Қалас жамалов философия


V тарау. ҚАЙТА ӨРЛЕУ ФИЛОСОФИЯСЫ



бет31/62
Дата03.10.2022
өлшемі417,48 Kb.
#151479
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   62
Байланысты:
филос.учебн.
КИС 2-курс ОМ каз-конвертирован, Реферат на тему Разговорный стиль речи , Срсп9.Педзерттеу.М.Адилям
V тарау. ҚАЙТА ӨРЛЕУ ФИЛОСОФИЯСЫ
Қайта өрлеу (фр.renaissance-қайта өрлеу, жаңғыру) заманы деп ортағасыр мен жаңа дәуір ортасындағы өтпелі кезеңді, ХIV-XVI ғасыр арасын қамтитын уақытты айтады. Бұл ортағасырдың экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани жағынан өзін - өзі жегідей жеп тауысқан, ал буржуазиялық қоғамның әлі бекімеген уақыты.
Бұл қарапайым тауар - ақша қатынасының қалыптасуы, қалалардың саяси, әлеуметтік рольдерінің артқан, оларда ерікті, басы бос қолөнершілер еңбегінің үстемдік жүргізген, сауданың, банк ісінің, гүлденген мануфактуралардың пайда болған заманы еді. Қоғамда рухани жағдай да өзгерістерге ұшырады. Қалаларда ақсүйектер мәдениеті пайда болады.
Ақындар, жазушылар, суретшілер, философтар, қоғам қайраткерлері ортағасырлық діни әдет-ғұрып, этикалық көзқарастарды толық жоққа шығармай, оларды мәнді қайта қарап, ой елегінен өткізеді. Бұл заманның жоғарғы мұрат, мақсаттарын іздеген ақсүйектер мәдениетінің көптеген мүшелері антика мәдениетінің құндылықтарына, ортағасырлық схоластикадан құтылудың жолы болатын рухани бастауларға, жаңа түсініктерге көп көңіл бөледі. Жаңа мәдениеттің Құдайды түсінуге талпынған ортағасырлық мәдениеттен айырмашылығы адамды түсінуге ұмтылуында болды. Оның негізіне антропоцентристік (гр. antropos-адам және лат. centrum-ортасы, адам ғаламның ортасы және жоғарғы мақсаты дегенді білдіретін түсінік) ерік-жігері мол, қайратты адам туралы түсінік қағидалары қойылды. Дін мен феодализм құрсауынан адам баласын босатып, еркін жетілуін мақсат еткен саяси-әлеуметтік қозғалыс есебінде жан-жақты өрбіген гуманизм (лат. humanus-адам сүйгіштік) проблемалары қоғам өмірі салаларының бәрінен көрінісін тапты. Қайта жаңғыру заманы мәдениетінің гуманизм мен антропоцентристік бағыттары антиклерикалдық (гр.anti-қарсы және лат. clerikalis-шіркеулік, дінге қарсы емес, шіркеу мен дін иелерінің артықшылықтарына қарсы бағытталған қозғалыс) көңіл-күймен байланысты болды.
Италия философиясы өзгеріссіз, қасаң дүние болған жоқ, керісінше, әр уақытта дамып отырған мәдени құрылым ретінде көзге түседі. Осыған байланысты оның дамуында келесі сатыларды бөлектеу орын алған: ерте Қайта өрлеу; гүлденген, яғни жоғарғы Қайта өрлеу; соңғы, яғни түрленген Қайта өрлеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет