзу (ҚК 376-бап); қарауыл (вахта) 
қызметін атқарудың ережелерін бұзу (ҚК 377-бап); ішкі қызмет атқарудың 
және гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бұзу (ҚК 378-
бап); қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз 
ету бойынша қызмет атқарудың ережелерін бұзу (ҚК 379-бап); 
4. Қаруды, оқ-дәрілерін, өзге әскери мүлікті күтіп ұстаудың тәртібіне 
және әскери техниканы пайдалану ерекшеліктеріне қиянат жасайтын 
қылмыстар: құрып бара жатқан әскери кемені тастап кету (ҚК 382-бап); әс-


кери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру (ҚК 387-бап); әскери мүлікті 
абайсыздықта құрту немесе бүлдіру (ҚК 388-бап); әскери мүлікті жоғалту 
(ҚК 389-бап); айналадағыларға қауіп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ 
заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу (ҚК 390-бап); машиналарды 
жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу (ҚК 391-бап); ұшу немесе оған 
даярлану ережелерін бұзу (ҚК 392-бап); кеме жүргізу ережелерін бұзу (ҚК 
393-бап); 
5. Әскери басқарудың қалыпты қызмет етуіне және Қарулы Күштердің 
мәртебесіне қиянат жасайтын қылмыстар: билікті теріс пайдалану
биліктің асыра қолданылуы немесе әрекетсіздігі (ҚК 380-бап); қызметке 
селқос қарау (ҚК 381-бап); жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе 
тастап кету (ҚК 383-бап); әскери сипаттағы құпия мәліметтерді жария ету 
немесе әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттарды жоғалту (ҚК 
386-бап); 
6. Қарулы Күштердің беделіне және әскери тәртіпке қарсы бағытталған 
қылмыстар: тұтқынға өз еркімен берілу (ҚК 384-бап); тонаушылық (ҚК 
385-бап); 
Әскери қылмыстардың объективтік жағы әрекеттерден, мысалы 
бастыққа қарсы күш қолдану іс-әрекетінде (ҚК 369-бап), әскери 
қызметшіге тіл тигізуде (ҚК 371-бап) немесе әрекетсіздіктен, мысалы: 
қызметке селқос қарағанда (ҚК 381-бап) тұруы мүмкін. 
Өзінің құрылысы бойынша әскери қылмыстардың құрамдары - 
формальды (ҚК 373-бап), материалды (ҚК 390-бап) немесе формальды-
материалды болуы мүмкін (ҚК 376-бап). 
Көптеген әскери қылмыстардың субъективтік жағы қасақана кінәмен 
сипатталады, мысалы: бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету 
(ҚК 372-бап), қашқындық (ҚК 373-бап), әскери мүлікті қасақана құрту не-
месе бүлдіру (ҚК 387-бап) және басқалары. Кейбір әскери қылмыстар 
абайсыздықтан да жасалынуы мүмкін, мысалы: әскери мүлікті абайсызда 
құрту немесе бүлдіру (ҚК 388-бап). Бөлек қылмыстар қасақана да, абайсыз 
да жасалынуы мүмкін, мысалы: бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей 
орындамау (ҚК 367-бап), жауынгершілік кезекшілікті атқарудың 
ережелерін бұзу (ҚК 375-бап). 
Бөлек жағдайларда субъективтік жақтың қосымша сипаттары болып 
қылмысты жасау мақсаты мен себебі келеді, мысалы: дене мүшесіне зақым 
келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтару (ҚК 374-
бап), жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету (ҚК 383-
бап) және с.с. 
Әскери қылмыстардың субъектісі арнайы, яғни әскерге шақыру 
бойынша не келісім шарт бойынша Қазақ-стан Республикасының Қарулы 
Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери 
құрамаларында әскери қызмет атқарушы адам, осымен қатар жиындарды 
өтіп жатқан азаматтар. 
1992 жылғы 22 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының "Қорғаныс 
және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы" Заңының 4-


бабына сай Қарулы Күштер өзіне: әскери басқару органдарын, Қарулы 
Күштердің түрлерін – құрлық әскерлерін, ауаға қарсы қорғаныс 
әскерлерін, әскері - ауа күштерді, тылды, әскери - құрылыс бөлімдерін, 
әскери-оқу орындарды кіргізеді.
Өзге әскери құрылымдары ретінде шекаралық және ішкі әскерлер, 
Республикалық Ұлан, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскерлері, азаматтық 
қорғаныстың басқару органдары мен бөлімдері. 
Қазақстан Республикасының ҚК Ерекше бөлімі қарастырған құқыққа 
қайшы әрекеттерден әскери қылмыстар екі ерекшеліктермен - 
сұғынушылықтың ерекше объектісімен және қылмыстың арнайы 
субъектісімен айырылады. 
Әскери қылмыстарды соғыс уақытында немесе жауынгершілік 
жағдайда жасау бағалау жағдайы болып келеді және өлім жазасына дейін 
көтеріңкі жауапкершілікті тудырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет