Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет33/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

Мезофактор
(мезо – орта, аралық деген мағынаны бiлдiредi) 

бұлар үлкен адамдар тобының әлеуметтенуге тигiзетiн әсерi. 
Әлеуметтендірудің мезофакторларына этнос, аймақ, халық жатады.
Этнос
– тұрақты мәдени ерекшеліктері бар, ұлттық сана мен 
мінезі, менталитеті бар тарихи қалыптасқан адамдар тобы. Мінез-
құлқы мен психикасының ерекшеліктері адамдардың этникалық 
болмысына сай екі құрамдас бөлімнен тұрады. Олар: биологиялық 
және әлеуметтік-мәдени. 
Биологиялық ерекшелік халықтың көптеген жылдар көлеміндегі 
өміріндегі жағдайлар нәтижесінде қалыптасады. Ғасырлар бойы 
халықтар белгілі бір ауа райына бейiмделедi, ауыл шаруашылығы-
ның белгілі бір түрін кәсіп етуге дағдыланады.


91
Этнос – ұлттық-тарихи, әлеуметтік-мәдени құбылыс. Ментали-
тет – белгілі бір табиғи-климаттық және тарихи-мәдени жағдайдағы 
адамдар тобына тән ұжымдық көзқарастарының деңгейі мен рухани 
байлығы. Этностың менталитеті қоршаған ортаны көре білу қабілеті 
мен қабылдай білу қабілетін анықтайды.
Ұлттық менталитеттің адамның әлеуметтену процесіне әсерi қай 
жағынан болсын өте жоғары. Әсіресе, ұлттық менталитеттің от-
басы тәрбиесіне әсері ерекше. Зерттеулер бойынша отбасы құруда
жастардың шешімінен бұрын ата-ана рұқсаты керек пе дегенде 
80% өзбектер керек деп жауап берсе, эстондықтардың 80%-ы керек 
емес деп жауап береді. Бұл ұлт менталитетінің бірдей ситуацияға 
көзқарасы мен оны қабылдай білу ерекшелігінiң бiрдей емес 
екендiгiн көрсетіп отыр. Менталитеттің тәрбиеге әсері де ерекше, әр 
ұлт өз ерекшелігі арқылы тәрбие мақсатын жүзеге асырады.
Адамның этникалық немесе ұлттық ерекшелігін оның тілі, 
мәдениеті анықтайды. Әрбір этнос өзіндік психикалық қабілет 
пен ұлттық мінездің жиынтығынан тұратын ерекше болмысқа 
ие. Ұлттық психология бойынша мамандар бұл ерекшеліктерді 
ұлттық мәдениет арасындағы ерекшелікпен байланыстырады: 
дәстүр ерекшелігімен байланысты қалыптасқан еңбек ету түрлері, 
отбасылық қолайлылық туралы көзқарастары, сұлулық туралы 
көзқарастары, отбасылық бақыт туралы көзқарастары, көңіл көтеру 
ерекшеліктері, мейірімділікті түсінуі және т.б. 
Этникалық ерекшеліктер туралы айтқан кезде жекелеген 
индивидтің ғана ұлттық мінез-құлқы мен сипатын емес, көптеген 
адамдар тобынан тұратын ұлттың бейнесін түсіну қажет. Ол 
ғасырлар бойы және мыңдаған жылдар көлемінде этнос өмір 
сүретін табиғаттың ауа райына, әлеуметтік болмысқа, дін мен 
басқа да жағдайларға байланысты қалыптасады. Бұл жағдайлардың
ерекшелік тереңдігі ұлттың ерекшелігіне қарай, оның әлеуметтік 
мінез-құлқы мен психологиялық ерекшеліктеріне қарай әртүрлі 
ықпал етуі мүмкін. 
Әр елдердегі этносты әлеуметтендірудің әртүрлі деңгейіндегі 
факторы ретінде қарастыруға болады. Халқының негізгі бөлігі бір 
ұлт өкілдерінен тұратын мемлекеттерге макрофакторлық сипат тән. 
Ал мемлекетте негізгі ұлттың саны азшылық болатын болса, ол 
микрофактор болады. Мысалы, Ресейде, Өзбекстанда сол секілді 
басқа да көп ұлтты мемлекеттердегі азшылық ұлттар көп ұлттардың 
ықпалында дамиды. Сонымен қатар, аз ұлттармен қарым-қатынас-


92
та саны жағынан басым болып отырған ұлттардың әлеуметтік 
қалыптасуына өзіндік ықпал етеді. Өз елінде өмір сүрсе де, олар өзге 
ұлттардың ықпалының бар екендігін сезінеді. 
Этностар арасындағы әлеуметтену процесін екі топқа бөлуге 
болады: виталды (өмірлік және биологиялық-физиологиялық 
ұқсастығы жағынан байланыстың болуы) және менталдық (түпкі 
рухани қасиеттерінің жақындығы).
Виталдықты әртүрлі жастағы адамдардың дене жағынан даму 
тәсілдері деп түсінген дұрыс. Бұл әртүрлі континенттегі адамдар-
дың мәдениеті мен өмір сүру дәстүрлеріне сай әртүрлі көрініс береді. 
Мысалы, Азия елдері халықтарына тән тәсіл – емізу арқылы баланың 
денсаулығын мықты етіп қалыптастыру болса, Еуропалықтар үшін 
бірнеше айдан соң-ақ баланы омыраудан ажыратын тастайды да 
қосалқы тамақтармен қоректендіріп, олардың дене жағынан әлсіз бо-
лып өсуіне алып келетін ерекшеліктерді қалыптастырады деп сипат-
тама береді ғалым Ф. А. Мустаева. Соған сай әр ұлттың тамақтану 
ерекшелігіне байланысты оны қорыту мен күш алу көздері әртүрлі 
қалыптасады. Қазақ халқы етті тамақтармен қоректенсе, кейбір 
халықтар үшін ондай тағамдар тым ауыр, сіңірімі қиын болып 
келеді. Соған байланысты әр ұлт өз іс-әрекетімен де ерекшеленеді. 
Сондықтан балуандар мен қара күш иелері қазақта аз болмаған. 
Адамның әлеуметтенуіне сол халықтың ғасырлар бойғы тарихы-
мен байланысты қалыптасқан ұлттық рухани болмысы мен мен-
талитетінің үлкен маңызы бар. Біздің қоғамда әрбір ұлттың, 
халықтың әлеуметтік ортасының спецификалық даму ерекшелігіне 
орай қалыптасқан өзіндік менталитеті бар. Әр ұлттың менталитеті 
балалық шақтан қалыптасады. Оның қалыптасуы балада отба-
сындағы өмірімен байланысты ана тілін меңгеру процесінен баста-
лады. Соның негізінде ұлттық құндылықтары, ұлттық ойлау жүйесі, 
мәдениеті мен өмірлік көзқарасы, дүниетанымы, әлемді танып білуі, 
өмірлік іс-әрекет ерекшелігі көрініс табады.
ХVІІІ ғасырда өмір сүрген француз философы К. А. Гельве-
ций өзінің «Адам, оның ақыл-қабілеті және тәрбиесі жайлы» деген 
еңбегінде: «Тәжірибе дәлелдегендей, халықтардың мінез-құлқы мен 
ақылы, олардың өкіметінің түр-сипатымен бірге өзгереді, әрқилы 
өкімет түрлері бір ұлттың мінезін кезекпен бірде көтеріңкі, бірде 
пәс, бірде тұрақты, бірде тұрақсыз, бірде батыр, бірде осал етеді. 
Олай болса адамдар не ешқандай мінезге бейімделіп тумайды, не-
месе тіпті қарама-қарсы бұрыс та дұрыс мінезбен туады. Сондықтан 


93
олар тек тәрбиенің жемісі», – деп жазды. Әрине, К. А. Гельвеций-
дің айтқандарын сол күйінде қабылдау қиын. Бірақ негізге алуға 
болады, – деп ой түйiндейдi ғалым Б. Кiшiбеков өзiнiң зерттеуiнде. 
Сондықтан К. А. Гельвецийдің айтқандарының кейбір жақтарын 
қазақ халқына да қолдануға болатындығын айта отырып, қазақ 
халқының мiнез-құлқының өзiндiк сипаттарын оның ғасырлар бойы 
көшпенді өмір сүру мәдениетінің нәтижесінде қалыптасқандығын 
баяндайды.
Ғалым Б. Кiшiбеков


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет