Қалас жамалов философия


Қайта өрлеу заманы философиясының негізгі идеялары



бет32/62
Дата03.10.2022
өлшемі417,48 Kb.
#151479
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   62
Байланысты:
филос.учебн.
КИС 2-курс ОМ каз-конвертирован, Реферат на тему Разговорный стиль речи , Срсп9.Педзерттеу.М.Адилям
Қайта өрлеу заманы философиясының негізгі идеялары.
Ортағасырлық схоластика өкілдерімен айтыста христиан діни ілімінің негізгі ой желісін сақтаған Италия гуманистері антика мәденииетінің рухы мен идеяларын қайта жаңғыртуға ұмтылды. Демек, италиядағы ерте Қайта өрлеу заманы философиясының ортағасырлық схоластикамен қатар дамығанын айтуға болады.
Гуманистік қозғалысқа дем беруші ақын Даньте Алигьери (1265-1320 ж.ж.) шығармаларында бірінші рет ортағасырлық дүниетанымдық көзқарастан өзгешеліктер, айырмашылықтар байқалады. Ойшыл схоластиканың догмаларын теріске шығармай-ақ, Құдай мен адам қатынасын жаңадан ой елегінен өткізуге талпынады. Оның пайымдауынша, құдайлық пен адамдық бірлікте өмір сүреді, Құдайды адамның шығармашылық мүмкіндіктеріне қарсы қоюға болмайды. Адамның өмір сүруі бір жағынан Құдаймен, екіншіден – табиғатпен қамтамасыз етіледі.
Данте, адамның практикалық қызметі – оның парасат мүмкіндіктерінің жүзеге асуының жемісі дегенді басып айтады. Ол адамның бар өмірі оның парасатына бағынуы керек дегенді ұстанады.
Гуманистік қозғалыстың негізін қалаушы ойшыл ақын Франческо Петрарка (1304-1374 ж.ж.) «өмір өнерін» жете зерттеуді өзінің басты мақсаты деп есептейді. Оның ойынша, адамның діни догматтар белгілегендей тек ол дүниеде ғана емес, осы жердегі өмірінде де бақытты болуға құқы бар. Петрарка шығармаларында Қайта өрлеу заманы философиясына тән көрінісін табатын адамның жеке, даралығын дәріптеу орын алған. Оның пайымдауынша тұлғаның, кісінің шыңдалып жетілуі оның «надан тобырдан» оқшауланған жағдайында ғана мүмкін болады. Тек қана осы жағдайда, адамның өзіндік ішкі құмарлықтарымен күресінде және қоршаған ортамен үздіксіз қарама-қарсылығында, шығармашы кісі толық еркіндікке, ұстамдылыққа, рухани тыныштыққа қол жеткізеді.
Осыған жақын рухтағы идеяларды Петрарканың ізбасарлары, соның ішінде италян гуманисі Джованни Бокаччо да айтады.
Бұл уақыт философиясының өзіндік ерекшелігі антиклерикалдық ғылыми білімге құштарлық белгісінің әлі пайда болмағанында еді. Гуманистер жаратылыстану ғылымдарының ешқандай практикалық құндылықтарын көре алмады, табиғат философиясы олардың қызығушылықтарының шеңберіне кірмеді. Ойшылдар барлық мүмкіндіктерін әлеуметтік және моральдық мәселелерді шешуге жұмылдырды.
Италиядағы Қайта өрлеу философиясының қалыптасу кезеңінде кең қанат жайған философиялық ілімдер жасалған жоқ. Десек те, олардың алдағы уақытта пайда болуының негізі қаланады.
XV ғасыр ортасында Италия философиясы өзіндік ерекшеліктерімен жоғарғы дәрежесіне, яғни жоғарғы Қайта өрлеу философиясына қол жеткізді. Ол Пифагор, Платон, табиғат философиясын зерттеушілермен бірге алғашқы диалектиктердің, Эпикур мен Стоик мектептерінің, жаңа платоншылдар, Аристотель мұраларын жалғастырушы ізбасарларының, антика философиясының шеңберін кеңейтті.
Тарихи дәуір философиясы материалистік үрдістерге және жаратылыстану ғылымдары туралы білімге бай араб философиясының идеяларымен де сусындады. Философияның алдағы, болашақтағы дамуы кең көлемді болмаса да секуляризацияға (лат.saecularis-бұқара, қауым секуляризация-қоғамдық өмір салаларының, жеке адамның дін ықпалынан арылуы), яғни діни сананың философиялық санаға әсерінің шектелуіне алып келді.
XV ғасыр философиясының тағы бір өзіндік ерекшелігі - табиғатты адам өмірімен, тәнімен ұқсастыру, керек десеңіз көптеген ойшылдар оны үлкен бір дене деп қарастырды, елестетті. Табиғатқа деген терең қызығушылық, жан-жақты түсінуге деген ұмтылыс және оған деген үстемдіктің ұлғаюы натурфилософиялық (лат. Natura - табиғат, натурфилософия – табиғат философиясы, табиғатты тұтастай танылымы) идеялардың пайда болуына алып келді. Жаратылыстану саласында математикалық білім үлкен маңыздылыққа ие болды.
Италия философиясының тағы бір ерекшелігі-мистикалық түрде берілген, көрсетілетін әлемге деген пантеистік көзқарас. Ол Николай Кузанский, Флоренциядағы Платон академиясының мүшелері: М.Фичино мен Пико делла Мирандола, Пьетро Помпонаци тәрізді ойшылдар ілімдерінен көрінісін табады.
Қайта өрлеу заманының көрнекті ойшылдарының бірі Н. Кузанский (1401-1464 ж.ж.) университеттік білім алғаннан кейін діни қызметпен айналысып, Рим католик шіркеуінің кардиналдығына дейінгі жолдан өтеді. Діни дәрежесіне қарамай, философиялық және қоғамдық қызметінде гуманистік идеяларға жақын болып, математика, астрономия, география, медицина ғылымы салаларын байыпты зерттейді. Ойшылдың діни және философиялық еңбектері бар. Солардың ортасында таңдаулысы «Ғылыми білімсіздік». Күрделі атауға ие болған еңбектің мәні, ақиқатты іздеу жолында анықталмағанның – анықталғанмен, белгісіздің – белгілімен салыстырылуында. Өмірде кездесетін бұл проблемалар туралы белгілі тұспалдарды айтуға болады. Бірақ, шексіздікті зерттегенде, мұны елестету мүмкін емес, өйткені оның көлемі белгісіз, еш нәрсемен салыстыруға келмейді. Адамның (шектелген) парасаты мен шексіздік арасындағы қайшылық, Н.Кузанскийдің ойынша ғылыми білімсіздікті туындатады. Осы тұрғыда Құдайды тану мүмкін емес, өйткені ол шексіздік, оны бұл жалғанның шекті заттарымен салыстыруға болмайды.
Кузанский «Құдай абсолюттік жоғарғы шек, шексіздік бола отырып, ешқандай шектеуліден зиян көрмейді. Ол болашақ бөлшектенбейтін, абсолюттік ең кіші шек те болады», – деді. Бұл оған Құдайдың абсолюттік жоғарғы шек пен абсолютті кіші шектің қарама-қарсылықтығы есебінде көзге түсетіні, қайшылықты болатыны туралы идеяға келуіне себеп болды. Осы екеуінің сәйкес келуі: біріншіден, құдайдың бар ғаламды мекендейтіні (бәрі-барлығында) және әлемнің құдайдан тыс өмір сүретінін мойындау (бәрі-барлығында қағидасы Анаксагордың жарыққа шығарған дәйексіз идеясының бейнесі болды. Оның ойынша әрбір зат белгілі бір дәрежеде өз ішінде барлық басқа заттарды ұстайды, тұтынады); екіншіден, Құдай дегеніміз себеп пен салдардың, демек жасампаздық пен жаратылғанның бірлігі; үшіншіден, көзге көрінетін заттар мен Құдайдың мәні сәйкес келеді, ол бұл әлемнің бірлігін қуалайды. Қарама - қарсылықтардың бірлігі есебіндегі Құдай түсінігі, Құдайдың жеке жасампаздық қызметін әлсіретеді, шексіз құдай мен шектеулі әлемді жақындастырады, ал бұл креационистік принциптен алшақтауға әкеледі.
Универсум бастауы идеясын Кузанский жаңа платоншылдардың эманация (лат. emanatio – өту, тарату. Ертедегі Грек философиясында кездесетін универсум, яғни жоғары және жетілген онтологиялық сатыдан, жетілмеген және төменгі сатыларға өтуді білдіретін термин) қағидасына сәйкес дамытады. Құдайлық бастау барлық ғаламның шексіз мүмкіндігі бола отырып, абсолюттік бірлігімен барлық шексіз, табиғи және адам әлемдерінің әр алуандылығын иін тірестіріп өзіндік болмысында жинақтаған, ал әлемнің пайда болуы–құдайлық тереңдіктен өрістеп, өркендеуінің нәтижесі. «Мәңгілік дүниеге келу» шектеусізден шектілердің, дарадан көптің, абстрактылы қарапайымнан нақты күрделілердің, дербестің өрбуінен тұрады. Көп түрлі табиғаттың және адамның дара әлемінің Құдайға қайтып келуі оның өзіне тән жинақталу үдерісі тәрізді болып көрінеді.
Н. Кузанскийдің пантеистік идеялары алдағы дәуірлерде космология мен табиғат философиясынан өзінің көрінісін табады. Құдайдың шексіздігін табиғатқа дейін төмен түсірген ол, ғаламның кеңістіктегі шексіздік идеясын ұстанады. Ойшыл түсінігінше, Ғалам біртекті, оның әр түрлі бөліктерінде бірдей заңдар үстемдік етеді, ғаламның кез келген бөлігі өзара теңдікте және барлық жұлдыздар әлемінің өз тұрғындары бар.
Н. Кузанский космологиясының бастауы жердің Ғалам орталығы еместігін, оның басқа планеталар, мысалы Күн сияқты өз табиғатының бар екенін және әр уақытта қалыпты қозғалыста болатынын болжауға мүмкіндік берді. Мұндай көзқарас орта ғасырларда үстемдік жүргізген Ғаламның кеңістіктегі шектілігі мен Жердің оның орталығы болатыны туралы түсінікке қайшы келді. Ой Аристотель-Птоломейден келе жатқан әлем түсінігін жан-жақты ой елегінен өткізген, ғаламға деген гелиоцентристік көзқарастың алғашқы жаршысы болды. Өз тұжырымдарында «Жерді қозғап, күнді тоқтатқан» Коперниктің қорытындыларын алдын ала болжап білді.
Кузанскийдің адам туралы ілімі гносеологиялық мәселелермен және адамның таным мүмкіндіктері сұрақтарының шешімімен тығыз байланысты. Адам жаратылысынан табиғатты танитын қабілетке ие болған микрокосм (микрокосм – адамның қоршаған ортаны бейнелеуі). Оның таным мүмкіндіктері құдайдікіне ұқсас, еркін шығармашылық ақыл арқылы жүзеге асады. Ақыл-дара, оған адамдардың әр түрлі дене құрылымдары себепші болады. Ақылдың үш түрі, үш түрлі қабілет: сезім (сезім мен елестетуден тұрады), естілік және ақыл-парасат болады.
Адамның таным қабілетінің бірі есебінде сезімдік танымды бөлектеу Кузанскийдің ақиқат шындықты (дүниені) тәжірибе жүзінде оқып, зерттеудің қажеттілігін теріске шығармағанының айғағы. Десек те, ол сезімдік танымды, керек десеңіз, жануарларға тиесілі ақылдың ең бір шектеулі түрі деп есептейді. Естілік сезімге сүйенеді. Өз деңгейінде адамның сезімдік танымы естің ажырату, реттей білу мүмкіндіктеріне бағындырылған. Кузанский естің қызметіне номиналистік баға береді: естің көмегімен алынатын абстракциялану (дерексіздену) нәтижесінде көп «атаулар» пайда болады. Демек, сезім де, ес те құдайды тануға қабілетсіз. Олар тек қана табиғатты танудың құралы бола алады. Әдістемелік құралы математика болатын адамның табиғатты тану мүмкіндіктеріне күмән келтірілмейді.
Парасат – адамның ең жоғарғы таным қабілеті. Оған Н. Кузанскийдің берген түсіндірмесінен платонизм мен интуитивизмнің бірнеше ерекшеліктерін көруге болады: «Парасат қысқартылған, шектелген жағдайда өз болмысында жоқ нәрселерді түсіне алмайды» [22. 115 б.]. Парасат аса маңызды сезімдік - естілік қызметтерден толық бөлектенген таным. Оны таза рухани мән есебінде құдайдың өзі жаратқан, ол жалпы ойлау қабілетіне иелігі арқылы шексіздік пен абсолюттік ортаға жақындайды, мәңгілік, бірқалыпты. Парасатқа сай шексіздік түсінігі оның қарама-қарсылықтар және олардың бірлігі түсінігін пайымдауына алып келеді. Естілік парасатқа сай «шексіз күштен алыс және шексіздіктен бөлектенген қайшылықты байланыстыра алмай сүрінеді» [22. 55 б.], осымен парасаттың естіліктен артықшылығы айқындалады.
Адамның негізгі таным мүмкіндіктерін және олардың өзара байланысын қарастыра отырып, Кузанский таным үдерісі қарама-қарсы жақтардың бірлігі, яғни танылатын табиғат пен Құдайды танудың мүмкін еместігі, сезім мен естің шектеулі қабілеттері мен парасаттың олардан жоғары тұратын мүмкіндіктері деген ойға келеді.
Н. Кузанскийдің көзқарастары философиядағы схоластикалық дәстүрді жеңу жолында үлкен маңыздылыққа қол жеткізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет