Қалас жамалов философия


Таным теориясы мен логика



бет47/62
Дата03.10.2022
өлшемі417,48 Kb.
#151479
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   62
Байланысты:
филос.учебн.
КИС 2-курс ОМ каз-конвертирован, Реферат на тему Разговорный стиль речи , Срсп9.Педзерттеу.М.Адилям
Таным теориясы мен логика. Маркс пен Энгельс философия тарихында таным теориясын материалистік тұрғыдан жете зерттеушілер болды. Өздеріне дейінгі басқа материалистер сияқты, идеалистерге қарама-қарсы, материалдық болмыстың жаратылмағаны мен біріншілігін мойындады, философияның негізгі сұрағы оның екінші жағын, әлемнің танымдығы туралы сұрақ та дұрыс, оң шешімін тапты. Барлық бұрынғы философиядан айырмашылығы – табиғат заңдары мен ойлау заңдарының диалектикалық бірлігі, сонымен қатар материализмнің шарттары бастау болды. Энгельстің пікірінше, егер жай берілген есебінде «сананы», «ойлауды» алдын ала болмысқа, табиғатқа қарама-қарсы қойып қарастыратын болсақ, онда болмыс заңдары мен табиғат заңдарының сәйкестігі мен теңдігі таңқаларлық және түсініксіз болып көрінуі мүмкін. Егер, сұрақты «ойлау мен сана дегеніміз не, олар қайдан пайда болады?», деп қоятын болсақ, онда біз олардың адам миының жемісі екенін және адамның өзінің де табиғаттың жемісі, белгілі бір ортада онымен бірге дамитындығын көреміз. Осыдан, қорыта келгенде, «табиғаттың жемісі болатын адам миының жетістігі табиғаттың басқа байланыстарына қарсы келмейді, керісінше, оған сәйкес келеді» [27.34-35 б.].
Марксизмнің негізін қалаушылар ойлау мен танымның ортасына өтілмейтін шекара тұрғызуға ұмтылған скептиктер мен агностиктерге батыл түрде қарсы шықты. Мысалы, Энгельс белгілі неміс физигі, дәйексіз материалист Гельмгольцті жаңа кантшылдық агностицизмге бет бұрғаны үшін сынға алды.
Гельмгольц құмырсқалардың ультракүлгін сәулелерге сезімталдығы ашылған фактіге сүйеніп, «құмырсқалар бұл сәулелерді көреді, ал адам оларды көрмейді», – деп кейбір құбылыстардың танылмайтынын дәлелдеген факт деп есептеді. Энгельс бұл сияқты Канттық мағынадағы қорытындыға келіспейді. Біріншіден, біздің көру мүмкіндігіміздің жеткіліксіздігі қарапайым қажеттілік: барлық сәулелерді көретін көз, атап айтқанда, еш нәрсені де көрмес еді. Екіншіден, біз көрінбейтін сәулелердің танымында құмырсқалардан әлдеқайда алға кеттік; демек біз, біз үшін көрінбейтін заттарды құмырсқалардың көретінін дәлелдей аламыз және мұның дәлелдеуі біздің көзіміздің қабылдауларына негізделеді; ал бұл адам көзінің арнайы құрылымы адам танымының шекарасы бола алмайтынын көрсетеді. Шынын айтқанда, біздің көзімізге тағы басқа сезімдер қосылып қана қоймайды, мәні үлкен аспаптар қызметіне сүйенетін біздің алғыр ойымыздың мүмкіндігі мол.
Марксизмнің таным теориясы – диалектикалық немесе диалектика дегеніміз марксизмнің таным теориясы деп айтуға болады. Субъективтік диалектика, таным диалектикасы өзіне сәйкес, салыстырмалы түрде объективтік әлемнің дамуын бейнелейді. Бірақ, біріншіден, бұл механикалық немесе айнадағы бейнелеу емес, екіншіден, Маркс пен Энгельс жалпы заңдар мен диалектика категорияларынан басқа, танымда өзіндік, қандай да бір болмасын материалдық ұқсастыққа қиюластыру мүмкін емес айрықша диалектикалық заңдылықтар және өзіндік түрлер жұмыс істейді деп есептеді. Акиқаттың танымы, демек объективтік әлемнің дұрыс бейнеленуі диалектикалық қайшылықты үдеріс болады.
Сонымен, абсолютгік ақиқатты ұғыну мүмкін бе? Сұрақ жауабы күрделі. Егер абсолюттік ақиқат деп барлық ғаламның толық танылымын түсінсек, онда бұған адамның да, адамзаттың да мүмкіндігі жоқ, күші келмейтіні орынды, шындық. Әлемнің көлденеңінен шекарасы жоқ, ішіне қарай – шексіз, сонымен қатар ол тоқтаусыз өзгерісте. Егер абсолюттік ақиқат деп объективтік ақиқатты, демек адам санасынан тәуелсіз өмір сүретін қандай да бір бөліктің, үзіндінің дұрыс бейнеленуін түсінсек, онда мұндай таным мүмкін. Энгельстің айтуынша, толық емес, жартылай салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқат арасында өтуге болмайтын шекара, қыр жоқ.
Абсолюттік ақиқат салыстырмалы ақиқаттардың шексіз жиынтығынан қалыптасады. Олар абсолюттік ақиқатка шексіз жақындағанымен, ешқашан да бір-біріне сәйкес келмейді.
Марксизм негізін қалаушылардың көзқарасынша, таным – диалектикалық үдеріс, ал ақиқат қатып қалған қорытынды емес, демек ол – абсолюттік ақиқаттың қомақты бөлігін қамтыған салыстырмалы ақиқатқа тоқтаусыз өту үдерісі. Таным салыстырмалы, бірақ оны жалаң шексіздікке апару дұрыс емес. Таным қайшылықты, салыстырмалы және абсолютті бастаулардың қарама-қарсылықтарының бірлігін көрсетеді.
Таным теориясының өте маңызды мәселесі – ақиқаттың белгісін негіздеп, дәлелдеу болады. Марксизм негізін қалаушылар бұл сұрақтың шешуін табуға ұмтылып, қоғамдық-тарихи практика тұжырымдамасын жете зерттеп, әзірлеп ұсынды. Одардың түсінігінде практика – бұл қоғамдық адамның материалдық және заттық-материалдық қызметі. Оның мазмұны табиғи және әлеуметтік объектілер мен құрылымдарды игеру мен қайта құру болады. Практиканың негізгі түрлері деп олар еңбек құрал-жабдықтары мен материалдық игіліктерді, саяси құрылым мен қоғамдық қатынастарды шынайы өзгерістерге алып келетін әлеуметтік қызметті, аспаптар мен қондырғыларды пайдаланатын ғылыми экспериментті есептейді.
Марксистер практика құрылымынан: қажеттілік және оның негізінде пайда болатын мақсат пен қызметтің себебін, мақсатқа лайықты қызметті, қолданылатын әдіс пен қол жеткізілетін нәтижені бөлектеді. Құндылыққа тікелей ие болған практика ақиқаттың ең жоғарғы белгісі болады.
Адам табиғатқа әсер ету арқылы оны өзгертеді, өмір сүру үшін жаңа жағдайлар жасайды. Осы практикалық қайта құру кезінде қоғамда көптеген, соның ішінде техникалық сұраныстар да пайда болады, ал бұл «ғылымды ондаған университеттерден артық алға жылжытады». [28. 174 б.] Осыған байланысты, практика марксизмде тек ақиқаттың белгісі ғана емес, айтарлықтай дәрежеде таным мақсатының қозғаушы күші де.
Маркстік философияның маңызды ерекшелігі – диалектиканың, логика мен таным теориясының бірлігі немесе барабар тепе-теңдігі. Олар диалектикалык логика деп бәрінен бұрын материалдық болмыс, адамзат тарихы мен танымының ең жалпы заңдарын түсінді. Марксизм жақтаушылары диалектика, таным теориясы мен логиканың барабар тепе-теңдігін абстрактілі емес, нақты түсінеді. Бұл құрамдас бөліктер абсолютті емес, тек басты, негізінен сәйкес келеді. Диалектика, бәрінен бұрын, жалпы әдістемелік қызмет атқарады; таным теориясы – гносеологиялық (ақиқат, оған қол жеткізу, өлшем мәселелері т.б.); логика – қисын қызметін атқарады, ой, парасатты танымның ережелерін, түрі мен заңдарын зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет