Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет31/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

Макрофактор
(макро – үлкен деген мағынаны бiлдiредi), оған 
ел, қоғамдық этнос, мемлекеттiң әлеуметтенуге әсерiн түсiнемiз. Ел 
– мәдени-географиялық феномен. Бұл географиялық жағдайы мен 
табиғи ерекшеліктері арқылы айқын ерекшеленетін, белгілі шекара-


88
сы бар территория. Ол мемлекеттік егемен немесе басқа елдің 
билігінде болуы мүмкін. Сонымен қатар, бір елдің құрамында 
бірнеше кішкентай мемлекеттер болуы мүмкін.
Табиғи-климаттық жағдай адамдардың өмірі мен әлеуметтенуіне 
тікелей және қосалқы әсер етеді. Географиялық және климаттық 
жағдай елдегі пайда болған қиыншылықтар мен қайшылықтарды 
жеңе білуге немесе жеңілділіктерге бейімделуге мәжбүр етеді.
Мишель Монтень: «адамдар өздері өмір сүретін ортаның кли-
матына байланысты азды-көпті жауынгер, азды-көпті ғылымға, 
өнерге бейімді болады», – деген. Географиялық жағдай мен ауа райы 
адамдардың орналасу тығыздығы мен баланың туылуына да әсер 
етеді. Мысалы, екі аралда өмір сүретін Куба мен Исландия елдерінің 
территория ауданы бірдей болғанымен, адамдар саны әртүрлі. Куба-
да адамдар саны Исландиялықтарға қарағанда 20 есе көп. Өйткенi 
климаттық жағдай елдегі адамдар денсаулығына да әсер етеді. 
Қоғам – саяси-әлеуметтік түсінік. Ол еліміздегі адамдардың 
өзара әлеуметтік қарым-қатынасының, отбасының құрылымының, 
әлеуметтік, жас ерекшеліктің, кәсіби және т.б. реалды топтардың 
жиынтығы арқылы сипатталады. Қоғамдағы саяси идеология мен 
заңдар, өмір сүру ережелері және т.б. әлеуметтендіруге үлкен ықпалын 
тигізіп отырады. Әрбір қоғамда әрбір жас ерекшелігі кезеңіне қарай 
адамдардың әлеуметтенуі үшін арнайы жағдайлар қалыптасады. Бұл 
жағдайлар қоғамның экономикалық, әлеуметтік-саяси және мәдени 
даму деңгейін анықтайды. Қоғамның экономикалық даму деңгейі бір 
жағынан оның тұрғындарының өмір сүру деңгейін, өмір сүру салтын 
және өмір сүру сапасын анықтаса, екінші жағынан, әрбір адамның 
өмірлік өмір сүру стилін жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. 
Қоғам қаншалықты экономикалық тұрғыдан дамыған болса, бұл 
мүмкіндіктер соншалықты жоғары болады. Оның үстіне әлеуметтену 
процесінде адамның дамуы үшін мүмкіндік қолайлы болмақ.
Мемлекет 
– саяси-құқықтық түсінік. Мемлекет – билік қызметте-
ріне ие болған қоғамның саяси буынының жүйесі. Ол қоғамды 
басқаруды жүзеге асыратын өзара байланысты мекемелер мен 
ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Мемлекетті де әлеуметтендірудің 
бір факторы деп қарастыруға болады. Өйткені оған халықтың, әрбір 
азаматтың дамуына және өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік жа-
сайтын саясат, идеялогия, экономикалық және әлеуметтік тәжірибе 
тән. Мемлекет өз халқымен мақсатты бағытталған әлеуметтендіру 
процесін жүзеге асырады.


89


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет