Ақпараттық қызмет.
Теледидардағы бағдарламалар, радио,
газеттердегі хабарлар және т.б. арқылы адам өзінің ақпараттық
әлемін қалыптастырады. Ол бір қалада тұратын адамдар үшін де
ерекшеленеді. Бұқаралық қарым-қатынас құралдары бейресми
білім беру жүйесін құрайды және білім беру мекемелеріндегі оқу
жүйесінен ерекшеленеді.
2.
Рекреативтік қызмет.
Бұқаралық қарым-қатынас құралдары
көп жағдайда топтық немесе жеке-дара адамдардың бос уақыттарын
қалай өткізетіндіктерін айқындайды. Бұл қызмет барлық адамдарды
күнделікті тұрмыстық күйбелеңнен біршама ауытқытып, сергітеді.
3.
Релаксациялық қызмет.
Қоршаған әлеуметтік ортамен немесе
басқа да өмір құбылыстарындағы қарым-қатынаста қиындық көріп
отырған жастар мен жасөспірімдер үшін бұл қызмет ерекше сипатқа
104
ие. Бұл жастағы балалар теледидармен, интернетпен жасаған қарым-
қатынасының нәтижесінде адамдармен қарым-қатынасын шектейді.
4.
Нормативтік қызмет.
Бұқаралық қарым-қатынас құралдарын
пайдалану барлық жас ерекшеліктеріндегі адамдардың белгілі бір
нормалар спектрін игеруіне ықпал етеді. Бұл қызмет жекелеген
адамда немесе үлкен адамдар тобында материалдық, моралдық
және әлеуметтік сұраныстың қалыптасуымен айқындалады. Бұрын
адамдар өздерінде бар материалдық және рухани құндылықтарымен
қанағаттанған болса, кең көлемдегі ақпарат көздерімен қарым-
қатынасқа түсу олардың сұраныстары мен қызығушылықтарын арт-
тыра түседі.
Мезофакторлардың жекелеген адамдарға әсері арқылы төртiншi
топ факторы анықталады. Оны
микрофактор
деп атаймыз (микро -
кiшi деген мағынаны бiлдiредi).
Әлеуметтендірудің микрофакторларына отбасы, тәрбие инсти-
туттары, құрдастар тобы, микроорта, ұйымдар (соның ішінде діни
ұйымдар да) жатады.
Отбасы – әлеуметтендірудің маңызды институты, өйткені ол
өмір сүрудің жеке ортасы мен туылғаннан өмірінің соңына
дейінгі тіршілігінде адамның дамуын анықтайды. Отбасының
әлеуметтік-экономикалық параметрі оның мүліктік сипатымен және
от басы мүшелерінің еңбекпен, оқумен айналысу ерекшелігімен
айқындалады. Ал отбасының әлеуметтік-мәдени параметрі отбасы
мүшелерінің білім деңгейлері мен қоғам өміріне қатысу деңгейлеріне
байланысты айқындалады. Отбасының техникалық-гигиеналық
параметрі өмір сүру жағдайларына байланысты айқындалады. Оған
тұрғын үйінің қажетті мүліктермен жабдықталуы, өмір сүру деңгейі,
отбасылық өмір сүру дәстүрінің гигиеналық ерекшелігі мен отбасы
құрамы кіреді. Ал демографиялық параметрі отбасы құрылымымен
айқындалады.
Бала өмірінің алғашқы жылдарында тұлғаның адамгершілік
болмысы мен өзіндік санасының және эмоционалдық әлемінің
қалыптасуында ата-аналық отбасы шешуші мәнге ие. Әсіресе,
жасөспірімдік жаста ата-аналардың көңілі баланың мектебіне,
құрбы-құрдастарына және де басқа құбылыстарға бөлінуіне байла-
нысты оның жеке басына көңіл бөлуі азаяды.
Тәрбие институттары
– нақтылы әлеуметтік-кәсіби құрылымға
немесе нақтылы жас аралығындағы адамдардың дамуы үшін
мақсатты да жоспарлы ұйымдастыру мақсатында қоғам мен мемле-
105
кет тарапынан арнайы ұйымдастырылған ұйым. Мұндай ұйым-
дардың басым бөлігі өскелең ұрпақты тәрбиелеу мақсатында
құрылады. Олар: қоғамдық-мемлекеттік, мемлекеттік, діни және
әртүрлі типтегі жекеменшік оқу-тәрбие мекемелері (мектепке дейінгі
білім беру мекемелері, жалпы білім беретін орта және профильдік
мектептер, лицейлер мен гимназиялар, колледждер мен курстар,
жоғары оқу орындары және т.б.); балалар мен жасөспірімдердің
қоғамдық-саяси және клубтық ұйымдары (тұрақты, маусымды
және уақытша); өскелең ұрпақтың әлеуметтік-мәдени және басқа
да сауықтыру жұмыстарының басқа да типтерімен шұғылданатын
ұйымдар, балаларды, жасөспірімдер мен жастарды қамқорлыққа
алудың жеке даралық және топтық ұйымдары, бойында әлеуметтік
ауытқуы бар балалармен жұмыс істейтін және оның алдын алу
жұмыстарын ұйымдастыру, балалар мінез-құлқындағы ауытқуларды
профилактика жасау мен қайта тәрбиелеу және реабилитациялау
мекемелері. Ересектерге арналған тәрбие институттарына шарт-
ты түрде партияларды, кәсіподақты, тұрғылықты мекенжайы-
на байланысты қызығушылықтарына, мамандықтары бойынша
біріккен әртүрлі бірлестіктерді, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-
педагогикалық, мәдени-спорттық кешендер, клубтық бірлестіктер
мен әлеуметтік қамқорлық және реабилитациялық мекемелер және
т.б. жатқызуға болады.
Қоғамның даму жағдайына, тұрғындардың әлеуметтік-эко-
номикалық және мәдени сұраныстарының артуына байланысты
тәрбие институттарының қызметі күрделене түсті және әлеуметтік
тәрбие процесіндегі рөлдері мен күйі өзгерді. Қоғам мен мемлекет-
тегі тәрбие институттарының жүйесі арқылы бір жағынан адамдар-
ды тәрбиедегі мүмкіндіктеріне бірдей жағдай туғызуды көздесе,
екіншіден, әрбір адамның өз мүмкіндігін дамыта түсуіне, өзінің
қызығушылығы мен сұранысын қанағаттандыруға жағдай туғызуға
талпыныс жасайды.
Адамды әлеуметтендіру процесінде тәрбие институттары екі
жақты рөл атқарады. Біріншіден, әлеуметтендірудің бір бөлігі
әлеуметтік-бақылаушы ретінде әлеуметтік-тәрбие берушілік
рөлді атқарса, екіншіден, кез келген қоғамның мүшесі ретінде
тәрбиеленушілер оларға стихиялы түрде ықпал етеді. Кез келген
тәрбие институтындағы адамдардың қарым-қатынас процесі кезінде
өзара ықпал болады, ол өзінің сипаты жағынан әлеуметтендіру
106
институтындағы ұйымдастырушылардың көзқарасы мен тәрбиелік
іс-шараның мақсатына сәйкес келмеуі мүмкін.
Құрдастар тобы да әлеуметтендірудің маңызды факторы бо-
лып табылады. Адам кез келген жаста өз құрдастарымен қарым-
қатынас жасауға мұқтаж болады. Кішкентай балалар да бір-бірі-
мен ойыншықтарын алмасу арқылы, бір-біріне қарап күлу арқылы
қарым-қатынас жасайды, мектепке дейінгі жастағы балаларда
қарым-қатынас жасау маңызды. Қарым-қатынастан шектелген бала
өзінің коммуникативтік дамуында өз құрдастарынан кешеуілдеп
қалады. Әйтсе де балалардың тілі ересектермен қарым-қатынас
арқылы дамиды, ал интуитивтік-коммуникативтік қабілеттері өз
құрдастарымен қарым-қатынас негізінде дамиды.
Балалардың қарым-қатынасқа деген мұқтаждығы жоғары бол-
ғанымен, шын мәніндегі достық пен бейресми бірлестіктер
жасөспірімдік жаста пайда болады. Бұл жаста бала өзін тұлға
ретінде сезіне бастайды, оның төңірегінде ойлана бастайды.
Өзіндік «Мен» концепциясы күрделене түседі. Өзіндік «Менін»
басқалар көзімен көргісі келген балада еліктеу басым болады.
Өзі сол топқа жатпайтын, бірақ сол бейнеге ұқсауға талпынатын
әрекеттер жасай бастайды.
Жасөспірімнің бейресми топ мүшелеріне еліктеуіне
қажеттілігінің себебі мынада болуы мүмкін:
– ақпараттың қызықтыруы. Отбасында, мектепте айтылмай-
тын ақпараттар жасөспірімдер тобы арасында айтылуы мүмкін.
Нақты айтқанда, бұл мәселе қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-
қатынастарға қатысты болуы мүмкін. Мұндай ақпараттардың
жасөспірімдер арасында қарастырылмауы немесе тым кеш
қарастырылуы олардың жыныстық жетілуінің кешеуілдеуіне
әкеліп соқтыруы мүмкін;
– қарым-қатынастың, эмоционалдық байланыстың қызықтыруы;
– лидерлік немесе керісінше арнайы топ мүшесі ретінде қарым-
қатынасқа енуге деген жеке қызығушылығын жүзеге асыру
мақсатының болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |