Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет4/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

Әлеуметтену процесi.
Әлеуметтену адамның әрбiр өмiрлiк 
кезеңдерiне қарай өзiндiк ерекшелiкпен жүзеге асырылады. Ол 
кезеңдер: балалық шақ, жастық шақ, ересектiк шақ, қарттық шақ. 
Әлеуметтену процесiн жүзеге асырудың маңызды институты ретiнде 
отбасы мен бiлiм беру мекемелерi ерекше маңызды рөл атқарады. 
Мектеп және мектепке дейiнгi жастағы балалардағы әлеуметтену 
әрекетiнiң мазмұны мен түрлерi бiрiздi өзгерiп отырады. Әлеуметтену 
процесi, әсiресе, жасөспiрiмдiк және жастық шақта айқын, өте 
қарқынды өтедi. Бұл кезде олардың қоғам талаптарына бейiмделуiне 
көпшiлiк ақпараттық құралдар, достары, бейресми ұйымдардағы 
жұмыстар, жастар арасындағы өзiндiк мәдениет, қарым-қатынас 
стильдерi әсер етедi. Ересек жастағы әлеуметтену процесi бiршама 
қиындық туғызады. Өйткенi бұл кезде тұлға дене және ақыл-ойы 
жағынан қалыптасып, өзiндiк көзқарасы мен өмiрлiк ұстанымдары 
тұрақталған болады. Қаншалықты талпыныс жасағанымен, бұрынғы 
әдетке айналып қалған әрекеттер мен дағдылар тұлға қалыптасуын 
кешеуiлдетедi. 
Әлеуметтену процесiн екiжақты сипатта қарастыруға болады: 
әлеуметтiк бейiмделу және әлеуметтiк интеграция. Әлеуметтiк 
бейiмделу – тұлғаның өмiр сүру ортасы болып табылатын әлеу-
меттендiру институтына, әлеуметтiк топтар мен мекемелерге, рөлдiк 
қызметтерге, тұрмыс жағдайларына бiртiндеп бейiмделуi арқылы 
іске асырылады. 
Мысалы, отбасындағы ерке өскен бала мектеп табалдырығын 
аттағаннан соң көп ұзамай әлеуметтік ортаның ықпалын бойына 
сіңірген қасиеттері арқылы байқата бастайды. Оған дәлел шолжаң 
да, тынымсыз баланың біртіндеп байсалды да өзгелер пікірімен са-
насуы оның болмысындағы өзгерісті аңғартады. Тіпті әлеуметтену 
институтының қызметкерлерінің өзі де ортаның рухани деңгейі мен 
талаптың қойылуына байланысты өзгеріске ұшырап отырады.
Тағы бір мысал, ерлі-зайыптылардың жыл өткен сайын 
көзқарастары өзгеріп, араларындағы қарым-қатынаста алшақтық 
байқала бастайды. Ал шындығына келгенде, олар бір-бірінің 
көзқарасы мен дүниетанымына дән риза және бір-бірін айт-
пай түсінісетін жағдайда болған секілді болып көрінген еді. 


19
Әйтсе де, екі адамның екі әлеуметтік ортада еңбек етуі, ондағы 
көзқарастар жиынтығы мен талаптың қойылуы олардың екі бағытта 
қалыптасуына ықпал етеді. Егер ерлі-зайыптылар арасында жүйелі 
ынтымақты қарым-қатынас орнап отырмаса, олардың көзқарастары 
екі түрлі болып шыға келеді. Сондықтан адам үнемі өз дамуы 
үстінде еңбектенуі қажет. Сонымен қатар, даму ортақ байланыста, 
ұқсастықта болуы үшін қарым-қатынастың орнауы маңызды.
Ал әлеуметтiк интеграция – бұл, тұлғаның саналы түрде iшкi 
рухани өмiрiн, өмiрлiк құндылықтары мен әлеуметтiк нормаларын 
байытып, жетiлдiруi. Саналы түрде қоғам талаптарына сай өмір сүру 
мен соған лайықты қалыптасуды өздігінен ұйымдастыруы немесе 
талпынуы болып табылады. 
Әлеуметтік оқу.
Әлеуметтену процесінде бала қоғам тура-
лы, қоғамдағы қарым-қатынас, мінез-құлық нормалары, т.б. ту-
ралы көптеген білімдерден хабардар болады. Сонымен бірге бала 
көптеген дағды мен қабілеттілікке ие болады. Бала 5 жасқа келгенде-
ақ біршама білім қорын жинақтайды. Ол ең алдымен бөлме ішіндегі 
қалыпты қарым-қатынас пен әрекет ету нормаларын меңгере бас-
тайды, яғни ол басын дыбыс шыққан жаққа қарай бұра бастай-
ды, еңбектейді, талпынады, адамдарды таниды, күледі және т.б. 
Біртіндеп, ол даланы, ауланы танып бастайды. Бала алғаш тiлi шығып 
сөйлей бастағанда өзiн қызықтыратып айналадағы құбылыстар сы-
рын бiлуге талпынып, көптеген сұрақтар қоя бастайды. Ол бәрiн де 
бiлгiсi келедi. Мұның өзi баланың өзi қоршаған ортамен байланысы 
арқылы әлеуметтенуге алғашқы қадамының басталғандығынан де-
рек бередi.
Әлеуметтік тәрбие
деп баланың немесе тұлғаның әлеуметте-
нуіне қажетті қоғамдық маңызды қасиеттерді қалыптастыруға 
мақсатты бағытталған процестi түсінеміз. Тұтас алғанда, тәрбие 
индивидті қоғамның бір мүшесі ретінде сипаттайтын жеке адамның 
қасиеттерін қалыптастыруға бағытталады. Әрбiр ата-ананың неме-
се тәрбиешiнiң бала тәрбиелеудегi әрекетi қоғамның талаптарынан 
келiп шығады. Осы тұста қазақ зиялыларының бiрi М. Жұмабаевтың
мынадай сөзi бар: «Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзiндей 
етiп тәрбиелеуге тырыспауы керек, олар баланы өзiнен да күштi етiп 
тәрбиелеуi тиiс. Өйткенi олардың заманы ата-аналарының өмiр сүрiп 
отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделi де талабы жоғары 
болатынын ұмытпағаны жөн».
В. В. Зеньковский «Әлеуметтiк тәрбие, оның мiндеттерi және


20
жолдары» деген кiтабында (1918 ж.): тәрбие уақыт сұранымына жа-
уап беруi, адамдардың қажеттiлiгiне бағытталуы, әрi жаңа өмiр сал-
тына адамдарды, дағдыларды, түсiнiктердi даярлауы тиiс. Мектеп 
әлеуметтiк мiндеттердi өзi шешетiндей жауапкершiлiктi алуы тиiс, 
тек бiлiмдi адамдарды даярлап қана қоймай, қоғамдық жұмысқа 
қабiлеттi адамдарды дайындауы керек деген ойды ұсынады. Сондай-
ақ, мектеп ақыл-ой бiлiмiнiң органы болып қана емес, әлеуметтiк 
прогрестiң шынайы құралы және жұртшылықтың жоғары идеалын 
насихаттаушы болуы керек, – дейдi.
Осы тұста Ю. Б. Рюриков өзінің «Мед и яд любви» деген 
кітабында жасөспірім жастағы балалардың сәтсіз махаббаттарын 
сипаттай келіп, бір ата-ананың хатынан үзінді келтіреді. Онда жа-
уапсыз махаббатының азабынан шыдай алмаған баланың өз-өзіне 
қол жұмсап, көз жұмған баланың отбасы туралы айтады. Сонда бала-
сынан айырылып қалған ата-ана балаларға мектепте тек білім беріп 
қана қоймай, өмір сүруге де үйрету керектігінің қажет екендігін
ескеріп, өмірлік сәтсіздіктеріне қалай тойтарыс беру керектігіне 
оларды дайындаудың қаншалықты қажет екендігін баяндайды. Оны-
мен тек мектеп мұғалімдері ғана емес, ата-аналар да айналысуы ке-
рек екендігін, тіпті осы мақсатта бірігіп еңбек етуді ұсынады.
Шындығында, мектеп қабырғасында жүргенде кілең бестікке 
оқитын кейбір балалар өмірде икемсіз, қарым-қатынаста тіл табы-
сып кетуі қиын болады. Нәтижеде сабақ үлгерімі мен тәртібі сынып-
тастарымен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болғанымен, өмірде 
өз орнын таппай жататындар да кездеседі. Керісінше, білім алу-
да артта қалып жүрген балалар қоршаған ортада қарым-қатынасы 
жақсы болып, әлеуметтенуі жеңіл, өмірде орнын оңай тауып жатады. 
Сондықтан бала тәрбиесін ұйымдастыруда қоғамның талабын 
міндетті түрде ескеріп отыру маңызды. Ол тек білім мазмұнын 
меңгерумен ғана шектелмей, өмірдің барлық жағдайларында жол 
таба білу дағдыларын қалыптастыруды қамтуы тиіс.
Әлеуметтiк тәрбиенiң мiндеттерi өте ертеден айқындалған. Пла-
тон «Мемлекет» атты еңбегiнде қоғамдық өмiрдiң идеалын жасап, 
тәрбие жоспарын белгiлеп, әлеуметтiк қабiлеттi дамыту қажеттiлiгiн 
негiздедi. Платон идеялары XIX ғасырдың соңына қарай өз бағасына 
ие бола бастады. XIX ғасыр педагогикада индивидуализм идеясының 
арнасында айрықшаланды, өйткенi ол адамның жалпы бiр идеа-
лын құруға, бiлiм берудiң жалпы жоспарын жасауға бағытталған 
педагогикалық ой-пiкiрмен күрестi. Педагогикалық ойдың дамуы


21
кез келген бағдарлама бала тұлғасына бейiмделуi тиiс деген ойға 
жетелейдi. 
Педагогикадағы индивидуалистiк ағым алуан түрлi педагогикалық 
бағыттарға ықпалын тигiздi. Педагогикалық бағыттардың бiрi – 
әлеуметтiк педагогиканың Францияда, Германияда; АҚШ-та кеңiнен 
таралуы баланың қайталанған даралығына ерекше мән берiлуiне се-
беп болды.
Педагогикалық іс-әрекет
– бұл оқушылардың жеке басының да-
муы үшін оқыту мен тәрбиені әлеуметтік-мәдени тәжірибе арқылы 
беруге бағытталған кәсіби әрекеттің бір түрі. Кәсіби педагогикалық 
іс-әрекет мектепке дейінгі мекемелердегі қызметкерлер, мұғалімдер, 
кәсіби оқу орнындағы оқытушылар және т.б. арқылы баланың 
әлеуметтенуіне педагогикалық іс-әрекет негізінде жүзеге асырыла-
ды.
Ал, 
әлеуметтік-педагогикалық iс-әрекет
– бұл баланың 
әлеуметтенуiне, әлеуметтiк-мәдени тәжірибені меңгеруі мен 
қоғамда өз идеясын жүзеге асыруға қабілетті болуына көмектесуге 
бағытталған кәсіби әрекеттің бір түрі. Оны әртүрлі білім беру 
мекемелеріндегі әлеуметтік педагогтар жүзеге асырады. Әлеуметтік-
педагогикалық іс-әрекет қашанда нақтылы бір балаға бағытталып, 
оны шешу проблемасы жеке дара болып табылады. Онда баланы 
қоршаған ортасының немесе қоғамының интеграциялық ерекшелігі, 
балаға көмек көрсету бағдарламасы ескеріледі.
Кәсіби әрекет түрлерін бір-бірімен салыстырмалы түрде 
төмендегі кестеден көрсетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет