Қалас жамалов философия



бет34/62
Дата03.10.2022
өлшемі417,48 Kb.
#151479
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   62
Байланысты:
филос.учебн.
КИС 2-курс ОМ каз-конвертирован, Реферат на тему Разговорный стиль речи , Срсп9.Педзерттеу.М.Адилям
Пьетро Помпонация (1462-1525 ж.ж.) Аристотель еңбектерін материалистік тұрғыдан түсіндіруші. Көптеген еңбектерінде өз ілімінің ой желісін, құрылымын тұрғызғанда номинализмнің жолын қуушы болғанын көрсетеді. Ол парасаттың жеке адамнан тыс өмір сүретінін теріске шығарады, осыдан өз философиясының орталық ұстанымы – адам жанының өлетіні идеясы келеді.
Помпонация Аристотельдің «жан – дененің сыртқы пішіні, түрі» деген ұстанымымен келіседі, демек дененің өлімі оның сыртқы түрінің ыдырауын білдіреді, яғни өз жағынан материалдық болатын жанның да өлімі. Адам жанының мәңгілігі туралы оны жануарлар жанымен салыстырғанда, айырмашылығын айтқанда еске алуға болады. Өйткені, адам жаны өзі туралы ой-толғаныстарға, жалпы түсініктер түріндегі қисынды ойларға қабілетті. Жанның мәңгілігі идеясынан бас тарту адамның жоғарғы міндетін жоғалтуына алып келетініне көз жеткізгісі келген өзінің оппонентеріне, Помпонация осындай бас тарту адамның нағыз табиғатына сәйкес келеді, өйткені адам қызметінің мақсаты басқа дүниеде емес, осы дүниеде, жер әлемінде болатынын басып айтады.
XVI ғасырда Батыс Еуропа елдерінің әлеуметтік өмірінде терең өзгерістер, феодалдық өндіріс тәсілінің ыдырауы үдерісі мен соңғы қайта өрлеу философиясы дүниеге келді. Жаратылыстану ғылым салаларында теориялық білімнен бірте-бірте тәжірибе-практикалық білімге өту байқалады. Бұған Коперник (гелиоцентристік тұжырымы), Кеплер (күнді қоршай қозғалатын планеталар туралы ілім), Галилей (аналитикалық теория негізінде механика заңдарының пайда болуы) ашқан жаңалықтар себепші болды. Қоғам өмірінде және ғылыми білім салаларында болып жатқан өзгерістер Қайта өрлеу заманының көптеген ой желісін қайта қарауға, жаңа түрдегі философиялық ойдың пайда болуына алып келеді.
XVI ғасырдағы Италия философиясында табиғат философиясын зерттеушілер мен пантеистер Бернардино Телезио, Франческо Патрицимен бірге Қайта өрлеудің ұлы ойшылы Джордано Бруно ілімдері үлкен маңыздылыққа ие болды.
Табиғат туралы білім мен пантеистік, диалектикалық идеялар. Джордано Бруно (1548-1600 ж.ж.) діни мектепте білім алған болашақ дін қызметкері, философия докторы. Діни қызметтен көңілі қалып, монастырды тастап кеткен соң шіркеудің ізіне түсуіне байланысты Италиядан кетуге мәжбүр болады. Бірнеше жылдар бойына Швейцария, Франция, Англия мен Германия университеттерінде оқытушылық қызмет атқарады. Схоластикалық философияға қарсы шығады. 1592 жылы Италияға келген оны дін бұзушы, күпір деп кінәлап, дін иелері тұтқынға алады. Философиялық идеяларын жалған деп, одан бас тартпағаны үшін 1600 жылы 17 ақпанда баяу жанған отқа өртеліп өлтірілді.
Дж. Бруно ілімінің философиялық тікелей бастаулары Н. Кузанский мен Б. Телезионның еңбектеріне сүйенеді. Жаратылыстану ғылымдары саласында оған Н. Коперниктің астрономия ғылымы жаңалықтары үлкен әсерін тигізеді. Қайта өрлеудің көптеген ойшылдары сияқты, Бруно ықыласын теориялық табиғат философиясы мәселелерін шешуге арнайды, бағыттайды. Философияның мақсаты табиғатты тану деп есептеді.
Бруно философиясының арқауы – құдайлық пен табиғаттық, материалдық пен идеалдық, денелік пен руханилық, космостық пен жерлік, парасаттылық пен сезімдіктің диалектикалық бірлігі туралы ой.
Құдай мен табиғаттың қатынасы мәселесін Бруно өзінің алдындағы ізашарларымен салыстырғанда әлдеқайда толық көрсетілген пантеизм тұрғысынан шешеді. Бастапқы Қайта өрлеудің пантеизмі мистикалық және антропоцентристік принциптермен шектелетіні белгілі. Сондықтан ол, біріншіден, Құдайдың әлемнен толық бөлектенуін жоюға, олардың бірлігін көрсетуге ұмтылады. Құдай өзіне тиісті сапада болмыстан «тыс» және «үстінде» емес, барлық жерде және жан-жақта бар; екіншіден, ол Құдай мен табиғатты жиі теңестіреді, табиғатты өз алдына дербес бастау ретінде қарастырады. «Табиғат дегеніміз Құдайдың өзі немесе заттардың өз ішіне жасырынған құдайлық күш»; үшіншіден, антика философтарының (Парменид, Демокрит, Эпикур, Лукреций т.б.), сонымен қатар жаратылыстану саласындағы соңғы жаңалықтар ықпалымен Бруно Құдайды тек табиғатпен ғана емес, материямен де байланыстырады. Осыдан оның пантеизмінің материалистік пантеизм екенін айтуға болады.
Құдайды табиғат, материямен жақындастыра отырып, Бруно субстанция мәселесінің шешіміне келеді. Ол, субстанция – материалдық, алдымен материя есебінде көзге түсетінін мәлімдейді. Аристотельдік схоластикалық түсіндірмеден айырмашылығында Бруно, белсенді бастауды түрден емес, заттардағы Құдайдың болмысы болатын, барлығын өндіретін, өз еркіндігін сақтайтын материядан қарастырады. Өмір сүретін рухани субстрат - әлемдік жанның барлық заттарға түгел тиесілі және нақты заттар мен барлық әлем бүтіндігінің, үндестігінің, мақсатқа лайықтылығының қозғаушы күші болатынын дәріптейді
Бруно табиғат философиясы мен космологияда схоластика қағидаларына, ортағасырлық дін іліміне қарама-қарсы, оған «діннен безген» деп кінә тағуға себеп болатын бірнеше пікірді ұсынады. Ол Құдайдың шексіз құдіретінің шектеулі, өткінші заттарды жасаумен тұйықталып қалмайтынын, табиғат пен ғаламның да шексіздігін дәріптейді. Дегенмен, Бруно табиғат пен ғаламның шексіздігіне қомақты дәлел болатын Құдайдың құдіреті емес, физика мен астрономия ғылымдарының соңғы жаңалықтары, бірінші кезекте, Кузанский мен Копериктің ілімдері деп есептеді. Кузанский ілімін дамыта отырып, Бруно кез келген «аспан шырағын абсолюттік орта деп қарастыруға болады, өйткені бұл орта барлық жерде бар және еш жерде жоқ, Ғалам шексіз және ондағы көптеген әлемдер де шексіз. Рухани және материалдық субстанциялардың бірлін көрсететін іліміне сәйкес ол, сан жетпейтін әлемдердің ішкі қозғаушы бастауы Құдайдың құдіреті емес, әмбебап әлемдік жан» деген қорытындыға келеді. Бұл идеясын әлемде мың сан қоныстанушының бар екендігімен және оларға жердегіден өзгеше, әр түрлі сезімдік, парасаттылық өмір тиесілі деген ұғыммен толықтырады.
Діни ілім аймағымен шектелген, негізінен математикалық мысалдармен дамытылған Н. Кузанскийдің диалектикасынан айырмасында, Бруно диалектикалық бастауды табиғаттың және адам қызметінің барлық салаларынан көреді, қарама-қарсылықтар бірлігіне ғана емес, күресіне де көңіл бөледі.
Гносеологиялық идеяларында Қайта өрлеу философиясы дәстүрлерін жалғастырған Бруно, танымдағы кез келген шексіз беделге үзілді- кесілді қарсы пікірін білдіреді. Оның ойынша, өзгенің ақылымен ойлау арамдық, әдетке бағынған сенім – ақылсыздык, тобырдың пікірімен келісу – ойсыздық. Танымның мақсаты – белгілі бір білімдер бірлігіне қол жеткізу. Бірліктің танымы шексіз универсум танымына әкеледі және ол, қарама қарсылықтардың сәйкестігі диалектикасын түсінбейінше, мүмкін болмайды.
Ақиқатқа қол жеткізу сезім, ес, парасат және ақыл қызметтерінің негізінде бірте-бірте, ақырын қалыптасады. Таным үдерісіндегі сезімдік деңгейдің алатын орны айтарлықтай көп емес. Сезім – тек кана «парасатты қоздырушы, өйткені сезім қаншама жетілген болса да, керексіздің біршама қоспасынсыз мүмкін болмайды». Сезімдік танымның алдында шексіздік мағынасы ашылмайды. Ес танымда үлкен орын алады. Сезімдік мәліметтерді ой елегінен өткізіп, оларды жинақтау еске түсіріп, көз алдына ойша елестету арқылы жүзеге асады. Табиғаттың ең жоғарғы құпияларына жету мүмкіндігін сезім көрсеткіштерін жинақтаушы парасат (интеллект) береді. Бруно кейбір еңбектерінде бұл иерархияның төртінші сатысына ақылды қосады. Сонымен, тәжірибеге негізделген білімге жеткілікті көңіл бөлмеген ол, тек қана ақылдың көмегімен әлемнің бірлігін, ондағы қарама-қарсылықтардың диалектикалық сәйкес келуін және оның шексіздігін тануға қол жеткізіледі, ақиқатқа жетудің мәнді бастауы – парасат деп есептейді. Ал орта ғасыр мен Қайта өрлеу философияларының негізгі мәселесі болған парасат пен сенім туралы Бруно ақиқаттың екіжақтылығы тұжырымдамасын ұстады.
Дж. Бруноның жаратылыстану салаларындағы философиялық ғылыми идеялары схоластикалық дүниетанымдық көзқарасты жеңуге үлкен үлесін қосты. Оның діни ілімдермен шектелмеген дәйекті пантеизмі, классикалық қайта өрлеу дәстүрлерінің шеңберінен шығып жатты. Бруноның жаңа, ерекше түрдегі ілімдері жаңа дәуірдегі дүниетанымдық көзқарасқа қарай жасалған шынайы қадам болды.
Қайта өрлеу философиясының диалектикалық, гносеологиялық, онтологиялық және этикалық ілімдері Еуропаның басқа елдерінде де Қайта өрлеу философиясының дамуына және Жаңа дәуірдегі философиялық ойдың пайда болуына үлкен әсерін тигізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет