90
Мемлекет тікелей тәрбие беру мәселесін де жүзеге асыра-
ды. Өйткені «тәлім-тәрбие тұжырымдамалары» мен «білім беру
заңдары» және т.б. тәрбие мәселесіне қатысты құжаттар мемлекет
тарапынан қолдау тауып қаражатпен қамтамасыз етіліп, жүзеге
асырылып жатады. Мемлекеттік тәрбие жүйесі өзінің құрамына
көптеген тәрбиелік ұйымдарды қамтыған. Олар:
1. Әртүрлі типтегі оқу-тәрбие мекемелері (балабақша, жалпы
білім беретін және кәсіби мектептер, лицей, гимназия, колледждер,
курстар және т.б.);
2. Денсаулығы нашар балалар мен жасөспірімдер мекемелері;
3. Дарынды балалар мекемелері;
4. Әлеуметтік-мәдени және басқа да микроортадағы сауықтыру
жұмыстарымен айналысатын ұйымдар (жеке, топтық жұмыстар
және т.б.);
5. Бойында кемістігі бар балалар, яғни әлеуметтік және психика-
лық ауытқулар бойынан кездесетін балалар мен жасөспірімдерге
арналған мекемелер;
6. Балаларды қайта тәрбиелеу мәселесімен айналысатын меке-
мелер.
Мемлекеттің немесе елдің табиғи-климаттық жағдайы ондағы
өмір сүретін халықтың тұрмыс-тіршілігі мен өмірлік әрекеттеріне
едәуір ықпал етеді. Сонымен қатар ауа райы, яғни климат адамның
белсендігіне де әсер етеді. Географиялық жағдай адамдардың тығыз
орналасуына, бала туылуының санына, адамдардың денсаулығына
және т.б. өзіндік әсер етеді. Елдің, мемлекеттің географиялық шека-
расы, қандай мемлекеттермен көршілес орналасқандығы сол елдің
экономикасына, саяси және мәдени деңгейлеріне әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: