Қалас жамалов философия



бет26/62
Дата03.10.2022
өлшемі417,48 Kb.
#151479
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   62
Байланысты:
филос.учебн.
КИС 2-курс ОМ каз-конвертирован, Реферат на тему Разговорный стиль речи , Срсп9.Педзерттеу.М.Адилям
Соңғы схоластика. Ф. Аквинскиймен схоластика дамуының маңызды бөлігі аяқталады. Ол өзінің жоғарғы даму сатысына қол жеткізіп, онда Құдай да, табиғат пен адам да өз орнын алған, терең ой елегінен өткен теориялық, діни-философиялық құрылым болып қалыптасты. XIII ғасырдың аяғында томизм толығымен Папа билігінің теориялық негізі болып, көптеген университеттерде оқытылды. Дегенмен осы уақытта батыс Еуропа халықтарының рухани, әлеуметтік-экономикалық өмірлерінде дамудың жаңа бағыты пайда болып, философиялық ойдың өрбуіне, жаңа әлеуметтік қайшылықтардың өмірге енуіне негіз болады.
XIV ғасырда ұлттық мемлекеттердің, әсіресе Англия, Франция елдерінің экономикалық дамудың жаңа жолына түсуі жүріп жатты. Рим папасының билігі король билігінен әлдеқайда әлсіреді. Монархтардың діни билікті шектеуге ұмтылысы ұлттық шіркеулердің іргетасын нығайтып, болашақта өмірге енетін Реформацияның негізін қалады.
Жаратылыстану ғылымдары дамуымен қатар қайта жандана бастаған материалистік көңіл-күй схоластикалық философияға әсерін тигізбей қойған жоқ. Дін ілімінен философияны ажыратуға ұмтылыс томизмге деген сынды күшейтті. Әлеуметтік өзгерістерді реализмнен бұрын аңғарған, оны пайдасына шешуге талпынған номинализм өз бағытын нығайтуға ұмтылды.
Тарихи дәуірде қоғамдық өзгерістер Дунс Скот (1266-1308 ж.ж.) философиясынан көрінісін табады. Англиядағы ғылыми дамулар әсерінен оның философиялық ой, пайымдаулары дін догмаларынан жоғары тұрды. Мысалы, философия «дін қызметшісі» есебінде қарастырылмай, парасатқа сүйеніп әлемді ұғыну мүмкіндігін қарастыратын, жаратылыстану мен тәжірибенің мәліметтерін пайдаланатын теориялық пән ретінде түсініледі.
XIV ғасырда Уильям Оккам (1285-1349 ж.ж.) философиясында томизм өткір сынға ұшырайды. Батыл философиялық көзқарастары мен шіркеу беделіне сын айтып, күмән келтіргені үшін ол өмірінің бірнеше жылын түрмеде өткізеді. Қорған іздеген ол Мюнхенге, Папаның қарсыласы император Людвикке қашып барады. «Мені қылышыңмен қорға, мен сені қаламымның ұшымен қорғаймын» деген сөз оның императорға айтқаны деп таңылады. Оның қаламынан көптеген еңбектер шықты, соның ішінде таза философиялық бағыттағылары: «Тәртіп», «Таңдамалылар», «Барлық логика жинағы». Философияны жаратылыстану білімі ретінде қарастырған Оккам діни қағидаларды, бәрінен бұрын Құдайдың өмір сүретінін дәлелдеуді қажетті деп есептемейді. Ол Құдайды абсолют, шексіз жан иесі, сондықтан оны жаратылыстану ғылымы тәсілдерімен дәлелдеуге қол жеткізу мүмкін емес деп түсінді.
Оккам таным мәселелері мен тіл теориясына үлкен қызығушылық көрсетіп, адам танымы сыртқы қабылдаулар және ішкі әсерленушілік жолдарымен алынатын мәліметтерден басталады деп есептеді. Танымның бірінші сатысын интуитивтік деп атады. Егер қандай да бір ұғымды интуитивті танудың мүмкіндігі болмаса және ол тәжірибе жүзінде тексеруге көнбесе, онда ол ғылым мазмұнынан шығарылуы, жоюылуы керек. Заманына кең танымал болған осы пайымдау «Оккамның ұстарасы» деп аталды және қысқаша: «Мәнді қажетсіз көбейтудің керегі жоқ» немесе, басқаша айтқанда «Аз арқылы түсіндіруге болатынды, үлкеннің жәрдемімен дәлелдеудің қажеті жоқ» деп тұжырымдалды. «Оккам ұстарасы» эмпиризмнің ұраны болды, оның өткір жүзі дерексіз схоластикаға қарсы бағытталды. «Ұстара» өрмекшінің ұясындай шырмалған пікірлерді және заттар туралы шектен тыс ауызша «даналықтарды» жоққа шығарып, турап, жаратылыстану зерттеулеріне жол, кеңістік ашты. Түрі жағынан схоластикалық болып көрінетін Оккам номинализмі өзінің мазмұны бойынша схоластикалық философияға қарсы болып, қайта өрлеу философиясы пайда болғанға дейін, XV ғасыр философиясына айтарлықтай әсерін тигізді.
Қорыта айтқанда, Орта ғасыр философиясы туралы келесі ғасырда дүниеге келген ойшылдар жоғары пікірде болған жоқ. Мысалы, Гуманистер және XVII ғасырдың философиясын жаратылыстану ғылымдарымен байланыстырушы Ф. Бэкон, Р. Декарт діни схоластикалық философияны қарауды қажетсінген жоқ. Ортағасырлық философияны XVIII ғасырдағы француз ағартушылары да бағаламады. Олар католик шіркеуімен және христиан дінімен ымырасыз күрес жүргізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет