Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет30/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

Мегофакторларға
(мего – өте үлкен, жалпы деген мағынаны 
бiлдiредi) космос, планета, әлем және т.б. жатқызуға болады.
Космостың
Жер планетасындағы адамдар өміріне тигізетін әсері 
ертеден-ақ көптеген ойшылдарды ойландырып келген. Бүгінде 
бұл жаратылыстану ғылымдарында адамдар өмірінің космостық 
әсерлермен байланысы қарастырылып, есепке алынған. XX ғ. 
алғашқы үштігі, яғни орыстың әйгілі психиатры В. М. Бахтерев, гео-
физик П. П. Лазарев, биофизик А. Л. Чижевский әлеуметтік ортадағы 
қарым-қатынастың бізге берілетін әлемдік энергияның мөлшеріне 
байланысты екендігін айта келіп, «қоғамдық құбылыстардың 
геофизикалық және космостық құбылыстармен байланысын зерт-
теу, бізге адамзат қоғамының заңдарын ғылыми негізде зерттеуге 
мүмкіндік туғызады» – деді.
А. Л. Чижевский тарихи құбылыстардың топталу дәуiрі Күн 
әрекетінің максимум топталу кезеңіне сәйкес келеді дейді. Мысалы: 
Американың ашылуы, Англиядағы, Ресейдегі революция және т.б.
Бұл мәліметтер бізге космос әлеуметтендіру процесінің мегафакто-
ры ретінде әсер ететінін дәлелдейді.
Планета, әлем
– бұлар да әлеуметтендірудің мегафакторы. 
Планета – аспан денелерін білдіретін астрономиялық ұғым. Ең ірі 
планеталардың бірі болып табылатын Жерде тарихи даму процесінің 
нәтижесінде ондағы адамдардың әлеуметтік өмірінің әртүрлі форма-
лары қалыптасты.
Әлем
– біздің планетамыздағы адамдар қауымдастығының 
жиынтығын білдіретін әлеуметтік-саяси ұғым. «Планета» және 
«әлем» түсініктері бір-бірімен өзара байланысты және өзара тәуелді.
Әлемнің даму процесі планетаның жағдайына әсер етеді. Бұл 
әсерлер, әсіресе, XX ғасырда ауқымды планеталық-әлемдік пробле-
малар ретінде бұқаралық ақпарат, биліктегілер мен көпшілікті ойлан-
дыра бастады. Олар: экологиялық, экономикалық, демографиялық, 
әскери-саяси проблемалар. Бұл проблемалар жасөспірімдерді әлеу-
меттендіруде өз ықпалын тигізді. Мысалы, Жер шарындағы атомдық 
қаруды қолданудың қауіп тудыруы және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет