Қалас жамалов философия



бет37/62
Дата03.10.2022
өлшемі417,48 Kb.
#151479
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   62
Байланысты:
филос.учебн.
КИС 2-курс ОМ каз-конвертирован, Реферат на тему Разговорный стиль речи , Срсп9.Педзерттеу.М.Адилям
Дуализм және монизм. Француз философы Рене Декарттың (1569- 1650 ж.ж.) философиялық жұмыстары келелі әдістемелік мәселелерге арналған. Негізгі еңбектері: «Әдіс туралы әңгіме», «Философияның бастаулары», «Геометрия». Декарт жасаған аналитикалық геометрия математика дамуының жаңа кезеңі болды. Математика, оптика, механика, физиология ғылым салаларына қосқан үлесі, оны XVII ғасыр зерттеушілерінің ең танымалдары қатарына қосты.
Декарт философия тарихында дуалистік философия негізін қалаушы ретінде айрықша орын алады. Ол өзінің философиялық құрылымын дербес екі субстанция - материя мен рухты, дене мен жанды мойындау негізінде қалыптастыруға талпынды. Ғаламды Құдайдың жаратқанын мойындаған Декарт оның екі дербес, тәуелсіз субстанция: рухани және материалдықтан тұратынын мақұлдап, әлемнің бірлігін жоққа шығарады. Сонымен, Декарт бірліктегі әлемді бір-біріне тәуелсіз екі бөлікке ажыратты, олардың әрқайсысын дербес субстанция есебінде қарастырды. Материяның ажырамас қасиеті немесе денелік субстанцияның атрибуты - созылып жатуы, ұзындығы, ал рухани субстанцияның атрибуты ойлау деп есептеді.
Декарт ілімі бойынша, адам-материалдық пен рухани субстанциялардың, жан мен тәннің механикалық қосылуы. Адам организмінің қозғалысы – оның денесіне, ал ойы оның тек жанына тәуелді, бағынышты. Бір-бірінен дербес, өз бетінше өмір сүретін субстанциялар, Декарттың түсінігінше, жетілген субстанциялар сапасында қарастырылмайды. «Философияның бастауында» ол субстанцияны өз өмірінде тек өзіне-өзі керек зат есебінде анықтайды. Сондықтан жетілген субстанция есебінде тек Құдай қарастырылады, ол «өзінен-өзі» өмір сүреді, оның «өзіне-өзінің» себебі болады. Құдай жаратқан әлемді екі түрлі дербес, бір-бірімен байланыссыз субстанцияларға бөлген дуализм Декарт философиясының арқауы болды.
Декарттың физика, физиология ілімдерінде материалистік ой басым. Мұнда материя дара субстанция, болмыс пен танымның дара негізі болып көзге түседі.
Декарт әлемнің әлдебір алғышартын, алғашқы себебін қозғалыстың бастауы деп мойындады. Материяның қозғалысымен бірге тыныштығын жасаған алғашқы бастау Құдай деп қарастырылады.
Декарттың дуализмі оның таным теориясы мен әдістемелік іліміне әсерін тигізді. Рационализмді дамыта отырып ол таным үдерісінде адам парасаты сезімдік заттарды керексінбейді, өйткені ақиқат білім парасаттың өзінде, парасатпен жететін елестету мен түсініктерде болады деген пікірді білдіреді.
«Танымның бастауы тәжірибе, сезім көрсеткіштерін керексінбейтін интеллектуалды интуиция» дегенді мақұлдаған ол, танымның жалғыз әдісі тек дедукция бола алады деп көрсетеді. Бэкон сияқты күмәнсіз білім деп есептелгеннің ақиқаттығына күмәнданады. Түйсік, ойдың нәтижелері шынайы білім болмайды. Сондықтан таным күмәнданудан басталуы керек деп айтқанмен, танымда ешқандай күмәндануға жатпайтындар бар. Кез келген жағдайда үнемі күмәндана беруге болады. Мысалы, жердің, денеңнің, өзіңнің өмір сүретініңе де, бәріне күмәндануға болады. Күмәндану ойлаудың, күмәнданушы ойдың әрекеті. Ой иесі есебінде елес емеспін, мен өмір сүремін. «Ойлаймын, олай болса, мен өмір сүремін» деген тұжырымға келген Декарт ең анық, шынайы танымның болатынына алдын ала сенімді бола отырып, оған деген дұрыс жолды іздейді. Ойлаудан бастау алған ол, болмысты дұрыс танудың қажеттігін дәлелдеуге талпынады.
Танымның ақиқаттығы туа біткен идеялардың болуымен байланысты. Ал олар әлі дайын ақиқаттар емес, бірақ оны тануға парасаттың бейімділігі бар екені мойындалады. Танымда басты роль түйсік, сезімге емес, парасатқа тиесілі. Оның алғашқы болатыны және тәжірибенің сезімдік мәлімдемелерінен тәуелсіздігін дәлелдей отырып, Декарт өз рационализмін тұжырымдайды. Егер сенімді әдістен бастау алатын болса, парасат ақиқат білімге сөзсіз қол жеткізеді.
Декарт рационализм негізінде төрт түрлі ережені қисынға келтіріп, әдіс туралы ілімін жасайды:
*) Ешқандай күмән тудырмайтын танымның саралығы, айқындығы;
*) Кез келген зерттелетін сұрақты түсінікті болғанға дейін көптеген бөліктерге бөлу;
*) Ең қарапайым заттардан бастап, бірте-бірте нағыз қиындарына дейін көтерілу тәртібімен ойлау;
*) Таным толықтығы – маңызды болатынның ешқайсысын назардан тыс қалдырмау. Декарт дедуктивтік әдіспен әлем туралы барлық білімді логикалық дәлелдеп шығуға болатынын мәлімдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет