Қалас жамалов философия



бет30/62
Дата03.10.2022
өлшемі417,48 Kb.
#151479
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62
Байланысты:
филос.учебн.
КИС 2-курс ОМ каз-конвертирован, Реферат на тему Разговорный стиль речи , Срсп9.Педзерттеу.М.Адилям
Сопылық – жаңа платоншылдыққа жақын ілім. Ол сезімдік және парасат (рационалдық) танымының ақиқаттығын теріске шығарып, адамның жердегі өмірімен байланыстылардың бәрінен бас тартып, аскеттік өмір сүруге шақырады.
Сопылық бір Құдайды ғана мойындайды. Олардың уағыздары: ғаламның, дүниенің алғашқы мәні – Құдай, ол мәңгі, өзгермейді, оны түсінуге де, білуге де болмайды. Құдай өз мәнін өзгертпей дүниені жарата береді. Жаратылғандардың төменгі сатысы – материя, ол барлық келеңсіздіктер мен зұлымдықтардың бастауы.
Қазақстан жерінде сопылық негізде иассауилік- мистикалық, аскеттік ілім қалыптасты. Оның негізін қалаушы Қожа Ахмет Йассауи (1105 - 1166 ж.ж.), өмір сүрген уақыты араб тілдес халықтар мәдиниетінің гүлденген кезіне сәйкес келеді. Ол дінді материализмнен қорғауға тырысып, ақылдың мәнін кемітпесе де, одан діни нанымды жоғары қояды. Йассауи еңбегі «Диуани хикмет» түркі тілінде жазылған. Шығарманың негізгі мазмұны сопылық жолында мұсылмандық ілімнің қағидаларын жүзеге асыру, оларды күңделікті өмірде әрдайым пайдалану мен орындаудың әдіс-тәсілдерін үйретуге арналған. Құдайдың еркі материалдық дүниені жаратып қана қоймай, оған үздіксіз ықпалын тигізіп отырады. Ол табиғат құбылыстарының объективтік заңдылығына, мәңгілігіне емес, Құран аяттарына мүлтіксіз сенуді талап етеді.
Ұлы сопы пікірінше, Құдай дүние жаратылмас бұрын абсолютті, біртұтас, мәңгі жетілген мән ретінде өмір сүреді. Рухтан, ғаламдық парасаттан бөлінген ол өзінің барлық сапалық, мәндік қасиеттерімен, іс-әректтерімен көрінетін, сезілетін түрлер мен идеялар арқылы білінеді. Құдай материалдық дүниеге таралған, ал адам оның бөлшегі ғана. Жанның ең жоғарғы мақсаты - өз денесінен босанып, Құдайға жақындау, бірігу. Иассауидің пікірінше объективтік шындық ақылмен, сеніммен танылмайды, мистикалық байқау, Құдайды тікелей сезу арқылы танылады.
Сопылық – адам жанының тазалығы туралы ілім. Ол ислам дінінің рухы, мәні, сайып келгенде, исламның синонимі, яғни, сананың жетілуі, жан тазарып, ар-ұят оянуы, рухани шыңдалудың белгісі. «Сопылықты жүрекпен ғана сезесің», демек, сопылықтың не екенін жүрегін оята алған адам ғана түсіне алады. Сопыларға ортақ қасиет-адалдық, мейірімділік, қанағат, шынайы ізгілік, Алланы, адамды сүю, арлы да адал болу.
Кітапта сопылық мақсатқа жету үшін төрт түрлі сатыдан өту керектігі айтылады. Олар: шариғат, тарихат, мағрипат, ақиқат. Бұлардың әрқайсысының өз тұрағы бар, ілім жолының ауыр да қиын болатынын айта келіп, Қ. Йассауи одан өтуді табанды түрде талап етеді. Дүниені танып білу үшін, адам әр түрлі талаптарды орындауы керек, ол сонда ғана ақиқатты түсіне алады, егер ғұламаның сөзімен айтатын болсақ, «өзіңді танығаның ақиқатты танығаның».
Ұлы сопының сөзі тек өз уақытымен ғана байланысты болып қоймай, қазіргі кездегі рухани өмір құндылықтарын қалыптастырушы тұлғалар психологиясы Ф. Ницше айтқан құлдардың моралін көбірек елестетеді... Ницшенің мораль жайлы шын мәніндегі гуманистік идеялары әлеуметтік мәннен емес, оның «болашақ адамы» жайлы романтикалық түсініктерінен шыққан. Ницшенің ұғымы бойынша, құлдардың моралі–пайданың, рахаттың моралі. Ол былай деп жазды: «Ешқашан қорғанғысы келмейтін, көлденең жұрттың кекесінін басынан асыра салатын, аса шыдамды, бәрін кешіретін, бәріне риза адам жеккөрінішті: себебі бұның барлығы құлдың мінезі». Мұндай мораль иелерін Ницше «кішкене адамдар», «жұқана адамдар» деген. «Кішкене», «жұқана» адамдардың қоғамның соңғы сатысында тұруы, әлде бір несібесіз пенде болуы шарт емес. Ғалым да, жазушы да, жұмысшы ды, әмірші де құлдық моралдің иесі болуы мүмкін. Бұл адамдар барлығын да біледі, бәріне риза. Біз бақытты тапқанбыз дейді олар көздері жыпылықтап. Ал егер басшы құлдық моральді иемденсе ең жаманы, ең қауіптісі сол. Ницшенің айтуынша, әміршісі «кішке» адамнан болған халық бақытсыз. «Кішкене адам» билеген елді өтірік, жалған сөз, жалған іс жайлайды. Ницшенің бұл ойының растығы күман келтірмейді. Қара басының қамын ойлаған, от басынан ойы аспаған, жемқорлық пен парақорлықты саясатқа айналдырған басшының елі бақытсыз, оған көнген халық дәрменсіз, ол да құлдық мораль иесі».
Көшпенді тұрмыс-салтын сақтаған халық діннен тек тұрмыстық ең қажетті қағидаларды алды. Олар Алланың бар екеніне, өмір сүретініне шек келтірмесе де, көзсіз сенімді жақтамай, оған деген сүйіспеншілікті қолдап, көшпенді тұрмыс ерекшеліктерімен көзге түсетін дінді өмірге алып келді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет