Қалас жамалов философия



бет28/62
Дата03.10.2022
өлшемі417,48 Kb.
#151479
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   62
Байланысты:
филос.учебн.
КИС 2-курс ОМ каз-конвертирован, Реферат на тему Разговорный стиль речи , Срсп9.Педзерттеу.М.Адилям
Әбу Насыр әл-Фараби (870-950 ж.ж.)қазақ топырағында, ежелгі Отырар (арабтар Барба-Фарап деп атаған) қаласында дүниеге келген. Ол Аристотельдің, әл-Киндидің ізін қуып, ілімдеріне бас игенімен, Аристотель ілімінің формальдық жағымен ғана шектелмей, диалектика элементтеріне де көңіл аударады. Көптеген тілдерді жетік білген ол, арабтілдес елдерде дұрыс тәржімаланбаған, кейбір құнды ойлары бұрмаланып жүрген гректің ұлы философы Аристотельдің шығармаларына түсіндірме жазады. Сондықтан Шығыс халықтарына ұлы философтың ғылыми еңбектерін танытып, мұраларын дұрыс түсіндіргені үшін, әл-Фараби «Ал муаллим ас-сани» –Екінші ұстаз деген атаққа ие болған.
Әл-Фараби Аристотель еңбектеріне түсіндірме беруімен қатар, өзі де көптеген ғылыми философиялық еңбектер жазған. Оның метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, география, этика т.б. ғылымдар саласы бойынша жазған еңбектері құнды. Ғұламаның мағынасы терең пікір айтпаған, жете зерттелмеген, батыл болжам жасамаған бірде-бір ғылым саласы жоқ десек қателеспейміз.
Мысалы, әл-Фараби «Философияны үйрену үшін қажетті алғы шарт туралы трактатында» Аристотель философиясын жете меңгеруге қажетті шарттар жайлы өз көзқарасын ортаға салады. Осы еңбегінде философияны үйрену үшін, тұңғыш философиялық бағыттың ең алғашқы негізін салушы грек философы Пифагордан бастап, өзіне дейінгі ғылымдардың ой-пікірін келтіре отырып, соңын өз ойларымен тұжырымдайды. Фараби пікірінше, ғылым мен философия адамы болу үшін қойылатын ең бірінші талап – ол «адамның жан тазалығы, ар тазалығы, бүкіл адамзатқа, өз халқына деген махабаты, ғылым мен білімге деген қалтқысыз құштарлығы, берілгендігі. Бұл шарт орындалмаған күнде адам философияны үйрене алмайды, үйрете де алмайды» [14. 67 б.].
X ғасырдан бастап мұсылман философиясы өкілдері исламның саяси ілімі шеңберінде мемлекет пен саясатты зерттеуде гректің әлеуметтік философия дәстүрлеріне, әсіресе Платон мен Аристотель көзқарастарына сүйеніп, оны елдің ерекшелігіне қарай бейімдейді. Осыдан, әл-Фарабидің «Қайырымды қала» туралы идеяларының ежелгі грек философиясымен байланыстылығы, мемлекетті тұрғызу идеяларының үндестігі, сонымен қатар ғұламаның антика дәуірінің ғылымын, философиялық көзқарастарын терең білгені айқындалады.
Саясат, мемлекет, билік жүйесі мәселелерінің арасын ашпаған араб ойшылдары бұл ұғымдарды синоним ретінде қарастырды. Саясат, өздері «Қайырымды қала» деп ат қойған мінсіз мемлекет туралы ғылым болып саналды [15, 322-377 бб.]. Ғұлама шығармаларында мемлекет құрылымының белгілері, ерекшеліктері ғана емес, сонымен қатар маңызды философиялық мәселелері де үндестікте қарастырылып, мемлекеттің саяси концепциясы ең бір толық, дәйекті, соны көрінісін табады.
Әл-Фараби саяси пікірлерін «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Мемлекеттік билеушінің нақыл сөздері» және “Азаматтық саясат” еңбектерінде баяндайды. Ғұлама пікірінше, саясат сипаттамасы, мемлекеттің пайда болу себептері, қандай да бір мемлекет түрлерінің қалыптасуы өз бастауларымен ғаламдық тәртіптің жалпы заңдарына сүйенеді.
Әл-Фарабидің ойынша, адам–өз өмірінің қожасы, ол өз бақытын өзі жасауы жолында қиындықтардан қашпауы керек. Адам өміріндегі «жақсылық» пен «жамандық» Құдайдың емес, адамдардың күнделікті іс- әрекетіне байланысты. Адамның табиғи қабілеті жақсы-жаман әдеттерді істеуге бірдей мүмкіндік береді, ал осылардың қайсысын таңдау адамның ізгілікті мінез-құлқына келіп тіреледі, рухани жетілуіне тәуелді. Жалпы, діни сана дәуірлеп тұрған орта ғасырларда ол қоғамды ақылмен дұрыс басқарудың шарттары жөнінде батыл пікірлер айтып, оны жетілдіре түсудің нұсқасын көрсетеді.
Әл-Кинди мен әл-Фарабидің ілімдерін одан әрі жалғастырушы Әбу-Әли Ибн-Сина (980-1037 ж.ж.) аристотельшілдік бағыттың басты өкілдерінің бірі болды. Еуропалықтарға Авицена деген атпен белгілі болған философ, дәрігер, ақын, әрі саяси қайраткер. Арабтар әлемінде «Философтар патшасы», «дәрігерлер атасы» деген дәріптеулерге ие болған ол Орта Азияда, Бұхара қаласының маңында дүниеге келді. Жүздеген ғылыми еңбектер жазған оны, әлемге танымал қылған Шығыс пен Батыста талай ғасыр баға жетпес білім көзіне айналған «Сауығу кітабы» деп аталатын медицина жайлы философиялық шығармасы еді. Ол әр түрлі ауруларға арналған, шөптер құрамынан тұратын көптеген дәрілер мен дәрігерлік кеңестер қалдырған. Он сегіз бөлімнен тұратын «Сауығу кітабында» логика, физика, математика және философия проблемаларын қамтыған. Негізгі еңбектері ішінен «Логика», «Поэтика», «Риторика», «Метафизика» еңбектерін атауға болады.
Болмыс туралы ілімі материяны мәңгілік жаратылыстан тыс құбылыс ретінде қарастырады. Құдайдың бар екеніне күмәнданбаған Ибн-Сина үшін дүние, шындықтың мүмкіндігі ғана. Ол уақыттан тысқары Құдайдың жағдай туғызуына байланысты шындыққа айналады. Адамның рухы – дененің жансыз түрі. Денелердің қайта тірілуі мүмкін емес деп, «Құдай шапағатына» ден қояды. Жалпы алғанда, Ибн - Сина философиясы Аристотельді исламның негізгі қағидаларымен ұштастыра отырып, оларды өзара ынтымақтастырмақ болған ілім.
Шығыс философиясының келесі ұлы тұлғасы - Ибн-Рошд (Латынша аты – Аверроэс) (1126-1198 жж.). Испанияның Кордова қаласында өмірге келеді. Мұсылман құқы, араб әдебиеті мен поэзиясы, соңынан дәрігерлік ғылымды, математика мен физиканы меңгереді, философиямен айналысады. Севилья мен Кордовада қадилық (сот) қызмет атқарады, дүниетанымдық көзқарастарына ббайланысты діни қуғындауға ұшырайды. Оқымыстының Аристотельдің шығармаларына түсініктемелер жасаған негізгі еңбектері: «Алғашқы қозғаушы жөнінде», «Аспандағы денелердің қозғалысы жөнінде», «Терістеуді теріске шығару», «Жан-дүние ғылымы жөнінде» т.с.с.
Философиялық көзқарастарында Ибн-Рошд Дүниенің мәңгілігі мен шексіздігі жөніндегі мәселені көтереді. Әрине, ол - өз заманы тұлғасы болды, сондықтан Құдайды мойындады. Құдай шындықтың мәңгілік қайнар көзі болса, материя - Дүниенің мүмкіндігінің мәңгілік қайнары, өйткені «егер Жаратушы мәңгілік болса, онда жаратылған Дүние де - мәңгілік». Құдай - қажетті шынайылық, ол Дүниенің мүмкіндігі, материяға бітім беруші, оны шындыққа айналдырушы. Дүниеде еш нәрсе пайда болмайды, сондай –ақ, жойылмайды да, ол өзгеру арқылы басқа затқа айналады. Ол Аристотель философиясының негізгі қағидасының бірі - «материя ешқашан түрсіз (форма), ал түр материясыз өмір сүре алмайды» деген ойын толығынан қолдайды, тереңдетеді.
Таным ілімінде Ибн-Рошд жеке адам ақылы, ойдың бірегейлігін, потенциалдық интеллектіні құрайтынын айтады. Расында парасат мүмкіндігі шектеулі адамдар, Дүниеге уақытша келген пенде ретінде универсалилерді, потенциалдық ақыл-ойы болмаса жасай алмас еді. Жеке адамның танымдық мүмкіндіктері шындықка айналуы үшін, оған ғаламдық белсенді ақыл-ой (Құдай) түрткі болуы керек. Ол потенциалды ақыл-ойға тікелей әсерін тигізбей, оның сезіміне, қиялы мен елестету мүмкіндіктеріне ықпал етіп, мән-мағынаның ашылуына, оның шындыққа айналуына соқтырады. Осы сәттен бастап жеке адамның ғылымдағы ашқан жаңалығы, адамзаттың потенциалдық интеллектісінің ажырамас бөлігіне айналады, ол бірте-бірте Құдайдың белсенді актуальды интеллектісіне жақындайды, оған қосылуының алғы шарты болады. Демек, Ибн-Рошдтың потенциалдық интеллектісі – бүгінгі философияның қоғамдық сана ұғымына жақын.
Ойшыл: «Адам - өтпелі пенде, оның денесімен бірге жан дүниесі де келмеске кетеді», - дейді. «Бірақ адамзаттың потенциалдық интеллектісі – мәңгілік, ол Құдайдың ақыл-ойымен қосылуға тырысады, ал ол орындалған кезде дүниежүзілік адамзат тарихы аяқталады», - деген көзқараста болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет